Новости
«Наурыз жаңа күн!»
- Подробности
- 5

2025 жылы 17 наурыз күні Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат колледжінде «Наурыз жаңа күн!» ертеңгілігі өтті.
Оқырмандарға «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беріліп наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттады.
«Сұңқар» вокалдық ансамблінің әншісі Өсер Зере Аманғалиқызы мен Әбдіғазиз Рашидұлы әндерін шырқап, оқырмандар ұлттық ойындар ойнады, астан дәм татты.
Көктемнің жаңғыруы мен жаңа өмірдің басталуын білдіретін ұлық мерекеде оқырмандарға мерекенің нағыз қуаныш сыйлай білді🤗
Оқырмандар назарына , « Нұр себеле,Ұлыстың Ұлы Күні!» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді.
«Автормен бірге кітап оқу»
- Подробности
- 5

2025 жылдың 17 наурыз күні 17-наурыз Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аясында кітаптың құндылығын насихаттау мақсатында «Автормен бірге кітап оқу» атты ақындармен кездесу кеші өтті.
Шара қонақтары ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын, сазгер, аудармашы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі», тележурналист Гүлсамал Аймаханова, ақын Есенбек Жұмағалиев және жас ақын Александр Мәруаұлы.
Сырлы сұхбатқа толы болған әсерлі кеште оқырмандарымыз ақын өмірі мен шығармашылығы,адами болмысы , жаңалықтары және алдағы жоспарларымен танысты. Ақындарымыз боламын деген жыр сүйер жастарға кітаптың адамды шыңға жетелейтінін айтып, ақыл-кеңестерін берді.
«Желкен» әдеби клубының мүшелері ақынның шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзеліс пен қуаныштан туған өлеңдерін ақынмен бірге жарыса жатқа оқыды.
Ақындармен оқырмандар естелікке суретке түсіп, қолтаңба алысты.
«Халқының болашағын көрегендікпен болжаған - Мөңке би»
- Подробности
- 7

2025 жылдың 13 наурыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Ғ.Ақтаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясында Мөңке би Тілеуұлының 350 жылдығына арналған «Халқының болашағын көрегендікпен болжаған - Мөңке би» портрет сағаты өтті.
Мөңке бидің қазақ тарихы мен қоғамындағы орнын кеңінен насихаттап, оның өнері жалғыз шешендікпен шектелмейтінін,өз заманында би, әрі батыр қолбасшы, ірі қоғам қайраткері, жырау, күй шығаратын да өнері туралы толық ақпарат берілді. Оқырмандарға Мөңке бидің билік тәжірибесі мен әділ шешім қабылдайтын шеберлігі үлгі етіліп, халық ауыз әдебиетінде қалған өсиет сөздері мен шешендік сөздері , мақал-мәтелдері айтылды.
«Дала кемеңгері – Мөңке би» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып «Мөңке би», «Бабалар сөзі», «Жәдігер» кітаптарына библиографиялық шолу жасалды.
«Өлең болып өрілген ақын»
- Подробности
- 7

12 марта 2025 года областная детская библиотека им. Н.Байганина в честь 90-летнего юбилея Туманбая Молдагалиева провела час поэзии «Өлең болып өрілген ақын» с участием учащихся 4 класса средней школы №8. Главная цель мероприятия: привить поэтический талант Туманбая Молдагалиева в сердце читателя, полюбить поэзию, оценить ее, погрузиться в суть и значение стихов искреннего и искреннего поэта, расширить его духовное познание. В ходе мероприятия учащиеся прочитали наизусть стихи поэта «Наурыз келді», «Көктем өлеңдері», «Менің жаным», «Сәлем бер», «Сүйемін», хором исполнили песню «Құстар қайтып барады».
Была представлена книжная выставка "Жүрегі жырдан жаралған", проведен библиографический обзор.

«Мықтыны өмір сүйеді»
- Подробности
- 9

2025 жылғы 12 наурыз күні «АРМАН. ЖІГЕР. ЖЕТІСТІК» жобасы аясында «Мықтыны өмір сүйеді» тақырыбында жігер сағаты өтті.
Шараның қонақтары:
- Гүлмирам Аманжолқызы Сражова – «Dariya» мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, «Ақтөбе» спорт клубының паражеңіл атлетикадан жаттықтырушысы,
- Мақсат Амантайұлы Төлегенов – Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының кітапханашысы,
- Ақтоты Сәтмырзақызы Нетуллина – «Стимул плюс» мүгедектігі бар жастар клубы жетекшісі, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының кітапханашысы.
Шараның басты мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмірі арқылы оқырмандардың бойында төзімділік, жігер, шыдамдылық қасиеттерін көтеру, кітапханаға тарту, кітап оқу мәдениетін жетілдіру.
Жігер сағатының қонақтары мүгедек жандардың өмір сүруге ұмтылыстары туралы айтып, жүргізіп жатқан жұмыстары туралы және алдағы уақыттағы жоспарларымен бөліседі.
Оқырмандар назарына «Мен өмірді сүйемін» атты кітап көрмесі ұсынылады. Кітап көрмесінен Н.Келімбетовтың «Үмітімді үзгім келмейді», Е.Мырзахметовтың «Медет», І.Есенберлиннің «Ғашықтар», З.Шүкіровтың шығармалар жинағы, С.Қондыбайдың еңбектері, Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» романы, Б.Полевойдың «Нағыз адам туралы аңыз» кітаптарымен қатар, жергілікті жазушы Б.Иманғазының «Тауқымет» романы, ақын В.Мартыненконың шығармалары да орын тапты.
«Қыз еркем-анасымен көркем»
- Подробности
- 8

2025 жылғы 6 наурызда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №73 М.Мақатаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде «Шаңырақ» отбасылық оқу клубының кезекті отырысы өтті.
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай өткізілген «Қыз еркем-анасымен көркем» атты әдеп сағаты қыз бала мен анасы арасындағы байланысты нығайтып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге, қыз баланың отбасы мен қоғамдағы құрметі, олардың әдепті, мейірімді, ұқыпты, жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптасуына оң ықпал тигізуге бағытталған.
Оқырмандар «Ана – өмір шуағы» әдеби монтажында ақындардың Ана туралы жазған өлеңдерін оқып, ситуациялық сұрақтарға жауап берді, «Ана туралы жыр» әнін төгілте шырқады.
«Ана – гүл, ана – өмір шуағы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.