Оқитын өлке

Оқитын өлке

2024 жылғы 18 қазан күні №8 орта мектептің 5 класс оқушыларына Сағи Жиенбаветің туғанына 90 жыл толуына орай  «Сәулелі сөздің шебері, жаны жайдары ақын» әдеби-сазды кеш өткізілді.

          Шара барысында  Сағи Жиенбаев жайлы бейнебаян көрсетіліп, өмірі мен шығармашылығына тоқталды. Оқушылар «Поэзия минутында» ақынның «Кемпірқосақ», «Оймауыт», «Саяхат», т.б өлеңдерін оқыды.  Сонымен қатар, «Филворд» әдісі арқылы кітапхана мен ақынға байланысты сөздерді тауып, «Жалғасын тап!» әдісінде   лирик ақынның өлеңдерін анықтады.

Балаларға «Жырлары мөлдір бұлақтай» кітап көрмесі таныстырылды.

 

136

2024 жылғы 26 сәуір күні @balalar.kitapkhanasy әлеуметтік желіге ақын С.Жиенбаевтың шығармашылығына арналған «Сәулелі ғұмыр – саналы ой иесі» бейне-case жарияланды.

 

Жазушының өмірі  мен шығармашылығы туралы сыр төгетін «Кісіліктің биік шыңы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Оқырмандар  жазушының өзінің балалық шағы, туған жері туралы шығармасы «Жер басып жүрсем…», «Көл жағасында» туралы, «Қарт сарбаз хикаясының» тағдыры, оның кейіпкерлері туралы пікірлерін айтып, жазушы шығармаларынан үзінділер оқыды.

Шарада өлеңдері халық көңілінен шығып, жүректерінен орын тапқан, өмірдің бар шындығын шебер жырлай білген Сағи Жиенбаев пен туған ұлтының мүддесін бәрінен биік қойып өз дәуірінің тамыршысы болып, замандастарының жан дүниесіне терең үңіле білген  Сара Мынжасарованың өнегелі өмір жолдары мен шығармашылығы туралы терең айтылып, кітаптары ұсынылды.

 1 1 2 1