Новости
«Оқы және жеңіске жет!»
- Подробности
- 34

Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Атадан қалған ғибрат» жобасы аясында «Оқы және жеңіске жет!» атты сайыс өткізілді. Оған М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 5 сынып оқушылары белсене қатысты. Балаларға ең алдымен сергіту сәті ретінде «Секіртпе» ойыны ойнатылып, олармен жақынырақ танысуға мүмкіндік туды. Сайыстың «Кіл мықтыдан, шын мықты!» кезеңінде оқушылар «Этнокубик» ойыны арқылы есеп жұмбақтардың жауабын тапты. «Ойлы болсаң, озып көр!» кезеңінде сұрақтарға «Дұрыс және бұрыс» ойыны арқылы жауап берді. Ал «Тапқыр болсаң, тауып көр!» кезеңінде оқушылар қазақтың тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсіндірді. Қызықты, әрі тартысты ойын болып, балалар қонақкәде ретінде күй тартып, мәнерлеп өлең оқыды.
«Кітаппен дос отбасы»
- Подробности
- 27

2024 жылғы 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Шаңырақ» отбасылық оқу клубының отырысына «Кітаппен дос отбасы» сайыс өткізілді.
Сайысқа «Шаңырақ» отбасылық оқу клубының мүшелері Илеубаевтар, Канапиндер, Серіковтер, Сүйіншбектер отбасылары қатысты.
Шараның мақсаты: отбасылық кітап оқу дәстүрін жандандыру, кітап оқу мәдениетін жетілдіру.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды.
1.кезең «Отбасым – мақтанышым».
2.кезең. «Өнерлі отбасы өрге жүзеді»
3.кезең «Ұшқыр ой, ұтымды жауап»
4.кезең «Отбасының сүйікті кітабы»
«Бақытты отбасы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді. Көрмеге Н.Құдайбергенұлының «Даналық әліппесі» сериясымен шыққан «Халық жыры», «Бесік жыры», «Нақыл сөз», «Халық ертегісі», Отбасы хрестоматиясы «Әлдиден эпосқа дейін», С.Кенжеахметұлының «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары», З.Ахметованың «Бабалар аманаты», С.Мұқановтың «Халық мұрасы» және тағы басқа әдебиеттер қойылды.
«Сыбайластық – қоғам дерті»
- Подробности
- 21

2024 жылдың 14 мамырда патриоттық тәрбие беру мақсатында Заречный тұрғын алабы мектеп-балабақша кешенінің 4- класс оқушыларымен «Сыбайластық – қоғам дерті» тақырыбында квиз өткізілді.
Шара барысында балаларға , жемқорлық жайында ақпарат беріліп, бейнеролик көрсетілді. Оқушылар тақырып бойынша қойылым көрсетті. «Ой жалғау» ойын кезеңінде аяқталмаған сөздің жалғасын тауып, «Литмонтаж» бөлімінде жемқорлыққа қарсы өлең шумақтарын оқыды.
«Адал еңбек еткенге,Бақыт басын иеді» атты кітап көрмесі таныстырылды.
«Қазақтың қайсар ұлы»
- Подробности
- 22

2024 жылдың 4 мамырында Ғ.Ақтаев атындағы мектеп гимназиясының мәжіліс залында Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қазақтың қайсар ұлы» патриоттық кеш ұйымдастырылды.
Шара барысында халық қаһарманы С.Нұрмағамбетовтың өмірбаяны, ерлігі мен жанқиярлық қызметі туралы терең айтылды. Өткенге хат жазу арқылы қатысушылар Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне алғыстарын білдіріп, тағзым етті.
Жеңіс, Отан туралы патриоттық өлеңдер оқылып, Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінің оқушысы Дәулет Әлемби «Егемен ел Қазақстан» атты әнімен шараны аяқтады.
Оқырмандар назарына «Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді» кітап көрмесі ұсынылды.
«Ел ертеңі – бүгінгі жас ұландар»
- Подробности
- 24

2024 жылғы 3 мамыр күні Н.Байғанин атындығы Облыстық балалар кітапханасы Заречный тұрғын үй алабы мектеп-балабақшаның 4 класс оқушылыры арасында Отан қорғаушылар күніне орай «Ел ертеңі – бүгінгі жас ұландар» әскери-патриоттық сағатын ұйымдастырды.
Шараның мақсаты келер ұрпақты адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғай білуге, саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар туралы басылымдармен таныстыру, кітап оқуға баулу.
Жас патриоттар Қазақстан қарулы күштерінің тарихымен, әскери қызмет ерекшеліктерімен танысып, болашақ жауынгерлер «Зерек сарбаз», «Әскери барлаушы», «Алғашқы әскери көмек», «Құпия хабарлама» тапсырмаларын орындады.
Отан қорғаушылар күніне жасақталған «Ер – елінің айнасы» кітап көрмесі таныстырылды.
«Тағдырыма ризамын»
- Подробности
- 20

2024 жылғы 4 сәуір күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ақын, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының Ақтөбе облыстық филиалы директоры Бауыржан Құрманқұловтың 70 жасқа толу құрметіне арналған «Тағдырыма ризамын» кездесу кешін өткізді.
Кеш барысында шара қонағы ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Үш таған» қоғамдық-саяси, әлеуметтік-рухани журналының бас редакторы, Ертай Ахатұлы Ашықбаев ақын досы туралы ыстық естеліктерімен бөлісіп, шығармашылығының ерекше қырларына тоқталды.
Сырлы сұқбатқа толы болған әсерлі кеште жастар ақын өмірі мен шығармашылығымен, адами болмысы мен рухани әлемімен жақын таныса алды. «Желкен» әдеби клубының мүшелері «Ақынның бақыты – өлең» атты әдеби монтаж ұсынып, рухани сусындатты.
Жырсүйер қауыммен кездескен ақын өзінің балалық шағы, өскен ортасы, үзеңгілес ақын достары туралы қызықты әңгімелерімен бөлісіп, оқырмандардың поэзияға деген қызығушылықтарына ризашылығын білдірді.
Кітапхана ұжымы ақын шығармашылығына ерекше табыс тілеп, өзекжарды тілектерін білдіріп, құрмет көрсетті.
Оқырмандар назарына «Сырлы сезім ақыны» кітап көрмесі ұсынылды.
