Кітапхана тарихы

Ақтөбе  облыстық   балалар  кітапханасы  1960  жылы  ашылып, сол жылы ақтөбелік ақын, жыршы Нұрпейіс  Байғанин  есімі  берілді.  

Ақтөбе облыстық Н.Байғанин атындағы балалар кітапханасының қорында 100 мың данада баспа құжаттары, соның ішінде 40 мың дана мемлекеттік тілдегі басылымдар құрайды.

Кітапханада көркем классикалық әдебиеттер, танымдық энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар жинақталған.

Кітапхана жұмысының негізгі бағыты – әр оқырманның білім алып, интеллектуалды дамуы үшін ақпаратқа ашық қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Балалардың рухани дүниетанымын қалыптастыруда кітапхана өлкетану, патриоттық тәрбие, тарих, экология, салауатты өмір салты, құқықтық тәрбие, кәсіптік бағдар беруде, әлемдік мәдениетті танып білу бағыттарында нәтижелі жұмыстар атқарып келеді.

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне ықпал ету мақсатында  төменгі  сынып  оқушыларына арналған  «Жасыл әлем» экологиялық,  «Умники и умницы» қызығушылық,  жоғары сынып  оқушыларына  арналған «Атамекен» өлкетану-патриоттық,  «Желкен» әдеби, «Позитив» салауаттылық, «Шаңырақ»  отбасылық оқу  клубтары жұмыс жүргізеді. Клубтардың мүшелері жоспарға сәйкес бас қосады. Әрбір отырыста Ақтөбе облысына белгілі танымал адамдармен жүздесіп, ақын-жазушылар және тарихи тұлғалардың шығармашылығымен танысады.

Балалар кітапханасын заманауи компьютерлік құрал-жабдықтармен жасақтап, оқырмандарға қолайлы орта ұйымдастыруда көптеген жұмыстар жүргізілді. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда кітапханаға «Web-РАБИС» бағдарламасы қондырылып, электронды каталог құрылды. Кітапхана қорын сандық форматқа көшіру мақсатында кәсіби «ЭЛАР Скан А2» сканері сатып алынды.

Балалардың оқу мәдениетін қалыптастырып, кітап оқуға тарту мақсатында көптеген жобалар жүзеге асырылды. «Байғанин оқулары», «Оқы, ақтөбелік өренім!», «Кітап. Тұлға. Рух», «Жанға жағымды кітап оқу», «Мейірімділік және қамқорлық»  жобалары  оқырмандардың  рухани дамуына көптеген мүмкіндіктер берді.