Жаңалықтар

Жаңалықтар

       2024 жылғы 25 маусым күні   Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «CAMPIT» жазғы балалар демалыс лагерінде «Оқитын дос іздеймін!» жазғы оқу жобасы аясындағы жұмыстарын жалғастырды.

Лагерь демалушыларына жаңа әдебиеттер таныстырылып, «Ертегі айтып берейін» айдары,  «Сырлы сөз» көркемсөз оқу, «Даналық иірімдері» мақал мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар, ұлағатты сөздерді жарыса айтып, рухани әлемге саяхат жасады.

 

     2023 жылғы 27 наурыз- 3 сәуір аралығында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы балалардың оқу мәдениетін арттыру мақсатында Балалар кітабы апталығы аясында Мұзафар Әлімбаевтың 100 жыл толуына орай онлайн-оқулары ұйымдастырылып, «Ертеңгі істі бүгін ойлап, бейімде, Бүгінгінді ысырма тек кейінге» тақырыбында мерекелік кешпен қорытындылады.

     Онлайн-оқуларына кітапхананың белсенді оқырмандары №73 Мұқағали Мақатаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп, №2 жалпы орта мектеп-гимназия, №68 Ж.Тәшенов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп, №8 орта мектеп, Мұхтар Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі және Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің оқушылары қатысты.

     Балалар «Мұзафар Әлімбаев және балалар әдебиеті» атты кітап көрмесі арқылы шығармашылығымен танысып, әдеби ойындарында белсенділік танытты. Ақынның «Көктем келді», «Қолшатыр», «Көктем», «Қоңырау сағат», «Қара бұлт», «Бір аптада», «Анам Зейнепке» өлеңдерін оқыды.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

     Бүгін балалар кітабы апталығы аясында кітапханамызда жазушы Алексей Николаевич Толстойдың 140 жылдығына арналған «В поисках золотого ключика Буратино» атты әдеби кеш өтті. Шараға №11 орта мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушылары белсене қатысып, Буратино туралы ертегіні ұсынды. Оқырмандар ертегінің басты кейіпкерлері Джозеппе, Карло және Буратиномен бірге алтын кілтті іздеп, әдеби саяхат жасады.

     Балалар тақырыптық кітап көрмесімен танысып, жазушының шығармалары бойынша әдеби ойындарына қатысты.

1

2

3

4

5

6

7

8

     2023 жылғы 30 наурыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ҚР-сы Жазушылар және журналистер Одағының мүшесі, өнер зерттеушісі, білім және мәдениет саласының ардагері, ҚР Педагогикалық Ғылымдар Академиясының акедемигі Нұрлыбек Қалауовтың 70 жасқа толуына арналған «Сөз – Құдірет, Жыр –Тағдыр» бенефисі өткізілді.

     Шара қонақтары филология ғылымдарының докторы Жұбаназар Асанов пен ақынның досы. әнші, сырнайшы, ұлағатты ұстаз Мұқан Сатыбаев ақынның өзіндік дүниетанымы, даралығы туралы әңгімеледі.

     «Желкен» әдеби клубының мүшелері Н.Қалауовтың өлендерін жатқа оқыды.

     «Жүрегі шуақ, жаны жыр» кітап көрмесіне   библиографиялық шолу жүргізіліп, ақынның өмірі және шығармашылығы терең таныстырылды.

     Шараға №6, № 75 жалпы білім беретін мектептері, М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты, Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің оқушылары белсене қатысты.

1

2

3

4

 

5

6

7

8

9

  Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында Балалар кітабы  апталығы аясында  29 наурыз  күні  № 68 Ж.Ташенов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 5–класс оқушыларының қатысуымен Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған  «Мағжан жыры – мәңгілік» әдеби кеші өтті.

Кеш барысында оқырмандарға ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында бейнекөрсетілім көрсетілді. Оқырмандар ақынның өлеңдерін оқып, «Бес жолды өлең» әдісі бойынша өлең құрастырып, тест сұрақтарына жауап берді. «Жырымен жұртын оятқан» тақырыбында кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді.

0

1

2

3

4

5

6

7

8

  Балалар кітабы апталығының аясында біздің кітапханада балалар жазушысы, суретші және әңгімеші Владимир Сутеевтің 120 жылдығына арналған инсталляция ұйымдастырылды. «Владимир Сутеев – сказочник, художник, волшебник» атты кітап көрме-инсталляциясы ұсынылып, автордың ертегілері, жұмбақтары, әңгімелері ұсынылды.

Шараға №11 мектеп-гимназиясының 1-класс оқушылары белсене қатысты.

Владимир Сутеевтің ертегісі бойынша мультфильм тамашалап, викториналық сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар балалар Владимир Сутеевтің өмірбаяны мен шығармашылығымен танысты.

Өнерлі оқырмандар «Под грибом» ертегісіне қойылым көрсетті.

1

2

3

4

5

6

    2023 жылдың 27 наурызы мен 3 сәуір аралығында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы балалардың оқу мәдениетін арттыру мақсатында  балалар кітабы апталығын ұйымдастырады. Апталық аясында түрлі форматта шаралар, кітап исталляциялар, оқу марафоны өткізіледі.  

Апталықтың бірінші күні көрнекті ақын, ұлы ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған «Шәкәрім мұрасы –мәңгілік шежіре» атты әдеби кеш өтті.

Шараға Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің «Гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, магистр, Қ.Жұбанова атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің докторанты Ермуханова Индира Жақсылыққызы, сондай-ақ Ж.Ташенов атындағы №68 жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушылары мен мұғалімдер қатысты.

Қаламгердің отаншылдыққа толы әдеби мол мұрасын насиxаттау мақсатында өткізілген әдеби кеште кітапхана оқырмандары ақынның «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық», «Адамдық борышың», «Насихат», «Қош жұртым» өлеңдерін оқып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Самал Қайратқызы «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнін орындады.

Аға оқытушы Индира Жақсылыққызы Шәкәрім шығармалары арқылы жас ұрпақты сөз асылын түсіне білуге, асыл қасиеттерді бойына сіңіруге шақырып, адамгершілік, білім-ғылым жайын қозғады. Сондай-ақ оқырмандар оқытушыға өз сұрақтарын қойып, пікірлерін ортаға салды

Оқырмандар назарына «Дана сөздің дарасы» атты кітап көрмесі, Шәкәрім туралы бейнебаян ұсынылды.

1

2ш4ш

6ш

8ш

9ш10 ш

 

    2023 жылдың 17 наурызында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Ресей Федерациясы, Орынбор облыстық полиэтникалық балалар кітапханасының қатысуымен «Наурыз тойы – мереке, салт-дәстүрім – береке» атты салт-дәстүр мерекесін ұйымдастырды.

ZOOM платформасымен байланысқа қосылған Орынбор облысының балалар кітапханасының оқырмандары, «Нежин» лицейінің қазақ тілі пәнінің ұстаздары мен оқушылары мерекемен құттықтап, қазақ жазушыларының өлеңдерін оқыды. «Айгөлек» қазақ мәдениеті үйірмесінің мүшелері «Наурыз» әнін орындап, «Қамажай» биін биледі.

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы тарапынан ресейлік оқырмандары үшін қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінің бірі «Тұсау кесу» рәсімі көрсетіліп, шашу шашылды. Наурыз аруы мен Қарашаш ана ақ батасын беріп, ақ тілектерін білдірді. Оқырмандар назарына «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» атты кітап көрмесі ұсынылды.

101234578912

 

           2023 жылғы 16 наурыз күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы «Діннің рухани тәрбиедегі орны мен рөлі» сұхбат алаңы өткізді.

     Шараға «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының теолог маманы Медет Нұрлыбекұлы Искаков, Ақтөбе қалалық дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының теолог маманы Мәди Орынбайұлы Орынбаев қатысты. Оқырмандар «Дін қазіргі қоғамда қандай орын алады?», «Діннің адамның рухани өміріндегі орны» тақырыптары бойынша өздерінің пікірлерін ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Шара қонақтары жастардың діни сауаттылығын ашатын мәселелерді көтеріп, оларды қазақ халқының мәдениеті мен озық салт-дәстүрін құрметтеуге, туралықтан таймауға шақырды.

       «Дін - тәрбиенің рухани тірегі» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, Фараби, Баласағүни, Яссауи бабаларымыз салып, Абай, Шәкәрім және Мағжан, Жүсіпбек даналарымыздың шығармалары насихатталды.

123456

        2023 жылғы 15 наурызда  Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Ғ.Ақтаев атындағы № 6 мектеп–гимназиясының мәжіліс залында «Табиғаттың достары: сен және мен» эко-әдеби тайм өткізді.

        Шарада халықтың көңіл-күйін, сүйініші мен күйінішін табиғаттың ішкі иірімдерін сіңіре отырып жазылған көркем шығармалар арқылы оқырмандарға қоршаған орта туралы түсінік беріліп, табиғатты аялай білуге шақырылды. «Табиғатым-байлығым» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу ұсынылды. Оқушылар Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Қасым Аманжолов, Мұқағали Мақатаев сынды ақындардың табиғат туралы өлеңдерін оқыды.

12345