Новости
2022 жылғы 27 қазанда «Кітап. Тұлға. Рух.» жобасы аясында «Өнері биік тұлғалар» атты кездесу кеші өтті
- Подробности
- 21

2022 жылғы 27 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Кітап. Тұлға. Рух.» жобасы аясында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, қолданбалы-сәндік өнер шебері, зергер, Болат Төлеубайұлы Атыраубаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, күйші Жайлау Жаншаұлы Асылханов және ақын, сазгер, ҚР Мәдениет саласаның үздігі Орал Ноғайбайұлы Байсеңгірмен «Өнері биік тұлғалар» атты кездесу кешін өткізді.
Шара қонақтары жас ұрпақтың рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен тәрбие құралы –кітап екендігін, өз өмірлеріндегі жетістіктері туралы, жетістікке жетудің қыры мен сырымен бөлісіп, адам жасында қиялға берілгіш, арманшыл, белсенді болып келсе, өсе келе өмірге шынайы көзібен қарайтын парасатты, жалған мен ақиқатты айыра алатын, әлеуметтік кемелденген тұлға болып қалыптасатыны туралы айтып, оқырмандармен еркін сұқбаттасты.
2022 жылғы 26 қазанда «Кел, балалар» балабақшасының кішкентай бүлдіршіндер келді
- Подробности
- 15

2022 жылғы 26 қазанда біздің кітапханаға «Кел, балалар» балабақшасының кішкентай ізденімпаз бүлдіршіндері келіп ертегілер оқып, жұмбақтар шешті. «Балдәурен», «Айгөлек», «Балдырған» журналдарындағы қызықты тапсырмаларды орындады. Кішкентай оқырмандарымыздың назарына жаңа ертегілер, панорамалық 3D кітаптар ұсынылды.
2022 жылғы 20 қазанда «Сезімнің қылын шерткен қаламымен» атты әдеби кеш өтті
- Подробности
- 23

2022 жылғы 20 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы № 65 жалпы білім беретін орта мектепте жазушы,Ұлы Отан соғысының ардагері Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Сезімнің қылын шерткен қаламымен» атты әдеби кеш өткізді.
Шара барысында өнегелі өмірінің соңғы күндеріне дейін қаламымен сыр шерткен, көрнекті жазушының өмірі туралы мәлімет беріліп, қызықты естеліктер мен жас ұрпақты әдепті болуға баулитын аталы сөздері айтылды. Халықтың ыстық ықыласына бөленген «Махаббат қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңыз», «Мәңгілік махаббат жыры», «Өмір өрнектері» т.б. көркем шығармалары таныстырылды. Белсенді оқырмандар жазушымен жары Халима арасындағы сезім мен сыйластыққа толы диалог өлеңді, енді бірі «Махаббат қызық мол жылдар» шығармасындағы Меңтайдың хаты мен Ерболдың сөзін оқыды.
Оқырмандар назарына «Ғибратты ғұмыр иесі» атты кітап көрмесі ұсынылды.
2022 жылғы 19 қазанда «Менің Қазақстаным – менің болашағым» танымдық әдеби кеш өтті
- Подробности
- 16

2022 жылғы 19 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Республика күніне орай Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында «Менің Қазақстаным – менің болашағым» танымдық әдеби кеш ұйымдастырды.
Шара барысында замана сырын жырға қосқан ақындарымыздың өлеңдері оқылып, халық күйлері «Салкүрең» мен «Айжан қыз» орындалды. Тұтас ұлттың мәдениеті мен дәстүрін танытып жүрген қазақ күйімен қатар, Алмас Ахметбекұлының «Көк тудың желбірегені» әні шырқалды. Оқырмандар назарына «Жасай бер, жаса Қазақстан!» атты кітап көрмесі ұсынылып, киелі Отанымыздың тарихи даму жылдарына библиографиялық шолу жасалды.
2022 жылғы 18 қазанда «Тәуелсіздік негіздерінің бірі – рухани келісім» кездесу кеші өтті
- Подробности
- 16

2022 жылғы 18 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Рухани келісім күніне арналған «Тәуелсіздік негіздерінің бірі – рухани келісім» кездесу кешін өткізді.
Тұрақтылықтың іргетасы - Рухани келісім күні орай өткізілген шараға Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжайнар Серғазықызы Алашбаева мен орынбасары Рәмзия Шаухатқызы Есенбаева қатысып, ұлттық құндылық, татулықты ту еткен бірлік пен ынтымақ, ұлтаралық қатынас екендігін, Көк тудың астында көп ұлттың өмір сүруі қазақ даласының кеңдігін, қазақ елінің дархан пейілді қонақжай халық екендігін айқындап тұрғанын айтып, жақсы қарым-қатынаста болуға шақырды.
Оқырмандар назарына «Достықтың дархан ұясы» кітап көрмесі ұсынылды.
Шараға М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің жоғарғы класс оқушылары мен Ақтөбе педагогикалық колледжі студенттері белсене қатысты.
2022 жылғы 17қазан күні «Табиғат тағдыры – адам тағдыры» атты шара өтті
- Подробности
- 16

2022 жылғы 17қазан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы № 8 жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының қатысуымен экологиялық тәрбие беру мақсатында «Табиғат тағдыры – адам тағдыры» шарасын өткізді.
Оқушылар табиғат әлеміне саяхат жасап, мақал- мәтелдердің жалғасын тауып, жұмбақтардың шешімін тапты. Қадыр Мырза Әлидің «Күздің ұзақ жауыны», Ұлықбек Естаулеттің «Табиғат пен ақын» өлеңдерін оқыды. «Жеріңді аяла, адамзат!» атты көрмесі ұсынылды.
