Новости

Новости

18 сентября 2024 года в рамках акции «Бір ел – бір кітап» Областная детская библиотека имени Н.Байганина провела литературный вечер «Балалыққа саяхат жасаған қаламгер», посвященный творчеству Бердибека Сокпакбаева.

В ходе мероприятия гостьи вечера, учителя казахского языка и литературы, Д.Б.Муханбедиярова и К.О.Шугурова с особым трепетом рассказали о жизни и творчестве детского писателя, сумевшего взрастить целое поколение читателей в духе добродетели и нравственности, а участники вечера смогли ответить на вопросы викторины,  проанализировать и дать оценку произведениям Б.Сокпакбаева.

   Вниманию читателей была представлена книжная выставка «Шынайы азамат, шынайы жазушы».

12

2024 жылдың 18 қыркүйек күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Бір ел – бір кітап» жобасы аясында Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған   «Балалыққа саяхат жасаған қаламгер» атты әдеби кеш өткізді.

Кеш барысында шара қонақтары қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Д.Б.Мұханбедиярова мен К.О.Шугурова балалар әдебиеті сынды балғын әлемнің тереңіне бойлап, оқырмандарын жақсылыққа қайрай білген жалынды жазушының өмірі мен шынайы шығармаларына терең тоқталса, оқырмандар өз ойларын білдіріп, тапсырмалар орындау арқылы білімдерін жетілдіре түсті.

         Ұ.Құлымбетов атындағы №64 орта мектептің 6 класс оқушылары жазушының «Менің атым Қожа» шығармасынан сахналық қойылым көрсетіп,  қазақ баласының сыпайы да сотқар қылығы, сынық мінезімен қатар еркін ойлы, креативті бала екендігін жеткізді.

Оқырмандар назарына  «Шынайы азамат, шыншыл жазушы» атты кітап көрмесі ұсынылды.

12

2024 жылдың 12 қыркүйек күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар  кітапханасы № 62  жалпы білім беретін орта мектебінде «Шешен сөздің шебері Әйтеке» тәрбие сағатын өткізді. Шара барысында бейне фильм көрсетіліп, қазақ тарихындағы Әйтеке бидің орнын келешек ұрпақтың санасына сіңіріп, тағзым етілді.

Оқырмандар Әйтеке бидің  кісілік, адамгершілік,  туысқандыққа бағытталған даналық сөздерін жатқа айтып, сұрақтарға жауап беріп, нақыл сөздерін талдап, өзара сайысқа түсті.

    Оқырмандар назарына «Даланың дархан данасы» кітап көрмесі ұсынылды.

раздва

2024 жылы  6  қыркүйек  күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Шаңырақ» отбасылық оқу клубының отырысын Отбасы күніне орай  «Әке – тірек, Ана – жүрек, Бала – тілек» тақырыбында пікірлесу  өткізді.

 Шараға  № 6 Ғ.Ақтаев атындағы мектеп–гимназиясының 3 класс оқушылары мен клуб мүшелері қатысты.

Оқырмандарға отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата-анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру туралы насихат берілді. Бала тәрбиесіндегі ата-бабамыздан сіңіріп келе жатқан басты қағидаттары слайд арқылы көрсетілді.

Сергіту сәтінде балалар «Білімдіге дүние жарық» ойынында  өздерінің  білімді екендерін көрсете білді.

«Бақытты отбасы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді. 

12

2024 жылғы 28 тамыз күні Конситутция күніне орай «Кәмпит» жазғы демалыс лагерінде «Ата Заңым – Тәуелсіз Таң, нұрлы үміт» айстоппер өткізілді.
Ата заңымызды құрметтеуге бағытталған шарада еліміздің басты құжаты Ата Заң туралы ақпараттар берілді.
Оқырмандар назарына «Ата заңым- Әділетті тұғырым» кітап көрмесі ұсынылып, конституция туралы викториналық сұрақтарға жауап берді.

23a10b6f 3e65 472c 8d10 08ac174789ae1648cfc2 c30d 499b bdcd cbca15a733c2

 

2024 жылғы  22 тамыз күні  №49 «Думан» балабақшасының «Ақбота» және «Күнбағыс» мектепалды даярлық топтарының балаларының қатысуымен  «Пайдалы демалыс – сүйікті кітаптарды оқимыз» жазғы оқу жобасы  аясында шара өткізілді. Жас бүлдіршін оқырмандарымыз кітапхана ережелерімен танысты.

 Шарада  «Есте сақта, балақай!» сергіту сәтінде кітаптардың түсін айыру арқылы, қай ертегілердің қандай қітапта екенін таба білді, сонымен бірге  интерактивті қуыршақ  театры қойылымнан үзінділер көрсетілді.

3eae9ac3 16ae 494e ace4 4b04abc483bcb604eb89 7807 41cc 98e4 fb6c31bc517d

Пайдалы сілтемелер