Новости
2023 жылғы 9 наурыз күні «Ұлттық киім - ұлт мінезі» этносағат өтті
- Подробности
- 26

2023 жылғы 9 наурыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Ымырттағы кітапханада» аясында Наурыз мерекесіне бағытталған «Ұлттық киім - ұлт мінезі» этносағатын өткізді.
Дана Абайдың «киім кию салты арқылы адамның мінез-құлқы, қоғамдағы орны, болмысы анықталады» дегеніндей, шарада ұлттық киім – Ұлы даланың қастерлі қазынасы, мызғымас мәдени мұрасы, болмысы бөлек, бітімі ерек қазақ халқының ерекшелігі мен өшпес өнегесі екендігі айтылды.
№31 орта мектебінің «Шолпы» клубының мүшелері мен жетекшісі Орнай Бижанқызы Ірдісова шаштың сәні – шолпының қаситі, тағу жолдары туралы әңгімелеп, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдеріміз ұлықталды.
2023 жылғы 24 ақпан күні «Өнер сүйген өмір» АRT-кеші
- Подробности
- 20

2023 жылғы 24 ақпан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №1 балалар музыка мектебімен біріге отырып, музыка мектебінің салтанат залында А.Жұбанов атындағы Ақтөбе облыстық қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, профессор, компазитор Қ.Қожанбаевтың 85 жасқа толуына орай «Өнер сүйген өмір» АRT-кешін өткізді.
Шарада композитордың өмір жолы, өнері, атқарған қызметі, Ақтөбе шаһары мәдениетінің көтерілуіне қосқан үлесі туралы кеңінен баяндалды. Шараға Қ.Қожанбаевтың шәкірттері А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің директоры Аманжол Дүйсенұлы Исмағұлов, күйші, ҚР Мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, қазанғаптанушы Жайлау Жаншаұлы Асылханов қатысып, композитордың музыка саласын жаңа көркемдік дәрежеге көтерген еңбегі және ұстаздық қасиеті туралы әңгімелесе, Қайырғали Қожанбаев өзінің ұстазы Ахмет Жұбанов туралы естеліктерімен бөлісті. Кітапхана оқырмандары өнер майталманымен еркін сұхбаттасып, құрмет көрсетті.
Кеш шымылдығын №1 балалар музыка мектебінің оқушылары «Көңілашар» фольклорлық ансамблі «Арнау» күйімен ашып, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Күләш Бәйсейітова атындағы төсбелгі иегері, Ғ.Жұбанова атындағы филармония әншісі, № 1 Балалар музыка мектебінің академиялық вокал класы оқытушысы Манзура Сейілхановна Сапарова әнмен тербеп, жас домбырашылар күйлерін күмбірлетті.
Ақтөбе өңірінің өнері және өнер қайраткерлері туралы сыр төгетін «Өнерлі өлкенің оты өшпейді» кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.
2023 жылғы 10 ақпан күні «Зерде» жеке мектебінде «Шаңырақ» отбасылық оқу клубының әдеп сабағы
- Подробности
- 20

2023 жылғы 10 ақпан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы педагогикалық колледжі жанынан ашылған «Зерде» жеке мектебінде «Кітаптаханамен отбасы ынтымақтастығы» тақырыбында «Шаңырақ» отбасылық оқу клубының әдеп сабағы өткізді.
Шараға өлкетанушы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкер және Қазақстан Республикасының Алтын кітабына енген ардагер ұстаз Сергалиева Райгүл Ақтөреқызы және ақын, жазушы,әуесқой сазгер Қазақстан журналистер одағының және Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі, көп жылдар мектеп директоры болып қызмет атқарған ардагер ұстаз Арықова Асылгүл қатысты.
Арықова Асылгүл оқырмандарды отбасымен бірге кітап оқуға, атамекен мен туған жерін қорғауға шақырған ой-толғаныстары жайлы әңгімелеп, келер ұрпаққа арнаған өнеге-өсиеттері, қанатты сөздері жайлы айтып қана қоймай, бабадан қалған даналық сөздің құдіретін бағалай білуге шақырды. Ал Райгүл Ақтөреқызы экран арқылы қоғамдағы болып жатырған келеңсіз жағдайларды байланыстыра отырып балалар мен ата –аналар арасындағы ынтымақтастықты қалай қалыптастыру керектігі туралы тренг ұйымдастырды.
«Шаңырақ» отбасылық оқу клубының мүшелері «Әдептіміз бірге» айдары бойынша Ертай Ашықбаевтың «Әдеппен сөйлеп әдеттен», Ө. Тұрманжановтың «Сіз», «біз» деген жылы сөз, Абдрахман Асылбектің «Әдепті бала» өлеңдерін оқыды.
«Бақытты отбасы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
2022 жылғы 29 желтоқсанда «Жаңа жылдық шыршаға ойыншақтар жасаймыз!» шеберлік сағаты өтті
- Подробности
- 14

2022 жылғы 29 желтоқсанда мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында «Ымырттағы кітапханада» оқырмандар үшін «Жаңа жылдық шыршаға ойыншақтар жасаймыз!» шеберлік сағаты өткізілді. «Нарқыз» жыр мектебінің оқушылары ән-жырдан шашу шашып, мерекелік құттықтауларын арнады. Аяз ата мен Ақшақар қызықты ойындарына белсенділік танытқан балаларға тәтті сыйлықтар тарту етті.
«Сиқырға толы Жаңа жыл!» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
«Елімнің бақыты – Тәуелсіздік!» атты салтанатты кеш өтті
- Подробности
- 19

Бүгін «Ымырттағы кітапхана» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақыты – Тәуелсіздік!» салтанатты кеш Б.Момышұлы атындағы № 62 жалпы білім беретін орта мектебінің, «Білім» мектеп-гимназиясының оқушыларының қатысуымен өтті.
Жас патриоттар «Желтоқсан желі», «Батырлар ұраны» әндерін орындап, патриоттық өлеңдер оқыды. «Білім» мектеп-гимназиясының өнерпаздары «Әжесі мен немересі» атты көрініс қойды,
Оқырман назарына «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» кітап көрмесі ұсынылды.
2022 жылы 22 желтоқсанда өнерлі оқырмандарымызбен кездесу өтті
- Подробности
- 20

2022 жылы 22 желтоқсанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Ымырттағы кітапхана» жобасы аясында «Мен өнерлі баламын, жарқыраймын, жанамын!» өнерлі оқырмандарымызбен кездесу кешін ұйымдастырды.
Шараға М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимгазиясының 5 класс оқушысы дарынды оқырманымыз Шамшырақ Қадыржан қатысып, жетіген, гитара, укелеле аспаптарында ойнаудың қыры-мен сырымен, өнер жолындағы, сән әліміндегі өзінің жетістіктері мен оған жету жолындағы қиындықтар мен қызықтары туралы бөлісті.
Ақжар қайырымдылық мекемесінің білім алушылары қатысып, М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының би үйірмесінің бишілері би өнерінің құдіретімен, сұлулығын тәнті етсе, Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің оқушылары спорт өнерінің маңыздылығымен бөлісті.
