Новости

Новости

     2022 жылғы 7 желтоқсан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №45 орта мектебінің ашық  алаңында  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған «Бұл – адалдық пен әділдік үшін күрес» әңгімесін өткізілді.

     Жас ұрпаққа сыбайлас жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, адамгершілікті өз шығармаларының туы жасаған Абай, Шәкәрім бастаған қазақ классиктерінің  асыл мұраларын  насихаттап, адалдық біздің жан дүниемізден, істеген істерімізден, жасаған қарым-қатынасымыздан көрінетіні туралы айтылып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, оқырмандарға  ақпарат берілді.

     Оқырмандар назарына «Адал еңбек еткенге бақыт басын иеді» атты кітап көрмесі жасақталып,  А.Смағұловтың «Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес проблемалары» атты оқу құралы, А. Айталының «Қазақты намысы қамшыласын» кітабындағы «Жемқорлардың өз пирамидасы бар» публицистикалық мақаласы, А.Тайжан «Парыз бен пайым» кітабындағы коррупция оның тарихы мен мәні, ерекшелігі туралы мақаласы, Н.Төлепбергенұлының «Жемқордың жеткен жері» , публицист Ж.Құлиевтың «Шындық – жалғыз, сұмдық- мың» кітаптары мен Абдрахман Асылбектің «Ұр, тоқпақ!» атты  мысалдар, сатиралық өлеңдері, Н. Төлепбергенұлының «Жемқордың жеткен жері» атты сықақ әңгімелер жинағы ұсынылды.

1

2

3

4

5

6

7

 

     2022 жылғы 1 желтоқсан күні «Ымырттағы кітапхана» жобасы аясында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Оқимыз. Ойлаймыз. Армандаймыз» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Шараға кітапхананың белсенді оқырмандары, №42 жалпы білім беретін орта мектептің 6 сынып оқушылары қатысты.

     Сегіз кезеңнен құралған ойында балалар «Кітапсүйерлер» және «Кітапқұмарлар» топтарына бөлініп,  әдебиет, поэзия, дүниетаным тақырыптары бойынша білімдері мен тапқырлығын көрсетті.

     «Кітаптың үйі – кітапхана» кезеңінде балалар оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөліссе, «Сұрақтар керуені» бөлімінде түрлі тақырыпта сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салады.

1

2

3

4

     2022  жылғы 29 қарашада Н.Байғанин  атындағы облыстық балалар кітапханасы «Позитив» салауаттылық клубының кезекті отырысын 1 желтоқсан – бүкіләлемдік ЖИТС-қа қарсы күрес күніне арнап, «Нашақорлық – қасырет кілті» «Наркотики: не влезай, убьет!» дөңгелек үстелін ұйымдастырды.

     Шараға облыстық ЖИТС-ті алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының бөлім меңгерушісі Айжан Аманғалиқызы Жайлаубаева қатысып, ЖИТС ауруы, жұғу көздері және жұғу жолдары, одан сақтану, қорғана білу жолдары туралы толық ақпарат беріп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

     Шарада «Позитив» салауаттылық клубының мүшелері  әр түрлі блиц-сұрақтарына жауап бере отырып, өз пікірлерін ортаға салды.

1

2

3

4

5

6

7

8

      2022 жылы 25 қарашада Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Ымырттағы кітапхана» жобасы аясында «Ән қалықтап, күй күмбірлеп, жыр төгілді төрімізде» әдеби-сазды кеш ұйымдастырды.

     Оқу мәдениетін арттыру, жастар арасында кітап оқуды жандандыру, қоғам мен кітапхана байланысының жаңа формаларын қалыптастыру мақсатында өткізілген бұл шараға поэзияны, көркем әдебиетті сүйетін оқырмандар, «Желкен» әдеби клубының мүшелері белсене қатысты.

     Шараға қатысушылар белгілі ақындардың өлеңдерін оқып, өнерлі оқырмандар домбырадан күй төгілтіп, ән салып, үлкен қызығушылықпен қатысып, рухани азық алды.

    «Кітап - достық елшісі» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, баршаны кітап оқудан ләззат алуға, жан сарайын кеңейтуге шақырылды.

Шараға Ақтөбе педагогикалық колледжі, Ақтөбе көлік,  комуникация және жаңа технология колледжінің студенттері қатысты.

1

2

3

4

5

6

 

 

     2022 жылы 25 қарашада Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы  тарихта есімдері қалған жерлес әйел-аналарымызға тағзым ету мақсатында қолға алынған «Ұлы дала қыздары» жобасын қорытындылап, «Ананың ақ жолымен» атты шара өткізді.

     Шараға білім саласынын ардагері, өлкетанушы, Ақтөбе туристік-географиялық картасын жасақтаған Райгүл Сергалиева бастаған «Қазақ аналары - дәстүрге жол» жобасының мүшелері, Ырғыз, Мәртөк, Байғанин аудандарының белсенді ардагер аналар қатысып, қоғамдағы ананың ролі, қәзіргі қазақ  қызының бейнесі туралы айтып,  тәлім-тәрбие ананың ақ сүтімен, бесік жырымен баланың бойына даритындығын тілге тиек етіп, өмірден түйген ғибратты  әңгімелерімен бөлісті.

     Шара барысында «Ана - тіршілік, ана – өмір өзегі»  атты кітап көрмесі ұсынылды.  «Шолпы» қыз балалар клубының мүшелері тарихта қалған аналар бейнесін «Аналар – Даналар» әдеби дефилесі арқылы сомдаса, анаға деген ыстық сезімдерін «Желкен» әдеби клубының мүшелері «Ана деген теңдесі жоқ ұлылық» әдеби монтажымен, №6 «Орман ертегі» бөбекжай-балабақшасының бүлдіршіндері жырмен, әнмен жеткізді.

     Шараға  №31 орта мектебінің, М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің, Ғ.Ақтаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясының, Б.Момышұлы атындағы №62 орта мектебінің оқушылары белсене қатысты.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      2022 жылғы 24 қарашада Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы  Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде жазушы, әдебиет  зерттеуші, ғалым профессор  Ақселеу Сейдімбектің туғанына 80 жыл толуына орай «Шежіре-ғұмыр» атты әдеби кеш өткізді.

     Шара барысында  бүкіл саналы ғұмырын шығармашылық пен әдебиетке, ғылым мен мәдениетке арнаған, халықтың өнері мен өнегесін рухани құндылығын  дәріптеген  Ақселеу Сейдімбектің өлшеусіз еңбегі туралы насихатталды.

     Оқырмандар назарына  «Ата салтын жаңғыртушы» атты кітап көрмесі ұсынылып, жазушының «Аққыз»,  «Арманына жеткен Алпамыс» атты  шығармалары терең талқыланды.

     Ақын Жүрсін Ерманның «Даладай дарханым,теңіздей тереңім» өлеңімен,  ақын Несіпбек Айтұлының ақын рухына арнаған «Ағаны жоқтау» өлеңі оқылды.

1

2

3

4

5

6

7

8