Новости
«Адал жүріп, адал тұр!»
- Подробности
- 10

«Оқитын дос іздеймін!» жобасы аясында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 5 және 6 класс оқушыларымен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған «Адал жүріп, адал тұр!» атты танымдық-ақпараттық сағатын өткізді.
Шара барысында өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге жас буынның рухани болмысын бекітудің маңыздылығы және қоғамға адалдық - адамның өзіне, өзгеге, болашаққа деген сенімін арттыра түсетіні туралы айтылып, кітап оқуға шақырылды.
Оқырмандар назарына «Адал еңбек еткенге бақыт басын иеді» тақырыбында кітап көрмесі ұсынылып, қоғамдағы адалдық пен жемқорлық туралы әлеуметтік бейнебаян көрсетілді. Белсенді оқырмандар «Оятқыш» атты сергіту ойынында адалдық туралы мақал-мәтелдер айтып, ситуациялық тапсырмаларды орындап, көзге түсті.
«Менің болашағым жарқын»
- Подробности
- 12

«АРМАН. ЖІГЕР. ЖЕТІСТІК» жобасы аясында «Менің болашағым жарқын» атты белсенді жастармен кездесу кешін өткізді.
Еліміздің келешегі белсенді жастарымыздың жетістіктерін өнеге қылу, жастардың келбетін саралау мақсатында ұйымдастырылған шарада мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында екендігі айтылды. Шара қонақтары дзюдо күресінен халықаралық спорт шебері, Париж-2024 Паралимпиада ойындарының 5 орын иегері Аяла Базарғалиқызы Мереке, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыка колледжінің 3 курс студенті, VII Халықаралық «Gold accordion» эстрадалық конкурсының 2-дәрежелі лауреаты, облыстық «Бақытты бала – мәңгілік ел кепілі» байқауының Гран-при иегері Нұржан Ержанұлы Маймаков қатысып, адамның мақсатқа жетіп, биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың және денсаулықтың қажеттігін, айтып, өздерінің жетістіктерімен бөлісті.
Қоғамның қозғаушы күші болып табылатын жастар «Жетістікке жету жолында адам бойында қандай қасиет болу керек?», «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегенді қалай түсінесіз?, «Қоғамымызда белсенді жастар көп пе, әлде енжар жалқау жастар көп пе?», «Билік басына жастардың көптеп келуі еліміздің дамуына ықпалын тигізе ала ма?», «Қоғам дамуы үшін қандай жат қасиеттен арылуымыз керек? деген сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтты.
Сыр сұхбатқа толы шарамызда қонақтарымыз өздерінің жылы естеліктерімен бөлісіп, оқырмандарымыздың қызықты сұрақтарына жауап берді.
«Жастар болашаққа апаратын алтын көпір» кітап көрмесіне еліміздің мәртебесін асқақтатып жүрген жалынды жастар туралы кітаптар, мерзімді басылымдар қойылып, өз елін сүйетін адамға биік рух пен шабыт беретін ақын жазушыларымыздың жалынды өлеңдері мен шығармалары оқырмандар назарына ұсынылды.
Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» шығармасы бойынша әдеби кейс
- Подробности
- 14

Қазақстанның халық жазушысы, драматург, прозашы Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» шығармасы бойынша әдеби кейс өткізді.
Шарада әдебиетімізде айтарлықтай із қалдырған, бүгінгі өмірмен ұштасып, отбасы құндылығын арттыратын, мейірімге, адами қасиетке, қиындықта сынбауға үндейтін Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» шығармасы талқыланды.
Оқырмандар Т.Ахтановқа арналған өлеңдер оқып, оқыған шығармаларының әсерімен бөлісті
Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» романы бойынша ойталқы
- Подробности
- 16

№67 орта мектебінде отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында жазушы Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» романы бойынша талқылау өткізді.
Шарада: «Ұлпан» қандай шығарма? Ондағы бас кейіпкер Ұлпан қандай тұлға? Жазушының Ұлпан бейнесі арқылы қазақ қоғамындағы әйелдерге берген бағасы қандай? Қазіргі қыздарға осылардың қайсысы ұнайды? – деген сұрақтарды қоя отырылып, өмірде болған тарихи тұлға - Ұлпанның бейнесі арқылы өз бақытынан ел мүддесін көксеген, ақыл мен парасатты бойына ұялатқан қазақ әйелінің бейнесі ашылды.
Шығармадағы сол заманғы қазақ халқының тыныс тіршілігін сипаттайтын жер дауы, жесір дауы, барымташылық, қыз айттыру, қалың мал беру, жарлы мен жақсының күресі терең сипатталып, сомдалатыны туралы айтылып, талқыланды
«Ертегім неткен, мұратына жеткен»
- Подробности
- 23

2024 жылғы 28 қараша күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Атадан қалған ғибрат» жобасы аясында «Ертегім неткен, мұратына жеткен» тақырыбында сахналық көрініс өткізілді. №15 «Жидек» бөбекжай-балабақшасының бүлдіршіндері Ы.Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісін, №2 жалпы білім беретін мектеп-гимназияның 3 класс оқушылары «Алдаркөсенің хикаялары» ертегілер желісінен, №73 М.Мақатаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 3 класс оқушылары «Айлакер түлкі мен адал қоян» ертегісі бойынша сахналық қойылым көрсетті. Шараның басты мақсаты қазақ халқының бала тәрбиесінде ерекше орын алатын ертегі жанры арқылы балаларды жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу, озық ойлы, қиялы жүйрік болуға баулу.
«Ертегілер әлемінде» кітап көрмесі ұсынылып, кітапхана қорына түскен жаңа кітаптар оның ішінде бүлдіршіндерге арналған «Буынға бөліп оқимыз», «Ата-анамен оқимыз», «Өзіміз оқимыз» серияларының ертегі кітаптары таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды.
«Ертегім неткен, мұратына жеткен»
- Подробности
- 11