Новости
8 маусым күні «Біз табиғаттың достарымыз» атты жас экологтар шеруі өтті
- Подробности
- 20

8 маусым күні «Кітап Ұstar» жобасы аясында Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №15 «Жидек» бала бақшасының бүлдіршіндерімен «Біз табиғаттың достарымыз» жас экологтар шеруін өткізді. Балалар «Табиғат», «Табиғат құбылыстары» туралы қызықты мәліметтер алып, «Эко-жұмбақтар» бойынша жұмбақтар жасырылды, танымдылық викторина сұрақтарына жауап берді.
Оқырмандарға «Жеріңді аяла, адамзат!» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
2023 жылғы 8 маусым күні «Оқитын дос іздеймін» жазғы оқу жобасы аясында шара өтті
- Подробности
- 21

2023 жылғы 8 маусым күні Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «CAMPIT» жазғы балалар демалыс лагерінде «Оқитын дос іздеймін» жазғы оқу жобасы аясында шара ұйымдастырды. Шарада тілсіз тәрбиеші әрі сырлас досымыз кітап оқуды оқырмандарға насихаттап, қызықты ойындар мен зияткерлік тапсырмалар арқылы кітапқа деген қызығушылығын арттырды. Шара соңында оқырмандар әдеби шаңырақ алаңында сүйікті ақындарының өлеңдерін оқып, әндер шырқады. Оқырмандарға «Сен әлі оқымадың ба, бұл бізде бар..» жаңа әдебиеттерге арналған кітап көрмесі ұсынылды.
2023 жылғы 8 маусым күні Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «CAMPIT» жазғы балалар демалыс лагерінде «Оқитын дос іздеймін» жазғы оқу жобасы аясында шара ұйымдастырды. Шарада тілсіз тәрбиеші әрі сырлас досымыз кітап оқуды оқырмандарға насихаттап, қызықты ойындар мен зияткерлік тапсырмалар арқылы кітапқа деген қызығушылығын арттырды. Шара соңында оқырмандар әдеби шаңырақ алаңында сүйікті ақындарының өлеңдерін оқып, әндер шырқады. Оқырмандарға «Сен әлі оқымадың ба, бұл бізде бар..» жаңа әдебиеттерге арналған кітап көрмесі ұсынылды.
2022 жылғы 2 маусым күні «Туды ұстайды рухы биік ел ғана» атты патриоттық сағат өтті
- Подробности
- 32

2022 жылғы 2 маусым күні кітапхана қызметкерлері №15 «Жидек» бала бақшасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Туды ұстайды рухы биік ел ғана» патриоттық сағатын өткізді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, оның құрылу тарихын, мемлекеттік атрибуттардың мәні мен авторларын таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шарада Маралтай Райымбекұлы, Алмас Ахметбекұлы, Сұлтан Қалиевтің т.б. ақындардың рәміздер туралы жазған өлеңдерін оқып, викториналық сұрақтарға жауап берді.
Оқырмандар назарына «Рәміздер –елімнің мақтанышы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жүргізілді.
1 маусым күні «КІТАП ФЕСТИВАЛІ - 2023» атты шара ұйымдастырылды
- Подробности
- 22

1 маусым күні С.Жиенбаев атындағы креативті орталығының алаңында Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен облыстық, қала кітапханалары өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін, жастардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау мақсатында «КІТАП ФЕСТИВАЛІ - 2023» шарасы ұйымдастырылды.
Кітап фестивалі аясында балалар кітапханасы Жазушылар одағының мүшесі, ақын, сазгер, аудармашы, Мәдениет саласының үздігі Гүлсамал Аймаханованың шығармашылығына арналған «Ақ парақ пен қаламды Тұмарындай аялап...» жыр-думан өткізілді.
Гүлсамал Төрединқызы халық игілігіне жасап жатқан жұмыстары, шығармашылығындағы жаңалықтары және алдағы жоспарларымен бөлісті және жыр сүйер жастарға ең бірінші ана тілін сүю қажет екенін, көп білім ғана адамды шыңға жетелейтінін айтып, ақыл-кеңес берді.
Шара «Мен өнерпаз баламын, жарқыраймын жанамын» әдеби-сазды бағдарламасымен жалғасты. Кітапхана оқырмандары М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің, Қорқыт атындағы өнер мектебінің оқушылары жергілікті ақын-жазушыларының жырларын оқып, қалалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының оқушылары өз өнерлерін көрсетті.
Кітапхананың жас оқырмандары, бастауыш сынып оқушылары «Балауса бағым – шаттық пен қуаныш ордасы» әдеби косплейі өтті.
Оқырмандар назарына «Құрақтай балғын, бұлақтай мөлдір...» және «Ғажайып әлемі» алаңдарында балаларға арналған түрлі форматта кітаптар ұсынылып, әдеби ойындар ұйымдастырылды.
№60 Д.Қонаев атындағы орта мектебінің оқушылары «Ертегі сыр шертеді» тақырыбында флеш-моб ұсынылды.
2023 жылғы 25 мамыр күні «Менің нұрлы, Менің сырлы Ақтөбем!» атты өлкетану сағаты өтті
- Подробности
- 29

28 мамыр — Ақтөбе қаласының күні. Осы ретте оқырмандар арасында Ақтөбенің кешегі және бүгінгі келбеті турасында 2023 жылғы 25 мамыр күні «Менің нұрлы, Менің сырлы Ақтөбем!» өлкетану сағаты өтті.
«Ақтөбе – алтын бесігім» көрмесі жасақталды. Оқырмандар Ақтөбеден шыққан батырлар есімімен, ақын-жазушылар шығармаларымен, «Ақтөбе құтты мекен» энциклопедиялық анықтамасы, Қазақ халқының қаһармандық жыры «Қобыланды», Нұрпейіс Байғаниннің «Нарқыз» поэмаларымен танысты.
2023 жылғы 25 мамыр күні Ө.Қанахиннің «Көл жағасында» кітабы бойынша storytelling өткізілді
- Подробности
- 35

2023 жылғы 25 мамыр күні Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының «КітапҰstar» жобасында «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында жазушы Ө.Қанахиннің «Көл жағасында» кітабы бойынша storytelling өткізілді. Шараға № 42 жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушылары қатысып, оқыған шығармаларынан алған әсерлерімен бөлісті. Оқырмандар екі топқа бөлініп, «Әңгімеден алған үзіндіні аяқтау», «Шатасқан сөздер», «Әңгіме құрастыр», «Сұрақтар ілмегі», «Аяқталмаған сөйлем» тапсырмаларын орындады.
Оқырмандарға «Көрнекті қаламгер – Өтебай Қанахин» тақырыбында кітап көрмесі ұсынылды.
