Новости
2023 жылғы 11 шілде күні «CAMPIT» жазғы балалар демалыс лагерінде «Оқитын дос іздеймін» атты шара ұйымдастырылды
- Подробности
- 36

2023 жылғы 11 шілде күні Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «CAMPIT» жазғы балалар демалыс лагерінде «Оқитын дос іздеймін» жазғы оқу жобасы аясында шара ұйымдастырылды. Шарада тілсіз тәрбиеші әрі сырлас досымыз кітап оқуды оқырмандарға насихаттап, қызықты ойындар мен әдеби викториналық сұрақтар арқылы кітапқа деген қызығушылығын арттырды. Оқырмандар әдеби шаңырақ алаңында сүйікті ақындарының өлеңдерін оқып, әндер шырқады. Оқырмандарға «Кел, кітап оқиық!» жаңа әдебиеттерге арналған кітап көрмесі ұсынылды.
2023 жыл 11 шілде күні «Демаламыз, ойнаймыз. Қызықтарға тоймаймыз» атты ақыл-ойды...
- Подробности
- 34

2023 жыл 11 шілде күні балалар кітапханасы «Let’s play and read» жобасы аясында «Демаламыз, ойнаймыз. Қызықтарға тоймаймыз» ақыл-ойды дамытуға арналған ойындар тақырыбында «Зерде» балабақшасының кішкентай бүлдіршіндерімен қызықты уақыт өткізді. Балалардың ойлау қабілетін дамыту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген кезекті шара «Ертегі кейіпкерлерінің жұбын тап», «Кім тапқыр?», «Ненің баласы?», «Суреттің жалғасын тап», «Қандай жеміс?», «Сыңарын тап» сынды ойындардан тұрды. Зерек те ақылды балалармен бірге «Кел, билейік, балақай» сергіту сәті де ұйымдастырылды.
Ойын соңында кішкентай оқырмандарымызға «Кел, бірге ойнайық» тақырыбында кітап көрмесі ұсынылды. Балалар ой-өрісін дамытуға арналған танымдық кітаптармен танысып қана қоймай, «Жоғалған доп» ертегісін тыңдады.
2023 жылғы 5 шілде күні «Астана – аласармас асқақ рух» атты патриоттық сағат өтті
- Подробности
- 25

Бүгін №15 «Жидек» бөбекжай балабақшасында Астана күні аталып өтті. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу, еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру мақсатында «Астана – аласармас асқақ рух» тақырыбында патриоттық сағат өткізілді.
Кішкентай оқырмандарымызға «Еліміздің жүрегі-Астана» атты кітап көрмесі таныстырылды. Одан бөлек, балалар, Астананың көрікті жерлерінің суреттері жасырылған таблоларды ашып, жауабын тауып, сол жер туралы әңгімелеп берді. Астана күніне орай, балабақша тәрбиеленушілері Күләш Ахметованың «Құтты Орда», Қалқаман Сариннің «Астана», Мағиза Құнапияқызының «Астанам», Сәуле Досжанның «Астана суреттері» өлеңдерін тарту етті.
2023 жылғы 29 маусымда «Жұлдыздай жарқырайтын жаңа есім» атты әдеби кеш өтті
- Подробности
- 39

2023 жылғы 29 маусымда «Ымырттағы кітапхана» мәдени-әлеуметтік шарасы аясында кітапхана қызметкерлері С.Жиенбаев атындағы креативті орталықта «Ұлы дала прозасы» номинациясы жеңімпазы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Әлихан Жақсылықпен «Жұлдыздай жарқырайтын жаңа есім» атты әдеби кешін өткізді.
Шараға ақынның достары Ернар Қойшыбаев, Ислам Бақтыбай және кітапхана оқырмандары мен мәдениет қызметкерлері қатысты. Шара барысында ақынның «Кие», «Арпалыс» атты өлеңдері оқылды. Сонымен қатар оқырмандар назарына жазушы шығармашылығына қатысты презентация ұсынылып, Әлихан Жақсылық сценарийін жазған «Ырысты ыдыстар», «Қаһарман» мультсериалдары мен балаларға арналған «Үкілі әуен» телесериалынан үзінділер көрсетілді. Оқырмандар өздерінің сұрақтарын қою арқылы қаламгердің өмірі мен шығармашылығымен толық, жан-жақты танысты. «Жан азасы», «Алты құрлық», «Тамұқтағы жалғыздық» әңгімелері туралы ойларын айтып, пікірлерімен бөлісті.
2023 жылғы 22 маусым күні «Балақайға еркелі, Айтайық қызық ертегі» оқу сағаты өтті
- Подробности
- 27

2023 жылғы 22 маусым күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Let’s play and read» жобасы аясында ұйымдастырған «Балақайға еркелі, Айтайық қызық ертегі» оқу сағатында №15 «Жидек» балабақшасының бүлдіршіндеріне «Өсімдіктер мен кемпірқосақ» ертегісін дауыстап оқып, әдеби ойындар ойнатты. Шара соңында «Ертегі әлемінде» атты кітап көрмесі таныстырылды.
2023 жылғы 20 маусым күні нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» атты ақпараттық сағаты өтті
- Подробности
- 21

Бүгін кітапханада 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» тақырыбында ақпараттық сағаты өтті. Шараға №22 мектептің «Балдаурен мектеп жанындағы алаң» тобының балалары қатысты. Балалар «Біз күштіміз, ептіміз!» кітап көрмесімен танысып, салауатты өмір салтын сақтап, өз денсаулығына жауапсыз қараудың салдары қандай болатыны жайлы ақпарат алды.
