Новости

Новости

     2022 жылғы 14 желтоқсанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар     кітапханасы М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатында жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Б.Иманғазинаның 80 жасқа толу құрметіне арналған «Асқар биікке аяқ басқан» әдеби кеш өткізді.

     Шарада оқырманды шынайылығымен, тілінің жеңілдігімен баурап алатын, қоғамдағы мүгедек аналардың басына түскен ауыртпалықты көтерген жазушының  «Тауқымет» романы туралы және өмірі, шығармашылық жолы туралы баяндалды

     Оқырмандар шығармадан қандай тәрбиелік ой түйгендерін, басты кейіпкер Сананың  ауыр тағдыры мен жігерлілігі туралы пікірлерімен бөлісті. Белсенді оқырмандар Ертай Ашықбаев пен Иран-Ғайыптың «Бибі-Ана» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

1

2

3

4

     2022 жылғы 13 желтоқсанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы  ақын Мұхтар Шахановтың 80 жасқа толуына орай М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатында «Мінсіз талант, мінезді өлең» атты жыр сағатын өткізді.

     Шара барысында елдік, ұлттық мүдде үшін шындықты ту етіп, арына жалау еткен  қоғам қайраткерінің  өмір жолы туралы мәлімет беріліп, жастық шақ пен әдебиет әлемінен сыр шертетін ескерткіш фотолары таныстырылды.  Ақынның  ерекше талғампаздықпен  жазылып, оқырман қауымды толғандырған «Төрт ана»,  «Рух пен тіл»,  «Өзендер», «Жігерлендіру» атты  өлеңдері оқылды.

     Оқырмандар назарына  «Даланың дархан данасы» атты кітап көрмесі ұсынылып, ақынның сан алуан  тақырыпты қамтыған, әр жылдарда  жазылған  өлеңдері мен дастандары, поэмалары енгізілген кітаптары таныстырылды.

1

2

3

4

5

     2022 жылғы 13 желтоқсан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №52 негізгі орта мектебінде Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік күніне арналған «Отаным десем ойыма...» патриоттық әдеби кеш ұйымдастырды. Тәуелсіздік – баға жетпес байлық екендігі түсіндіріліп, балалардың дүниетанымдарын кеңейтетін белгілі ақындардың өлеңдерімен қатар, «Тәуелсіздік – ел ұраны» әні орындалды.

     Оқырмандар назарына  «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»  кітап көрмесі ұсынылып, киелі Отанымыздың тарихи даму жылдарына библиографиялық шолу жасалды.

1

2

3

4

5

6

7

 

     Бүгін Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні. №11 орта мектеп-гимназиясында 5 сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа «ЖОҚ» дейік!» тақырыбында интерактивті ойын өткізілді. Қатысушыларымыз парақорлық туралы сұрақтар бойынша белсенділік танытып,  өз пікірлерін орта салды.

1

2

3

4

5

6

 

     2022 жылғы 8 желтоқсанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Ымырттағы кітапхана» аясында «Елім менің» квиз өткізді.

     Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірінен сыр шертіп, еліміздің даму тарихына терең бойлайтын әдеби зияткерлік ойынында М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 7 сынып оқушылары қатысты.

     Балалар  тіл сауаттылығы мен тұрақты тіркестер, көне сөздер мен ел тарихындағы тұлғалар туралы бейне сұрақтарға жауап беріп, тартысты ойын үлгісін көрсетті.

1

2

3

4

5

6

 

 

7

8

 

     2022 жылғы 8 желтоқсанда Н.Байғанин  атындағы облыстық балалар кітапханасы Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – бастауы бар бақыттың!» патриоттық акция ұйымдастырды.

     Шараның  мақсаты: балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін қастерлеуге тәрбиелеу; балалар әдебиетін насихаттау; балалардың білімге құштарлығын арттыру.

     Кітапхананың белсенді оқырмандары М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының, Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің, Б.Момышұлы атындағы №62, №45, І.Есенберлин атындағы №15 орта мектептерінің оқушылары «Жарқыра, жанған  күндей  Тәуелсіз  ел!» мерекелік бағдарламасын ұсынды.

     Жас патриоттар назарына   «Тәуелсіздік – баға жетпес байлық» атты кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жүргізілді.

1

2

3

4

5

6

7