Бір ел – бір кітап
«Қожа және оның достары»
- Подробности
- 1
2024 жылғы 18 қазан күні балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Менің атым – Қожа» шығармасы бойынша «Қожа және оның достары» атты квиз өткізілді.
Шараға М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 5 класс оқушылары қатысты.
Квизде шығарманың бас кейіпкері Қожаның сан алуан сезімдерін білдіретін үзінділер талданды. Ойын әйгілі «Ойжұмбақ» мултьфилміндегі адам бойындағы қуаныш, ашу, ұялу, қайғы, жиіркеніш сияқты сезімдер тартысы мысалға алынып, қатысушылар шығарманың басты кейіпкері Қожа қандай сезімдерді басынан кешірді және оларды қалайша жеткізгені туралы мысалдар келтірді. Ойын балаларға әртүрлі көңіл-күй сыйлап, Қожаның әрекеттері туралы талқыға салды.
«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» кітап көрмесі ұсынылып, онда Б.Соқпақбаевтың ең алғашқы туындысының бірі «Бұлақ» атты жыр жинағына енген өлеңдерінің «Балдырған» журналындағы жарияланымдары қойылды.
Жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Бала шақты кестелеген қаламгер» әдеби челленджіне қатысқан оқушылар М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 6 класс оқушысы Құмар Гүлнұр, М.Мақатаев атындағы №73 ЖББОМ-нің 3 класс оқушысы Кусмамбетова Алина, Ғ. Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназияның 3 класс оқушысы Қайратқызы Айару алғыс хатпен марапатталды.
«Балалар әдебиетінің бәйтерегі»
- Подробности
- 1
2024 жылдың 9 қазан күні Ақтөбе облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы (түзету) мектеп-интернатында «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.
Балаларға жазушының өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, “Менің атым Қожа” повесін баяндай отырып толық талдау жасады.
Әдебиетке балалықты әкелген
- Подробности
- 3
2024 жылдың 2 сәуір күні Балалар әдебиетінің классигі, жазушы Б.Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Әдебиетке балалықты әкелген» атты әдеби круиз өткізілді.
Шараға Ұ. Құлымбетов атындағы №64 орта мектептің, Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталағының, және де Б. Момышұлы атындағы №62 орта мектептің оқушылары белсене қатысты.
Әдеби круизде жазушы Б.Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» повесінің желісімен түсірілген кинофильмде орындалған «Біз Отанның ұланымыз!» әнін «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының» оқушылары орындап, шараның шымылдығын ашты.
Ұ. Құлымбетов атындағы №64 орта жалпы білім беретін мектептің оқушылары «Менің атым – Қожа» шығармасының желісі бойынша театрландырылған көрініс көрсетті.
Балалар кітап күні орай өткізілген шараның қорытынды бөлімінде жазушы Б.Соқпақбаевқа арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрмесі ұсынылды.
«Балалыққа саяхат жасаған қаламгер»
- Подробности
- 1
2024 жылдың 18 қыркүйек күні «Бір ел – бір кітап» жобасы аясында Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған «Балалыққа саяхат жасаған қаламгер» атты әдеби кеш өткізді.
Кеш барысында шара қонақтары қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Д.Б.Мұханбедиярова мен К.О.Шугурова балалар әдебиеті сынды балғын әлемнің тереңіне бойлап, оқырмандарын жақсылыққа қайрай білген жалынды жазушының өмірі мен шынайы шығармаларына терең тоқталса, оқырмандар өз ойларын білдіріп, тапсырмалар орындау арқылы білімдерін жетілдіре түсті.
Ұ.Құлымбетов атындағы №64 орта мектептің 6 класс оқушылары жазушының «Менің атым Қожа» шығармасынан сахналық қойылым көрсетіп, қазақ баласының сыпайы да сотқар қылығы, сынық мінезімен қатар еркін ойлы, креативті бала екендігін жеткізді.
Оқырмандар назарына «Шынайы азамат, шыншыл жазушы» атты кітап көрмесі ұсынылды.
Балалар әдебиетінің бәйтерегі
- Подробности
- 5
2024 жылы 11 наурыз күні Ұзақбай Құлымбетов атындағы № 64 жалпы білім беретін орта мектебінде балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты танымдық кеш өтті.
Шараға кітапхана қызметкері Төлепбергенова Рыскул қатысып, балалар жазушысының өмірі мен шығармашылығына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалды. Өзгеше ойлы қаламгер Бердібек Соқпақбаевтың шынайы шыңдықпен нәрленген шығармалары насихатталды.
