Новости

Новости

      2025 жылдың 14 қаңтар күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар  кітапханасы №78 жалпы білім беретін мектебінің салтанат залында халық жазушысы Қуандық Шаңғытбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Мақтанам ұлыңмын деп сенің, қазақ...» жыр сағатын өткізді.

       Шара барысында Қ.Шаңғытбаевтың өмір жолы, балалық шағы, туған жері  шығармашылық қабілеті, ойының ұшқырлығы, аудармалары жайында терең сөз қозғалып, өткір,  терең  және тұжырымды  өлеңдері жатқа оқылып, туған жерді сүюге шақырылды.

      Жазушының шығармашылығы туралы сыр төгетін «Өмірім... Өрнектелген өлеңіммен...» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Қ.Ш. 1Қ.Ш. 2Қ.Ш. 3Қ.Ш. 4Қ.Ш. 5Қ.Ш. 8

    "Оқитын өлке" облыстық акциясы аясында таңдалынған Табыл Құлыястың шығармашылығын насихаттау мақсатында "Шындығы шырайлы, дерегі нық" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып оқырмандар назарына ұсынылды.

Көрмеге қаламгердің "Миға қойылған бомба", "Жыланның тілі" атты кітаптары қойылып, оқырмандарға еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастау алған шығармашылығы мен қазақ сатирасының көрнекті тұлғасы ретінде таныстырылды

.шындық 2шындық 3  

  «Жасыл әлем» экологиялық клубының кезекті отырысында  М.Мақатаев атындағы №73 жалпы білім беретін орта мектептің 3 класс оқушыларымен  «Табиғатым бүлінбесін!» тақырыбында экосағат өткізілді. 

Оқырмандарға  түрлі табиғи құбылыстар туралы қызықты, танымды ақпараттар беріліп, қоршаған ортаға деген жауапкершіліктері мен экологиялық сауаттылығын арттыруға  негізделген  ырым-тыйымдар мен логикалық сұрақтар жасырылды, шығармашылық тапсырмалар берілді.

«Жеріңді аяла, адамзат!» атты кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды.

табиғат 3табиғат 4табиғат 5табиғат 6табиғат 8табиғат 11

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Елдің рухын көтерген Азаттыққа мың алғыс!»  атты патриоттық кеш өтті.

Тарихы тереңде жатқан қазақ халқының тәуелсіздікке жету жолындағы  төккен еңбектері, ата-бабаның ұрпаққа қалдырған мұрасы,қанымзда бар салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайлы айтылған айтулы шарада «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Омар Жанар Рысбайқызы, осы қоғамдық бірлестіктің мүшесі Гүлайым Шынтасқызы Жанғалиева қазақ елінің шежірелі тарихындағы  «Желтоқсан оқиғасының» орны мен қасіретін еске алып, қыршын кеткен қазақ жастарының ерлігі жайында терең әңгімеледі.

Оқырмандар назарына «Азат елдің аспаны ашық!» атты әдеби монтажы мен патриоттық әндер, «Тәуелсіздік жас ұрпақтың шаттығы» атты кітап көрмесі ұсынылды.

16 ж 116 ж 216 ж 316 ж 416 ж 516 ж 6

к.к 2к.к 3

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы  орталығында  Тәуелсіздік мерекесіне орай  «Тәуелсіздік баға жетпес байлық» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

    Оқырмандарға Тәуелсіздікке дейінгі маңызды кезеңдер мен Тәуелсіздіктің келу тарихы және бүгінгі Қазақстанның жетістіктері туралы ақпарат беріліп,  викториналық сұрақтар қойылды.

Көрмеге еліміздің егемендігін, ұлттық құндылықтарын, мемлекеттің даму жолын таныстырып  ұлттық  бірлік пен еркіндікті дәріптейтін Оразақын Асқардың «Тәуелсіздік тартулары», Қайым-Мұнар Табеевтың «Қазақтың Желтоқсаны», Болат Үсенбаевтың «Тәуелсіздік деген не?»,  Сауытбек Абдрахмановтың «Тәуелсіздік шежіресі», Асқарбек Бектемісовтың «Тәуелсіздік тартуы» сынды бірқатар кітаптар қойылды.м