Новости
«Жаңа кітап, жаңа сыр»
- Подробности
- 40

2023 жылдың 20 қыркүйек күні М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатында кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру мақсатында «Kitap time» шарасы өткізілді. Шара барысында «Жаңа кітап, жаңа сыр» кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды.
«Кітап оқы да, трендте бол!»
- Подробности
- 46

2023 жылғы 15 қыркүйек күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы “Kitap Time-2023” II жалпы республикалық кітап фестивалі аясында «Кітап оқы да, трендте бол!» атты әдеби-сазды алаңын өткізді. Оқырманның рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін қастерлеуге тәрбиелеу, кітап оқуға деген белсенділігін шыңдау мақсатында өткізілген шараға №45, №62 орта мектеп оқушылары, мұғалімдері және мектеп кітапханашылары қатысты. Шара барысында оқырмандар «Кітап емханасы» атты сахналық көрініс көрсетіп, жырдан шашу шашты. Оқырмандар назарына «Кітап -ғажайып, тұнық әлем» атты кітап көрмесі ұсынылып, ситуациялық сұрақтар қойылды. Кітапқа қатысты қызықты деректер айтылып, «Жылдам оқу» бенефисі өткізілді.
«Өнер.Өмір.Өнеге.»
- Подробности
- 22

2023 жылғы 20 қаңтар күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «КітапҰstar» жобасы аясында балет артисі Нұрсұлу Тапалованың туғанына 100 жыл толуына арналған «Өнер.Өмір.Өнеге.» АRT-сағатын өткізді. Оқырмандар назарына «Сұлулығы әлемнің өрнектелген өнермен » кітап көрмесі ұсынылып, қазақ би өнерінде өзіндік із қалдырған, өнердегі биік тұлға - жерлесіміз Нұрсұлу Тапалованың өмір жолы мен еліміздің өнері мен мәдениетін өркендету жолында қосқан еңбектері туралы кеңінен сөз қозғалды.
Шараға М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп интернатының би үйірмесінің жетекшісі Айгүл Бекболатқызы Шайманова мен жас бишілер қатысып, , бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтіндігі, қазақ биінің өмірдің өзінен алынғандығы туралы айтып, бишілеріміз бидің құдіретті де сиқырлы әлемін өнерлері арқылы жеткізді.
«Мәңгілік өмірге, мәңгілік өнегеге айналған есімдер»
- Подробности
- 21

2023 жылғы 13 қыркүйек күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция аясында Б.Момышұлы атындағы №62 орта мектепте өткізілген Зейнеп Ахметова мен Орынша Қазыбаевамен кездесу кешінде «Мәңгілік өмірге, мәңгілік өнегеге айналған есімдер» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесінде аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы мен қайсар қазақ батыры Рақымжан Қошқарбаев туралы әдебиеттер және жазушы Кәкімжан Қазыбаевтың, Бақытжан Момышұлының, Зейнеп Ахметованың кітаптары ұсынылып, ұлтын ардақтаған көрнекті тұлғаларымыздың ел мүддесі үшін атқарған ерең еңбегі туралы ақпарат беріліп, ұрпаққа үлгі етілді.
"Салт-дәстүр ұлттық тәрбие негізі"
- Подробности
- 20

2023 жылғы 7 қыркүйек күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Шаңырақ» отбасылық оқу клубының отырысы өтті. Отбасы күніне арналған «Салт-дәстүр – ұлттық тәрбие негізі» тәрбие сағатына клуб мүшелері, педагогикалық колледжі жанынан ашылған «Зерде» жеке мектебің оқушылары қатысты.
«Заречный тұрғын алабы мектеп-бала бақша кешені» КММ-нің кітапханашысы Асем Алшынқызы Тургалиева баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының берер әсері мол екеніне тоқталып, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге байланысты екенін атап кетті. «Білім» мектебінің 4-класс оқушысы Лилия Кенжағалидің анасы Диана Байтуғанқызы Сарсенбаева қазақ халқының ырым мен тыйымдары, әдет-ғұрпына тоқталып, отбасымен бірге оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісті.
"Ана тілім-ардағым"
- Подробности
- 24

Тілдер мерекесіне орай балалар кітапханасы «Ана тілім – ардағым» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Аталмыш көрмеге кітапхана қорындағы тіл тақырыбына қатысты кітаптар, газет–журналдар беттеріндегі мәліметтер ұсынылып, библиорграфиялық шолу жасалды.Айтулы мерекеге орай №15 «Жидек» бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушілері қонақ болып келді. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау мақсатында «Мемлекеттік тіл – менің тілім!» тақырыбында «Библиошар», «Сұрақ-жауап» сияқты түрлі ойындар ойнатылды.
