Оқы, ақтөбелік өренім!

Оқы, ақтөбелік өренім!

2024 жылғы  11  қазан күні  М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінде «Оқы, Ақтөбелік өренім!» облыстық оқу марафоны аясында жазушы Тобық Жармағамбетовтың туғанына 90 жыл толуына орай әдеби танымдық кеш өткізілді.
       Шара барысында Тобық Жармағамбетов туралы естеліктер айтылып жазушының шығармалары насихатталды.

Оқырмандар назарына «Биік тұғырдағы талант» атты кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды.

 

333333

Оқу марафонының ашылуы ZOOM платформасында балалар кітапханалары арасында өткізілді. Сонымен қатар, жазушының өмірі мен шығармашылығынан бейнешолу көрсетілді.

Оқу марафоны Байғанин ауданынан басталып, жыл бойы аудандық балалар кітапханаларда Тобық Жармағамбетов шығармашылығы кеңінен насихатталады.

Тобық Жармағамбетовтің шығармашылығына арналған «Биік тұғырдағы талант» атты кітап көрмесіне  библиографиялық шолу жасалып талантты қалам иесі Тобық Жармағамбетовтің  шынайы шыңдықпен нәрленген нәзік мұң, сәулелі романтикаға толы   шығармалары насихатталды.

Шараға Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының «Әдебиет» бөлімінің меңгерушусі Алтынай Рахымқызы Рахымова мен М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күнсұлу Қуандыққызы Жаңабаева қатысып, қазақтың  жауынгерлік  рухын  әлемге  паш еткен, сол  ерлікті   қарымды  қаламының  ұшымен  ақ  қағазға айғақтаған,  әдебиетіміздің   тарихында айтарлықтай   із  қалдырған  Тахауи  Ахтанов  шығармалары  ескірмей,  бүгінгі  өмірмен ұштасып, өзіндік үн қосып,  егеменді  ел үшін қызмет етуде екендігін жеткізді.

«Желкен» әдеби клубының мүшелері Т.Ахтановқа арналған өлеңдерді оқып, оқыған шығармаларының әсерімен бөлісті.

Биылғы «Оқы, Ақтөбелік өренім!» облыстық оқу марафоны жазушы, драматург Тахауи Ахтановтың 100 жылдығына арналады. Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университетінің тілдер кафедрасының оқытушысы Рита Рахманқызы Жұмағалиева Тахауи Ахтановтың тіршілік баяны бар ғұмыр жолын, еткен еңбегі мен жеткен биігі, шығармашылығы туралы баяндап берді. Жыл бойы аудандық кітапханаларда Тахауи Ахтанов шығармашылығы кеңінен насихатталады.Оқу марафонының қорытынды шарасы 2023 жылғы қазан айында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында ұйымдастырылады.