Новости
12 сәуір күні «Мен ғарышкер боламын!» атты ғарышқа саяхат сағаты өтті
- Подробности
- 27

12 сәуір – Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні. Осы күнге орай Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №42 жалпы білім беретін мектептің 4-сынып оқушыларымен «Мен ғарышкер боламын!» тақырыбында ғарыш әлеміне саяхат жасады. Саяхатымыз адамзаттың ғарышты игеру тарихын жан-жақты таныта білуге арналған.
«Ғарыш – сиқырлы, сырлы әлем» атты кітап көрме-ақпарат ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне Т.Әубәкіровтың, Т.Мұсабаевтың, А.Айымбетовтың, Ю.Гагариннің өмірі, еңбек жолдары туралы, ғарыш техникасының дамуы т.б. кітапхана қорындағы ғарыш тақырыбындағы кітаптар және мерзімді басылымдар беттеріне шыққан мақалаларға шолу жасалды.
«Умники и умницы» клубының кезекті бас қосуы өтті
- Подробности
- 16

Бүгін кітапханада «Умники и умницы» клубының кезекті бас қосуы өтті. Клуб мүшелері Денсаулық марафонына қатысып, денсаулық сақтаудың маңызды мәселелерін талқылады.
Балалар тақырыптық кітап көрмесімен танысып, салауатты өмір салтын ұстау, көру қабілетін жақсарту, дұрыс тамақтану, тағы басқа сұрақтар бойынша пайдалы кеңестер алды.
Көңілді сергіту сәтінде әр бала өзінің сүйікті дене жаттығуларын көрсетті. Топтық ойынында зиянды өнімдер мен пайдалы өнімдерді ажыратып, адамға алғашқы медициналық көмек көрсету кезіндегі іс-әрекеттер реттілігі туралы сюжет қойылды.
2023 жылғы 6 сәуір күні «Қазақтың алғашқы дәрігер қызы» портрет-кеші өтті
- Подробности
- 41

2023 жылғы 6 сәуір күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «КітапҰstar» жобасы аясында дәрігер Аққағаз Досжанованың туғанына 130 жыл толуына орай «Қазақтың алғашқы дәрігер қызы» портрет-кешін өткізді.
Портрет-кешіне М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медициналық Университеті, қоғамдық гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Бекзат Аққонысұлы Молдин және М.Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық, Ақтөбе педагогикалық колледжі студенттерімен, №67 жалпы білім беретін орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында Бекзат Аққонысұлы Қазақтың алғашқы дәрігер қыздарының бірі, бірінші дүниежүзілік соғыстың кезінде жаралы кеңес әскерлеріне медициналық көмек көрсеткен, Алаш партиясының мүшесі ретінде ұлттық мүддеге қызмет еткен Аққағаз Досжанова жайында өзінің тың ақпараттарымен бөлісіп, дәрігер өмірінен сұрақтар қойылып, бейнефильм көрсетілді.
Оқырмандар назарына «Нәзіктікпен қайсарлық ұштасқан жан» атты кітап көрмесі жасақталып, мерзімді басылым беттерінде жарияланған Аққағаз Досжанова туралы деректер мен фото суреттер ұсынылып, рухына тағзым етілді.
2023 жылғы 2 сәуір күні балаларға арналған кітап күніне пиар-экскурсия жасалды
- Подробности
- 38

2 сәуір – балаларға арналған кітап күніне орай Мәртөк ауданы, Сарыжар орта мектебінің 5-класс оқушылары кітапханамызға пиар-экскурсия жасады.
«К нам Лев Толстой приходит в раннем детстве» атты әдеби кеш өтті
- Подробности
- 19

Бүгін біздің кітапханада Балалар кітабының апталығы мен «Ымырттағы кітапхана» жобасы аясында жазушы Лев Толстойдың туғанына 195 жыл толуына орай «К нам Лев Толстой приходит в раннем детстве» атты әдеби кеш өтті.
Шараға №11 орта мектеп-гимназиясының 4-класс оқушылары қатысты. Оқырмандар назарына тақырыптық кітап көрмесі ұсынылды. Балалар жазушының өмірбаяны мен шығармашылық жолымен танысып, «Филиппок», «Акула» әңгімелерін талдады.
2023 жылғы 16 наурыз күні «Мен дені сау баламын, Таудай менің талабым!» денсаулық сағаты
- Подробности
- 27

2023 жылғы 16 наурыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Ымырттағы кітапхана» жобасы аясында Мұқағали Мақатаев атындағы № 73 жалпы білім беретін орта мектептің 1–класс оқушыларының қатысуымен «Мен дені сау баламын, Таудай менің талабым!» тақырыбында денсаулық сағаты өткізілді.
Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды заттардан аулақ болуға шақыру. Оқырмандарға «Біз күштіміз, ептіміз!» кітап көрмесі ұсынылып, «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» дегендей жақсы мен жаманның арасын ажырата білуді, дұрыс тамақтану, дене гигиенасы туралы мәліметтер берілді. Балалар сергіту сәтінде мақал-мәтелдер айтуда жарысып, викториналық сұрақтарға жауап беріп, ойындарға қатысты. Өнерлі оқырмандар «Дәрігер мен бала» тақырыбында көрінісін көрсетті.
