Новости
2022 жылғы 3 наурыз күні «Анаммен әлем әдемі...» атты мерекелік шара өтті
- Подробности
- 18

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы 2022 жылғы 3 наурыз күні 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Анаммен әлем әдемі...» атты мерекелік шара өткізілді.
Шараға Ақтөбе өңірінен шыққан estethom.kz брэндінің авторы Раушан Нұрлыбайқызы қатысып, 4 сынып оқушыларын өз қолөнерімен жақынырақ таныстырды. Мастер-класс өткізіп қыз балалардың қолөнерге деген қызығушылықтарын арттырды. «Ақбөбек» білім беру орталығының оқушылары аналарға арнап өлең шумақтарын оқыса, «Талант студио» шығармашылық мектебінің өнерпазы Сагиндыков Ислам ақ жаулықты аналарға және барлық нәзік жандыларға арнап ән шырқады.
2022 жылғы 2 наурыз күні «Шындықты қанат етіп қаламына» жыр кеші өтті
- Подробности
- 14

2022 жылғы 2 наурыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ақын Сәбит Баймолдиннің туғанына 80 жыл толуына арналған «Шындықты қанат етіп қаламына» жыр кешін өткізді.
Кітапхана оқырмандары ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ақын Ертай Ахатұлы Ашықбаевтың және ақынның қызы Лаззат Баймолдинаның әңгімелері арқылы ақынның шыншылдыққа, азаматшылдыққа үндейтін шығармашылығымен, оқырманды ойлылығымен, шынайылығымен баурайтынын өлеңдерімен тереңірек танысты.
«Zoom» платформасы арқылы ақынның Алматы қаласында тұратын жары және балалары, ақын, филология ғылымдарының докторы Бауыржан Жақып оқырмандармен сұхбаттасып, ақынның өмірі туралы естеліктерімен бөлісті.
«Желкен» әдеби клубының мүшелері «Ақынның өлмес бақыты – өлең!» әдеби монтажын ұсынды.
«Өмірім... Өрнектелсін өлеңіммен» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді.
Шараға «Желкен» әдеби клубының мүшелері, №31, №65, №2, №42 №22 мектептерінің жоғарғы класс оқушылары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
2022 жылғы 28 ақпанда «Ұлт көсемсөзінің көшбасшысы» онлайн-конференция өтті
- Подробности
- 14

2022 жылғы 28 ақпанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы мемлекет қайраткері, қазақ ғылымының бірнеше саласының негізін қалаған ғалым, ақын, публицист, балалар әдебиетіндегі ірі тұлға А.Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына арналған «Ұлт көсемсөзінің көшбасшысы» онлайн-конференциясын өткізді.
Шараның мақсаты - қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
Шараға Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Нәзима Қуанышбайқызы Оташева қатысып, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы Ахмет Байтұрсынұлы жайындағы құжаттар туралы айтып, тарихтағы ұмытылмайтын істері, саяси қызмет жолы, қазақ тіліне қосқан үлесі мен қазақ әдебиетіндегі елеулі орнын дәріптеді.
«Желкен» әдеби клубының мүшелері ақынның шығармашылығы туралы ой бөлісіп, ақынның жырларын оқыды.
2022 жылғы 25 ақпанда «Менің қояр сұрағым...» атты құқық сағаты өтті
- Подробности
- 15

2022 жылғы 25 ақпанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Менің қояр сұрағым...» атты құқық сағатын өткізді.
Шараның басты мақсаты – балалардың құқықтық санасын көтеру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
Шара қонақтары кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері Барлықова Қарлығаш Алтынбекқызы мен Құрманғазина Жұмагүл Төлегенқызы ситуациялық сұрақтар арқылы жасөспірімдердің құқықтық білімдерін тексере отырып, азаматтық белсенділігін көтеріп, заң алдындағы жауапкершілікте жете түсіндірді және баршаны әдептілікке, тәртіптілікке, адалдыққа шақырды.
«Бала қауіпсіздігі-ұлт қауіпсіздігі » кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
2022 жылғы 24 ақпанда «Өз таңдауыңызды жасаңыз» атты дөңгелек үстел өтті
- Подробности
- 21

2022 жылғы 24 ақпанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Благодар орта мектебінде «Позитив» салауаттылық клубының кезекті отырысында «Өз таңдауыңызды жасаңыз» атты дөңгелек үстел өткізді.
«Позитив» салауаттылық клубының мүшелері дұрыс тамақтану, спортпен айналысу, дәрумендер және жаман әдеттер, жат қылықтар туралы өз пікірлерін плакаттар мен слайд арқылы көрсетіп, қызу талқылады. Шарада әр түрлі блиц-сұрақтар қойылып, денені үнемі ширықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету жөнінде айтылып, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
2022 жылдың 23 ақпан күні сахналық көрініс көрсетілді
- Подробности
- 27

2022 жылдың 23 ақпан күні «Бал-бала» балабақшасында «Ғажайып әлем-ертегі» жобасы аясында «Еңбекпен тапқан нан» ертегісі бойынша сахналық көрініс көрсетілді.
Мектеп жасына дейінгі балалар ертегіні қоюға белсене қатысып, ертегі кейіпкерлерінің рөлдерін сомдады.
Кішкентай ізденімпаздар жұмбақтардың шешімін тауып, «Ертегілер әлемінде» кітап көрмесінде ұсынылған ертегілермен, 3D панорамалы кітаптармен танысты.
