Новости

Новости

3ЖТ1 ЖТ4ЖТ2 ЖТ

     Н.Байғанин атындағы облыстық  балалар  кітапханасы М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінде «Оқы, Ақтөбелік өренім!» облыстық оқу марафонының аясында жазушы Тобық Жармағамбетовтың туғанына 90 жыл толуына орай әдеби танымдық кеш  өткізді.

      Шара барысында  Тобық Жармағамбетов туралы естеліктер айтылып жазушының шығармалары насихатталды.

    Оқырмандар назарына «Биік тұғырдағы талант» атты  кітап көрмесі ұсынылып, балаларды өлкетану әдебиетімен сусындауға шақырды.

«Оқитын дос іздеймін!» жобасы аясында  М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының салтанат залында Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Отпен жазылған өмірбаян» тағзым сағатын өткізді.

Шара барысында Рақымжан Қошқарбаевтың өмірі мен ерлігі туралы ақпарат берілді, «Рейхстагқа ту тіккен қазақ» атты бейнебаян көрсетілді. Оқушылар «Байрақты жауынгер» квизінен өтіп, ерлік туралы мақал- мәтелдер айтып, «Мерген» сайысында жарысты.

Оқырмандар назарына «Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді» атты кітап көрмесі ұсынылды.

 

11.111.211.313.4

Бүгін  «Болашақ мұра» қоғамдық бірлестігінде «Берекелі, мерекелі – Алтын күз!» атты әдеби қонақжай ұйымдастырылды.

Балаларға  «Жайдары күз, жарқын күз» атты кітап көрмесі таныстырылып, «Менің бақшам» ойыны ұсынылды.

Кітапхана ұжымының атынан балаларға  тәтті жемістер мен сыйлықтар таратылды.

Шарада №2 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушылары Қайрат Мадияр «Секіртпе» күйін тартып, Жеңісбек Арайлым  «Балалық шақ» әнін орындап балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 

10.1310.10

М.Мақатаев атындағы  №73 жалпы білім беретін орта мектебінің 3 класс оқушылары, «Жасыл әлем» экологиялық клубының мүшелері «Қазақстанда мекендейтін алып жануарлар» атты  виртуалды  кітабымен  қызықты саяхат  жасады.

Балалар «Қазақ жерін мекендеген алып жануарлар» виртуалды кітап арқылы көне замандағы жыртқыш тиранозавр, алып-мамонт пен мүйізтұмсықтың тіршілігімен танысып, ғажайып кезенді көз алдарына келтірді.

04.10.104.10.3

 2024 жылғы  27 қыркүйек күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Позитив» салауаттылық клубының кезекті отырысында №11 жалпы  білім беретін орта мектеп-гимназиясының 7 класс оқушыларымен «Бақытым да, байлығым да – денсаулық!» атты денсаулық жәрмеңкесін өткізді.

Шара барысында клубқа жаңа мүшелер қабылданып, клубтың бағдарламасы мен қызметі таныстырылды. Оқушыларға салауатты өмір салтын ұстану туралы ақпарат беріліп, бейне фильмдер көрсетілді. Денсаулық жәрмеңкесіне арналған қызықты квиз, денсаулық викторинасы мен спортық-көңілді мини-баскетбол ойыны өткізіліп, салауаттылық жаттығуы жасалды.

    Оқырмандар назарына «Дені сау ұрпақ-салауатты өмірдің жалғасы» атты кітап көрмесі ұсынылды.

96902d14 1a63 459e af05 6fea8280315f

 2024 жылғы 26 қыркүйек күні №2 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының 4 класс оқушыларына «Атадан қалған ғибрат» жобасы аясында «Қара, оқы, зердеңе тоқы» атты квиз өткізілді.

Ойынның алғашқы бөлімінде балалар сурет арқылы жасырылған мақал-мәтелдердің жауабын тапты. Келесі бөлімде балалар салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап берді. Ал қорытынды бөлімде жұмбақтар қойылып, тапқырлық пен ой ұшқырлықтарын сынап көрді.

Шарада «Оқимыз. Ойлаймыз. Армандаймыз» тақырыбында кітап көрмесі таныстырылды

1