Новости

Новости

2024  жылғы  6 маусым күні  «Кітап фестивалі - 2024» шарасы аясында «Біз бақытты баламыз еркелеген, Тыңдап өсейік, ән мен күй, ертегі, өлең!»  айдарымен өтті.

 Шара ақын, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының Ақтөбе облыстық филиалы директорының орынбасары  Гүлімай Әбішқызы құттықтау сөзімен ашылды.

         «Айсын» радиожурналистика мектебінің оқушылары «Балалар ақыны – болашақ  ұрпақтың ұстазы»  Гүлімай Әбішқызының жырларын жатқа оқыды.

Кітапхананың белсенді оқырмандары «Біз бақытты баламыз еркелеген, Тыңдап өсейік, ән мен күй, ертегі, өлең!»  атты  әдеби косплейін  ұсынды.

«Капоэйра» афро-бразилиялық жекпе-жек өнері үйірмесінің жаттықтырушысы Ерлан Қабылбайұлы Білісбаев өз шәкірттерімен бірге өнер көрсетті

         Жас қаламгерлер  Айбат Бек, Әбуов Азамат, Наурызалина Злиқа, Мұханов Жаңажол, Шынберген Аяжан, Жанкеева Жанерке, Махамбет Аян, Көпбергенов Айсұлтан қатысуымен «Жас талант - жаңа тыныс» атты жыр-пати өткізіліп, әрі қарай «Желкен» әдеби клубының мүшелері, кітапхананың өнерлі оқырмандарымен «Арманы биік балалар» әдеби-сазды бағдарламасымен өз жалғасын тапты.

Сонымен қатар  «Өлең – менің өзім және мекенім...» ақын,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Гүлжайнар Қалдинамен  кездесу кеші өткізіліп, оқырмандар еркін сұқбаттасты. Ақтөбе гуманитарлық және көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің студенттері ақынның шығармаларынан жыр шашып, ақын мен оқырмандар «қайым» айтысында сөз жарыстырды.

«Балалар әлемі – өзгеше әлем» ойын алаңында «Менің сүйікті кітабым», «Кім жылдам?» «Ойлы болсаң, озып көр» ойындар ойнатылып, «Ертегілер әлемінде»  атты кітап көрмесі ұсынылды.

182a005f 8054 4eb0 9384 cca25c18f9c1bf63543e 4b5e 4b55 97a4 13bb4ce2b64a

4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні. Осыған орай Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» атты патриоттық сағат өткізілді. Оған №15 Жидек балабақшасының бүлдіршіндері қатысты. Шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен ашылды. Балаларға рәміздер туралы ақпарат беріліп, сұрақ-жауап ойыны ойнатылды. Кішкентай бүлдіршіндеріміз тақпақ айтып, «Біз Отанның бөбегі!» әнін хормен орындады. «Рәміздер – елімнің мақтанышы» кітап көрмесі ұсынылып, бүлдіршіндерге таныстырылды.

09826621 d0bb 4afe bba4 456b43047d62bd7f9d9a d145 412f ad91 f7aebad4ddc4

         2024 жылғы 30 мамыр күні Н.Байғанин  атындағы облыстық балалар кітапханасы  саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған   «Жаралы жылдар» тағзым кешін өткізді.

          Мақсаты: Азаттық жолында және қуғын-сүргін қасіретінен құрбан болған бабаларымызды еске алу, рухына тағзым ету. Өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, оқырмандарға кітап арқылы тарихи шындықты жеткізу.

           Шара қонақтары облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, облыстық «Қазақ тілі қоғамының» төрағасы Рахиев Роман Рахиұлы, "Өрлеу" біліктілкті арттыру ұлттық орталығының филиалы Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институты кітапханасының бас маманы Ермекова Нұргүл Нұрдәулетқызы, М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар бөлімінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Бекет Айсұлтан зұлмат жылдардың  жаңғырығы мен  ұлт басына түскен қасіретті кезең туралы терең әңгіме қозғап, өткенді ескермей болашақты құру мүмкін еместігін айтып, зобалаң жылдарды бүгінгі ұрпақтың санасына ұялатты.

Шараға М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының оқу тыңдаушылары, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.

          Оқырмандар назарыңа «Саясат құрбандары – қасірет куәгерлері» кітап көрмесі ұсынылды.

cffce15f 235c 471c be1a 77bfb707ba75d639bd9e 8092 4a87 8908 be835a52cc18

2024 жылғы 22 мамыр күні Халық ақыны Нұрпейіс Байғанин шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Нұрпейіс атты дауыл – жыр!» облыстық байқауы  қорытындыланды.

Байқау «Байғанин шығармасына иллюстрация» және «Байғанин оқулары» номинациялары бойынша өткізілді. «Байғанин шығармасына иллюстрация» номинациясы бойынша 35 бала қатысса, «Байғанин оқулары» номинациясы бойынша 14 бала бақ сынады.

Байқауға №9 орта мектеп гимназиясының көркем еңбек және өнер пәнінің мұғалімі Идрисов Аслан Куаншкалиевич, қалалық көркемсурет мектебінің тәрбие жөніндегі орынбасары Малышева Елена Николаевна, «Едіге» жыр мектебінің жетекшісі  Әділбек Сарин, Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының әдіскері Айзада Дүйсенбаева, «Айсын» радиожурналистика мектебінің жетекшісі Айсын Байтақова қазылық етіп, жеңімпаздарды анықтады.

Кеңес қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

 «Байғанин шығармасына иллюстрация» номинациясы бойынша:

1-орын – Әділбек Камар – Ойыл ауданы

2 орын – Нұрлан Адина – Шалқар ауданы

Есенғали Аймерей – Хромтау ауданы

3 орын –Ұлықпан Ақерке - Темір ауданы

Джолдасбаева Асель - Мәртөк ауданы

«Байғанин оқулары» номинациясы бойынша:

1-орын – Шайқы Жанбөпе - Темір ауданы;

2 орын – Қуанаева Айсезім - Ойыл ауданы;

Аманғалиев Ернар - Шалқар ауданы;

3 орын – Қабиболла Інжу - Алға ауданы;

Бұқарбай Әлихан - Мұғалжар ауданы.

Сонымен қатар ынталандыру сыйлықтары табысталды.

1619a4cb 98d9 44f7 8e64 5778ce5f671960cbc192 0f35 49ad aaa8 01c81d7c627f

2024 жылғы  21  мамырда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығымен бірлесе 312 атқыштар бригадасы дивизиясы мен 101 атқыштар бригадасының құрметіне арналған Зеңбірек ескерткіш-белгісінің жанында Ақтөбе қаласының 155 жыл толуына арналған «Абыз дала, аңыз дала – Ақтөбе»  әдеби-сазды кешін ұйымдастырды.

            Шара қонағы Қазақстанның Құрметті азаматы, Мәдениет саласының үздігі, Жазушылар одағының мүшесі, ақын, сазгер, аудармашы,журналист, Гүлсамал Төрединқызы Аймаханова талай тарихи тұлғалар шыққан, бірлігі мен ынтымағы жарасқан Ақтөбе қаласы туралы және күн сайын өсіп өркендеп келе жатқан құтты мекен Ақтөбе  қаласының жылдар белесіндегі  сан қырлы өзгерістерін мақтанышпен айтып, мерекемен құттықтады.

"Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы" өнерпаздары мен «Қазанғап атындағы өнер мектебінің,  № 48 мектептің жыр сүйер оқырмандары  «Ару қалам Ақтөбем»  атты әдеби-сазды бағдарлама ұсынды.

Қатысушылар назарына «Өсе бер, өркендей бер, құтты мекен- Ақтөбе»  атты кітап көрмесі ұсынылып, жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары насихатталды.

23

2024 жылғы 16 мамыр күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы «АРМАН. ЖІГЕР. ЖЕТІСТІК» жобасы аясында «Талантымен танылғандар»  тақырыбында кездесу кешін өткізді.

Шараға Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының актрисасы, «Құрмет» орденінің иегері, Мәдениет саласының үздігі, театр анасы Шалқия Ауғанбайқызы Бақытжанова, «Алақай» қуыршақ театрының актері Әбжет Еламан Манарбекұлы және «Айсын» балалар радиожурналистика мектебінің оқушысы Еркеназ Асхатқызы Калиева қатысты.

        Сұхбат барысында қонақтар өздерінің өнерге қалай келгендігін және сахна сыртындағы қызықтар туралы оқырмандармен бөлісе отырып, театр өнерінің қоғамдық-мәдени маңызын түсіндірді.

Мәдениеттің алғашқы мектебі – қуыршақ театрының актері Еламан Манарбекұлы кішкентай көрерменнің көз алдында әлемді сиқырға айналдырып жіберетін қуыр­шақ жүргізу өнері­нің қыр-сы­­рымен бөлісті.

Еркеназ Калиева балаларға арналған «Айсын» радиосының жұмысы, көркемсөз оқу өнерінде жеткен жетістіктері туралы баяндап, оқушыларды кітап оқуға шақырды.  

 Өнер саласына қызығушылық танытқан оқушылар өз көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алып, пікірлерімен бөлісті.

         Оқырмандар назарына «Өнер ізгілікке үндейді» кітап көрмесі ұсынылды.

8c1e3d32 77e4 43b5 bd3d 2e8519325997a0d85b85 a694 4683 87cf eab2c8d86e5d