Новости

Новости

5 қазан «Жасыл әлем» экологиялық клубы мүшелерінің кезекті отырысы өтті. Экологиялық білім мен мәдениетті қалыптастыру мақсатында  «Жасыл әлем сұрақтары» тақырыбында квест ойыны ұйымдастырылды. Қоршаған ортаны қорғау, ластамау, қоқыстарды қайта өңдеу туралы бейнеролик көрсетілді. Балалар «Қоқысты сұрыптап үйренейік» ойынына қатысып, сұрыпталған қоқыс арқылы табиғат тазалығына септігін тигізетіндерін түсінді.

Келесі кезекте жағдаяттарды шешу арқылы бұлақ көзін таза ұстау, су жағасына қоқыс тастамау, ағаш бұтақтарын сындырмау секілді зиянды әрекеттердің алдын алды.

Квест ойынының соңғы кезенінде жұмбақтар шешу арқылы, жер шарының екінші бөлігін құруға ат салысты.

Балалардың назарына «Жеріңді аяла, адамзат» кітап көрмесіне библиографиялық шолу ұсынылды. Оқырмандар сұрақтар қойып өздерінің қоршаған ортаны қорғауға қатысты ойларын жеткізді.

edb967fa bcac 42bc 8a83 5e797f735acd

2023 жылғы  4 қазан   күні  Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында оқушыларды отансүйгіштікке баулып, туған жерге деген адалдықты санасына ұялату мақсатында  драматург, жазушы, Бөкей Оралханның туғанына  80 жыл толуына орай «Мәңгілік ғұмырға айналған қаламгер» атты cторителлинг өткізді.

Шара барысында жазушының шығармашылық қабілеті, ойының ұшқырлығы, жазушылар арасындағы іс-әрекеттері жайында ақпарат берілді.  «Қайдасың қасқа құлыным», «Кербұғы», «Тортай мінер ақбоз ат» шығармаларының мазмұны түсіндірілді.

Тақырыптық кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып,  қаламгер шығармалары жинақталған 7 томдық «Таңдамалы шығармалары», «Қамшыгер», «Үркер ауып барады», «Өнерге өлердей-ақ ғашық едім», «Мұзтау», «Ауыл хикаялары» тағы басқа да кітаптары таныстырылды.

6c6237e8 6476 45c2 ad39 0afc2b6b50261055081f 489d 4f15 b488 b4495520c9f1

         2023 жылғы 2 қазан күні  Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Халықаралық қарттар күніне орай «Құрмет пен ізет құшағында»  әдеби-музыкалық кеш өткізді. Шарада  мәдениет пен өнер саласына еңбегі сіңген аға буын өкілдеріне, кітапхан ардагерлеріне алғыс айтылып, құрмет көрсетілді.

Кітапхананың белсенді өнерлі оқырмандары «Қарттарын құрметтеген ел ардақты» әдеби-сазды бағдарламасын ұсынып,   ән шырқап, көтеріңкі көңіл силады. М.Құсайынов атындағы  дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының «Дара» театр үйірмесінің мүшелері Т.Ахтановтың «Әке мен бала» пьесасынан сахналық қойылым көрсетті.

Өз кезегінде ардагерлер ізгі лебіздерін айтып, ризашылықтарын білдірді.

ff50cc8a cb1c 4451 888d 19bcb6c44e982536cc49 8caa 4f2c af6f 83821b36b9cc

2023 жылғы 26 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қарымды қаламгер, жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдікұлының шығармашылығына арналған «Әке сағынышы» тақырыбында сюжеттік талдау сағатын өткізді.

№42 жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларымен өткен шарада жазушының әдеби мұрасы таныстырылып, шығармаларының ерекшеліктері, шығарма кейіпкерлерінің дара, табиғи болмыстары жайында айтылып, «Әке» повесі кеңінен талқыланды. Оқырмандар Төлен Әбдіктің «Әке» повесінен ойға не түйгендерін, шығарма несімен қызықтырғанын ортаға салып, пікір алмасты.

Шара соңында оқырмандар Төлен Әбдікұлының шығармашылығына арналған «Ұлтын сүйген ұлы адам»  кітап көрмесінен «Көкжиек» , «Әке» , «Оң қол», «Парасат майданы», «Қайырсыз жұма», «Қонақтар», «Истина» атты  әңгімелер мен повестер жинақтарымен танысты.

c9b989bf 9906 4cd0 b74d cfe37ae62033

2023 жылы 21 қыркүйекте Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында  №52 негізгі мектептің 3 «А» сынып оқушыларының қатысуымен  «Сөз асылы – мақал» тақырыбында quiz ұйымдастырылды. Шара өткізілді.

Төрт кезеңден құрылған зияткерлік ойынында балалар  2 топқа бөлініп, білімдерін шыңдады: мақал-мәтелдің жалғасын тауып, сөзжұмбақтар шешті, викториналық сұрақтарға жауап берді.

Қазақша quiz балалар арасында ең танымал ойындардың бірі болғандықтан, бүгінгі ойын сәтті, әрі ұтымды болды.

298c361b ecd3 4028 b4c3 26d11861e224e0a03bc7 6785 4a29 8cfd 574e6fe27fb9

2023 жылғы 21 қыркүйек күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған «Пара берсең жазаланасың» атты бүктемелер таратылды.

40fea7c2 4a38 4b19 a4e6 f093427d1e7f