Арман.Жігер.Жетістік
2024 жылғы 16 мамыр күні «АРМАН. ЖІГЕР. ЖЕТІСТІК» жобасы аясында «Талантымен танылғандар» тақырыбында кездесу кешін өткізді.
- Подробности
- 15
Шараға Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының актрисасы, «Құрмет» орденінің иегері, Мәдениет саласының үздігі, театр анасы Шалқия Ауғанбайқызы Бақытжанова, «Алақай» қуыршақ театрының актері Әбжет Еламан Манарбекұлы және «Айсын» балалар радиожурналистика мектебінің оқушысы Еркеназ Асхатқызы Калиева қатысты.
Сұхбат барысында қонақтар өздерінің өнерге қалай келгендігін және сахна сыртындағы қызықтар туралы оқырмандармен бөлісе отырып, театр өнерінің қоғамдық-мәдени маңызын түсіндірді.
Мәдениеттің алғашқы мектебі – қуыршақ театрының актері Еламан Манарбекұлы кішкентай көрерменнің көз алдында әлемді сиқырға айналдырып жіберетін қуыр¬шақ жүргізу өнері¬нің қыр-сы¬¬рымен бөлісті.
Еркеназ Калиева балаларға арналған «Айсын» радиосының жұмысы, көркемсөз оқу өнерінде жеткен жетістіктері туралы баяндап, оқушыларды кітап оқуға шақырды.
Өнер саласына қызығушылық танытқан оқушылар өз көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алып, пікірлерімен бөлісті.
Оқырмандар назарына «Өнер ізгілікке үндейді» кітап көрмесі ұсынылды.
2024 жылғы 10 сәуір күні «АРМАН. ЖІГЕР. ЖЕТІСТІК» жобасы аясында «Қолөнер – сырлы өнер» атты қолөнершілермен сыр-сұхбат өткізілді.
- Подробности
- 19
Шара қонақтары №57 орта мектебінің еңбек және технология пәні мұғалімі Асанғали Базарғалиұлы Жанпейісов пен Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Сандыбай Санат Өтепбергенұлы адам өмірінде өзіне ыңғайлы, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, еліне, халқына пайдасы берекелі болатындығы туралы және адамдарға рухани ләззат әкелетін өнердің бұрынғы келбетін бүгінгі күнге табиғи етіп жаңартып, келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыруды, ұлттық өнер мұраларын сақтап, сұрыптап, ұлттық мәдениетімізді қолданбалы сәндік қолөнермен өркендетудің маңыздылығы туралы терең әңгіме қозғады.
Оқырмандарда өз ойларымен бөлісіп, адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алатынына көз жеткізді.
2023 жылғы 30 наурыз күні ҚР-сы Жазушылар және журналистер Одағының мүшесі, өнер зерттеушісі, білім және мәдениет саласының ардагері, ҚР Педагогикалық Ғылымдар Академиясының акедемигі Нұрлыбек Қалауовтың 70 жасқа толуына арналған «Сөз – Құдірет, Жыр –
- Подробности
- 26

Шара қонақтары филология ғылымдарының докторы Жұбаназар Асанов пен ақынның досы. әнші, сырнайшы, ұлағатты ұстаз Мұқан Сатыбаев ақынның өзіндік дүниетанымы, даралығы туралы әңгімеледі.
«Желкен» әдеби клубының мүшелері Н.Қалауовтың өлендерін жатқа оқыды.
«Жүрегі шуақ, жаны жыр» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізіліп, ақынның өмірі және шығармашылығы терең таныстырылды.
Шараға №6, № 75 жалпы білім беретін мектептері, М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты, Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің оқушылары белсене қатысты.
2023 жылғы 4 мамырында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Кітап. Тұлға. Рух.» жобасы аясында Ақтөбе облысы грек-рим, еркін күрес Федерациясының Вице-Президенті Алмас Жұмағалиев және әлем чемпионы Хамза Алмасұлы Төреханмен «Өрісті
- Подробности
- 26

Шараға «Айсын» балалар радиосының шәкірттері мен жас спортшылар, «Атамекен» өлкетану клубының мүшелері белсене қатысты.
Шара қонағы Алмас Төреханұлы жас ұрпақтың рухани байлығын көтеру, адамның тұлға болып қалыптасуында кітаптың маңызы үлкен екендігін, сондай-ақ, оқыған кітабыңдағы айтулы кейіпкерге еліктеудің өзі, тіпті автордың өзі сияқты тұлға болуға құлшыну ой-санаңды өсіріп, жақсыға үйретіп, жаманнан жирендіретінін тілге тиек етті. Өзінің және ұлы Хамзаның спортқа келуі мен жетістіктерін айта отырып, адам өмірінде спорттың маңыздылығын да айтып балаларды салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Өз кезегінде Хамза спорт арқылы күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамытудың үлгісін көрсетті.
«Спорт- салауатты өмір бастауы» кітап көрмесі ұсынылды.
