Новости

Новости

2024 жылдың  3 шілде  күні Н.Байғанин атындағы облыстық  балалар  кітапханасы «Кәмпит» жазғы демалыс лагерінде тарихтың куәгеріне айналған қасиетті қара домбыраны қастерлеуге тәрбиелеп, балалардың ой ұшқырлығын шыңдап, ата бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімін оятып және өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру мақсатында  «Ұлттық мұра - Домбыра» рух сағатын өткізді.

Шара барысында  киелі аспаптың шығу тарихы туралы шежіре- деректер, аңыз әңгімелер, Құрманғазы, Тәтімбет, Дина сияқты әйгілі күйшілердің мұрасы туралы мәліметтер  айтылып, жырлар оқылып, өнерлі оқырмандар күмбірлеген күй төкті.     

    Оқырмандар назарына «Қазақтың асыл-қазынасы» атты  кітап көрмесі ұсынылып, әйгілі күйшілердің, композиторлардың шығармаларымен, өмірімен, музыкалық аспаптардың шығу тарихымен таныстырылды.

690a4b23 21f7 4391 8f7b faf91ded4049

2024 жылғы  21 маусым  күні   Нұрпейіс Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы «Шұғыла» жазғы балалар демалыс лагерінде «Оқитын дос іздеймін!» жазғы оқу  жобасы аясында шара ұйымдастырды.

         Шарада тілсіз тәрбиеші әрі сырлас досымыз  кітап оқуды оқырмандарға  насихаттап, қызықты ойындар мен зияткерлік тапсырмалар арқылы кітапқа деген қызығушылығын арттырды. Шара соңында кітапханаға жазылу ережесі түсіндірілді, сонымен қатар балалар өздерінің пікірлерімен бөлісті.

4c567aed 98b3 4f67 b678 8fa33c1f8d8b8813e47f 744a 4a49 bfb6 65359c92feda

2024 жылғы 21 маусым күні «Шұғыла» демалыс лагерінде жас жеткеншектерді зиянды нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу мақсатында  «Бала қауіпсіздігі-ұлт қауіпсіздігі» ақпараттық сағат өткізді. Шара барысында денсаулық–тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы екендігі және денені үнемі ширықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету жөнінде айтылып, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Шара соңында жеткіншектерге үндеу парағы таратылды.

1f461dd8 bf6e 4d68 bfd6 f547e3bb39e0f2f5bfe4 2a91 4395 82f8 cae20689228f

2024 жылғы  18 маусым  күні   Нұрпейіс Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы «CAMPIT» жазғы балалар демалыс лагерінде «Оқитын дос іздеймін!» жазғы оқу  жобасы аясында шара ұйымдастырды.

         Шарада балаларға жаңа әдебиеттер таныстырылып, кітап оқу насихатталды. Балалардың қызығушылықтары оянып, кітапханаға жазылу ережесімен танысып, алған әсерлерімен бөлісті.

7d6cb4c4 f14b 463d b6e5 d2842764ff9670407dba 0b93 45bf b00e 4de51dac597c

2024 жылғы 14 маусымда әкелер күніне орай  «Әке шаңырақтың тірегі» ертеңгілік  өткізілді.

Шараның мақсаты: әке мен бала арасында бір–біріне деген сүйіспеншілік пен тығыз қарым–қатынас қалыптастыру.

Шараға  кітапхананың  тұрақты оқырмандары  Бүркітбай Панасұлу әкесі Нұркен Бүркітбайұлымен, Байқазақ Айшабибі әкесі Медет Байқазақұлымен,  Дәрменов Елдос әкесі Үсен Дәрменұлымен, Жанай Риана әкесі Жанболат Жанайұлымен бірге қатысып, отбасындағы әкенің орны, үлгі-өнегесі туралы ойларымен бөлісті.

Шараға қатысушылар балалармен бірге «Бес саусақ», «Бейнені жалғастыр» ойындарын ойнап, қызықты сұрақтарға жауап берді. №15 «Жидек» балабақшасының бүлдіршіндері әкеге арнап ән мен жырдан шашу шашты.  

 Оқырмандарға  «Бақытты отбасы» атты кітап көрмесі таныстырылды.

8b02b17d bb87 4002 a14a 40e3887609f316af5e73 b4d8 4c08 80cf 39009b522c14237b8bcb dc86 4bf7 8b40 3901daa4e4a7

2024 жылғы 7  маусым күні  «Кітап фестивалі - 2024» шарасы аясында «Табиғатты қорғау – болашақты ойлау» экологиялық шеру өткізілді.

Экологиялық шеруге Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының «Жасыл әлем» экологиялық клубының мүшелері,  М.Мақатаев атындағы №73 ЖББОМ,  Ж.Ташенов атындағы №68 ЖББОМ,   Х. Доспанова атындағы №14 орта мектеп,  М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының, №2 мектеп-гимназиясының  оқушылары  қатысты.

Қалалық мәдениет үйінің Халықтық ұжымының «Сұңқар» вокалды ансамблінің, «Кристалл» тобының, «Әлия Қазақ би» ансамблінің,  Ж.Ташенов атындағы №68 ЖББОМ,  М.Мақатаев атындағы №73 ЖББОМ-ң өнерлі балалары  «Болашағы біз елдің»  мерекелік бағдарламасын ұсынды.

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының бейнелеу өнері бөлімінің меңгерушісі Нұрберген Рахматов «Табиғат – сен – тіршілік тұнып тұрған»   шеберлік сағатын, №31 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, «Шолпы» қыздар клубының жетекшісі Орынай Бижанқызы Идрисова «Оюлар сөйлейді» тақырыбында дефиле өткізді.

«Табиғатты қорғауға шақырамыз!»  алаңында М.Құсайынов атындағы мамандандырылған лицей интернатының оқушылары өлең оқыса,  №2 мектеп-гимназиясының жас экологтары сахналық көрініс көрсетіп, табиғатты қорғауға шақырса, М.Мақатаев атындағы №73 ЖББОМ-ң   оқушылары әсем биімен қортындылады.

1f4b54bb c2bc 479b 853f ea4e4fa72a93b2dcfba3 6b48 4069 9236 b1513f1c86d2