Жазылу тәртібі

 VII. Кітапханада кітаптарды пайдалануға жазылу тәртібі

7. Жеке басты куәландыратын құжаты және ата-анасынан кепілдемесі бар 15 (он бес) жасқа дейінгі балалар (туу туралы куәлік), мектеп оқушылары (оқу орнынан анықтама), жоғарғы оқу орындары және колледж студенттері (жеке куәлік - түпнұсқа), Ақтөбе қаласы және облысында тұрақты тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары мен азаматшалары жазыла алады және кітапхана пайдаланушысы бола алады.

7.1. Оқырман билетін алу үшін жеке басын куәландыратын құжаттарымен (көшірмесін тапсыра отырып) кітапханаға тіркеледі. Абономент бөліміне жазылу үшін оқу орнынан анықтама ұсынады және оқырман формулярын толтыру үшін мәліметтер береді. Оқырман мекенжайы өзгерген жағдайда, кітапханаға хабарлауы қажет.

7.2. Тиісті тәртіппен абонемент арқылы берілуге жататын кітаптарды оқырман балаларға 3 күннен 10 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге үйге беріледі және дәл сол сәтте басқа пайдаланушылар тарапынан сұраныс болмаған жағдайда, пайдалану уақытын кітапхана қызметіне телефон арқылы хабарласып, пайдалану уақытын 5 (бес) күнге ұзартуға болады.

7.3. Ересек адамдар, жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттерінің оқырмандары оқу залынан қажет кітаптарды пайдалана алады, бірақ үйге алып кетуге тыйым салынады.

7.4. Пайдаланушылар кітапхананы пайдалану Ережелерімен танысып, тіркеу құжаттарын толтырып, Ережелерді орындау туралы келісімін қол қою арқылы растайды. Сондай-ақ, пайдаланушы қол қою арқылы кітапхана қорын мұқият пайдаланып, мекен-жай бойынша қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, кітапхана қызметіндегі статистикалық есеп, пайдаланушы тұрғындардың әлеуметтік құрамын зерттеу үшін қажет болатын жеке мәліметтерін өңдеуге келісім береді.

7.5. Жыл сайын қаңтар айының алғашқы жұмыс күнінен бастап кітапханада тұрақты оқырмандарды қайта тіркеу жүзеге асырылады.