Новости

Новости

2023 жылғы 31 тамыз күні  Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Ымырттағы кітапхана» мәдени-әлеуметтік шарасы аясында «Әр азаматтың өз биігі бар» деген атпен «Кітап. Тұлға. Рух.» жобасының кезекті шарасын өткізді.

Шараға    «Спорт жұлдыздары»  журналының  бас редакторының орынбасары Еркін Серікқалиұлы мен «Капоэйра» афро-бразилиялық жекпе-жек өнері үйірмесінің жаттықтырушысы Ерлан Қабылбайұлы Білісбаев қатысып, адамның мақсатқа жетіп, биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың және денсаулықтың қажеттігін, білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы екенін айтып, өздерінің жетістіктерімен бөлісті. Оқырмандардың сұрақтарына жауап бере отырып,  қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі және денсаулықты  нығайтудағы жол, жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті қалыптастыратын - спортпен шұғылдануға шақырды.

6

2023 жылғы 23 тамыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №15 Жидек бөбекжай балабақшасына барды.  «Let’s play and read» жобасы аясында  «Балақайға еркелі, Айтайық қызық ертегі» оқу сағаты   «Күншуақ», «Балдаурен», «Балапан» тобының балаларының қатысуымен өтті.

Шара барысында балаларға , «Өсімдіктер мен кемпірқосақ» ертегісі оқылып, әртүрлі ойындар ойналды.Сонымен қатар, бүлдіршіндерге «Ертегі әлемінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,таныстырылды.

2a0569fb 2eae 40b6 9805 d97c9fae7ede

     2023 жылғы 9 тамыз күні кітапхана қызметкерлері «Зерде» балабақшасында «Lets play and read» жобасы аясында «Айналайын абайла, жан-жағына қарайла!» атты шара өткізді. Мақсаты – балалардың жол қауіпсіздігін нығайту, жол ережелерімен таныстыру.

     Шарада бүлдіршіндер «Бағдаршам сенімді серігің» кітап көрмесімен танысып, сергіту сәтінде жұмбақтар шешіп, тақырыптық пазлдар құрастырды.

1

2

3

4

5

     2023 жылғы 8 тамыз күні - Халықаралық жастар күніне орай белсенді жас кітапхана қызметкерлерінің ата-аналарына алғыс хат табысталды.

     Жастар - қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері.

1

2

3

4

5

     2023 жылғы 7 тамыз күні   Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «CAMPIT» жазғы балалар демалыс лагерінде «Оқитын дос іздеймін!» жазғы оқу жобасы аясында шара ұйымдастырылды. Шарада балаларға жаңа әдебиеттер таныстырылып, кітап оқу насихатталды. Балалардың қызығушылықтары оянып, кітапханаға жазылу ережесімен танысып, алған әсерлерімен бөлісті.

1

2

3

4

5

6

7

     2023 жылғы 3 тамыз күні «Ымырттағы кітапхана» әлеуметтік-мәдени шарасы аясында Ұлы Абайдың туған күніне арналған «Абай даңғылы – тот баспайтын ұлылық» атты тренинг өтті. Шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі Жұмағалиева Рита Рахманқызы қатысып, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл Абай Құнанбаевтың өмірі және «Толық адам» концепциясы туралы және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласына жалпы шолу жасап, кеңінен мәлімет берді.

     Шара Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби монтажбен жалғасын тауып, кітапхана оқырмандары Дулатов Омар, Дулатов Әли, Дулатов Әбубәкір Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңдерін жатқа оқыды.

     Шара соңында «Абай тағылымы – мәңгілік азық» атты кітап көрмесі таныстырылды.

1

2

3

4

5