Новости

Новости

Кітапханашылар күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шара барысында кітапхана ардагері Раиса Туленовна «Қазақстанның құрметті кітапханашысы», сонымен қатар кітапханашы Хасанғалиева Гүлмира мәдениет басқармасының «Алғыс хатымен», Алданазарқызы Аяжан «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отыра, еңбекте жеміс пен толағай табыстар тілейміз!

1dca6242 903a 4889 8df6 9e64cd5be40a2b49220d 6442 4038 89e9 d20fcd2f0095

2023 жылғы 19 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Республика күніне арналған «Жасай бер, жаса Қазақстан!» патриоттық акция ұйымдастырды.

Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен басталды.

 Акцияға қатысқан ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының имидждік және идеологиялық жұмыс бөлімнің инспекторы, аға лейтенант Айсұлтан Бекет және кадет оқушылары  оқырмандарға өз құттықтауларын жолдап, білімді, саналы ұрпақ ел болашағының кепілі екендігін айтып кітап оқуға шақырды.

Кітапхананың белсенді оқырмандары патриоттық өлеңдер оқып, домбырамен күй шертіп, Анар Жапарқұлованың сөзіне жазылған Ержан Серікбаевтың  «Жаса, Қазақстан!» әнін орындады.

Патриоттық шараға «Қазанғап» атындағы өнер мектебінің, Заречный тұрғын алабы мектеп-бала бақша кешенің оқушылары қатысты.

ff4fd290 ee36 4bdb 860a 32cc1023111190fdf711 5f0c 4109 933f 02d1aa329ef1

2023 жылғы 13 қазан күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы жазушы К.Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Туралықтың туын көтерген» оқырман конференциясын өткізді.

Шарада қазақ әдебие­тіндегі детектив жанрының дара өкілі Кемел Тоқаевтың рухания­т үшін жасаған қызметінен, ғиб­ратты ғұмырынан сыр шер­те­тін кітап көрмесі ұсынылып, жа­зушының ғиб­ратты өмі­рінен мәлімет берді. 

Әділдікке, ақиқатқа құштар адал жанның өз өмірлік ұстанымымен астасып жатқан өр рухтан қайнап шық­қан шымыр да ширақ туын­дылары туралы терең сөз қозғалып, қаламгер рухына арналған өлеңдер оқылды.

26c6ca27 e812 4564 ae51 1e52ce33bd70393d8967 d69e 4b2c 95b7 48c745c70a0e

2023 жылғы 12 қазан күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы «КітапҰstar» жобасы аясында ақын, ағартушы С.Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай «...Өрмелеп шығып күн болған» жыр кешін өткізді.

Шараға №52 негізгі мектеп және Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының жоғарғы класс оқушылары мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.

Шарада болашаққа ұмтылған, қазақтың еркіндігі туралы арманға толы, елге, жерге деген ұлы сезімнен тұратын С.Торайғыровтың әдеби мұрасы туралы айтылып, жалынды күрескер рухтағы өлеңдері жатқа оқылды.

62000734 280c 4e56 807d 835703532d04f72813ae 600a 45c1 976e 231243e8b4db

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіп одағы» ҚБ Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Табельдинова Назира Сарсембаеваның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күніне орай кездесу кеш өтті.

Кеш барысында жоғары сыныпқа қызмет көрсету бөлімінің бөлім меңгерушісі Ідрісова Кәмила Сәмсинқызы Алғыс хатпен марапатталды.

 

2023 жылдың 10 қазан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Болашақ мұра» қоғамдық қорының балалары арасында «Жайдары күз, жомарт күз» тақырыбында ертеңгілігін өткізді.

Шара барысында балалар жеміс-жидектерге қатысты қызықты жұмбақтар шешіп, «Бауда әлде бақшада» ойынымен қатар «Зиянды және пайдалы тағамдар» атты танымдық ойының ойнады.

Балалардың назарына тақырыптық  кітап көрмесіне библиографиялық шолу ұсынылды.

Шара соңында балаларға берекелі де мерекелі күз мезгілінің жеміс-жидектерге толы себеті сыйға тартылды.

86ddcf3b 1031 43ea a567 5feaab10c3b3837e77e7 9f08 44d6 9649 cc0a7f424eaf