Новости

Новости

2023 жылғы 23 қараша күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы «КітапҰstar» жобасы аясында «Позитив» салауаттылық клубының мүшелерімен «Жаман әдеттер әлеміндегі жасөспірім» дөңгелек үстел өткізді. Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратының ескерту және өзіне сенімділік, қайрат, жігерлік қасиеттерін дамыту мақсатында өткен дөңгелек үстеліне қала мектептерінің жоғарғы класс оқушылары қатысып, «Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?», «Зиянды әдеттерге адам неліктен үйір болады?», «Зиянды әрекеттерден аулақ болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?» сұрақтар төңірегінде пікірлерімен бөлісті.

Шара қонағы облыстық ЖИТС орталығының  маманы Айжан Жайлаубаева оқырмандардың пікірлерін тыңдай отырып, ұлтымыздың кемелді келешегі-жастардың өмірі  аса маңызды, сондықтан сол жас ұрпақтың денсаулығы мықты, дүниетанымы терең, білімі сапалы, адамгершілігі мол, бойын зиянды әдеттерден аулақ ұстайтын, саналы ұрпақтарды тәрбиелеудің қажеттілігін айтты.

Шара соңында қатысушылар зиянды әдеттерге жол бермеу туралы бір-біріне ұсыныстарын айтып,  «Біз денсаулықты қолдаймыз!» тақырыбында өлең, ән, сурет арқылы өз  шығармашылықтарын көрсетті.

3cd00714 c481 4693 b0e8 ccece432dc315a311db9 0bd0 4a62 b5a5 118a2dc07e35

2023 жылдың 16 қазан күні  Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «КітапҰstar» жобасы аясында І.Есенберлин атындағы №15 орта мектептің 5-сынып оқушылары арасында «Кішкентай баланың үлкен құқықтары» тақырыбында дөңгелек үстел   өткізді.

М.Мақатаев атындағы №73 жалпы білім беретін орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Ақнұр Әкімжанқызы Ниязбағанбетова адам құқығы – бала құқығын қорғаудан басталады және «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» заңға сәйкес тегіне, нәсіліне және ұлтына қарамастан барлық баланың құқығы тең екенін атап кетті. Балалар  құқық адамға тек жақсы, игі істерді жасау үшін, адамға зиян келтіретін істердің барлығына тыйым салынғандығы туралы ақпараттандырылып, «Менің құқығым» тақырыбында өз ойларын ортаға салды.  

 «Өз құқығыңды біліп, өзіңді қорға» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

d9fb41ac 9469 49b7 ae80 748ac74b0bf0e9eccfc5 4fcd 477b 89ed 7b7bc88a880e

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында 15 қараша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы төл теңгеміздің 30 жылдық мерейтойына орай "Посчитам и сравним" атты квест ойыны өткізілді. Оған №11 жалпы білім беретін мектеп-гимназияның 4 сынып оқушылары белсенді түрде қатысты.

Квест ойыны  шытырман оқиғалармен, тосын сұрақтармен, құпия жауаптармен, түрлі тапсырмалар арқылы қызықты ұйымдастырылды. Балалар ойын барысында   "Что? Где? Когда?", "Секретная шифровка", "Внимательный счёт", "Разгадай и угадай!" деп аталатын бекеттерден өтіп, ондағы берілген тапсырмаларға жауап тауып, келесі бекеттерге жолдама алып отырды. Ойын арқылы олар ұлттық валютамыз теңгеге қатысты түрлі ақпараттарды игеріп, ұйымшылдықпен, тапқырлықпен, жылдамдықпен бірлесе шешім шығара отырып, ойынның шешуші кезеңінде қазынаға қол жеткізді.

Квест балалар үшін өте қызықты, әрі көңілді болды. Ойын қорытындысында балаларға "Покажи рукой" кері байланысы ұсынылып, олар ойыннан алған әсерлерін саусақтары арқылы  көрсетті. Мерекеге орай өткізілген квест ойыны баларға ойнап отырып, ойлауға үйретті. Оқырмандарға кітап көрмесі ұсынылды.

2d2dfe85 35a9 4a18 8303 b564e11a2648430400e1 4560 490f af3e faf2f6c5ce2f

        2023 жылғы 9 қараша күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы «Болашаққа бет алды білімді ұрпақ» белсенді жастармен кездесу кешін өткізді.

         Шараға журналист, «AQTÓBE» телеарнасындағы «Бестің шайы», «Жаңа күн», «KZ жасалған», «Ақтөбе tour» жобаларының жүргізушісі Исатай Мира Ерланқызы, Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, жеті шекті гитараның сиқырлы тілін шебер меңгерген Қойшыбаев Ернар Ерланұлы, М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға  арналған мамандандырылған лицей-интернатының 8 «Ә» сынып оқушысы, «Book.pay.@it» жобасының тұрақты қатысушысы, белсенді оқырманымыз Шаймерден Нартайлы және Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Кітапхана ісі» мамандығы студенттері мен М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға  арналған мамандандырылған лицей-интернатының жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

     Шара арқылы  оқырмандарымыздың бойында патриоттық, отансүйгіштік сезімдерін оятып, өз ойын еркін жеткізіп айта алатын, ерінбей еңбек ететін талабы бар, ойлап әрекет ететін, ел игілігі үшін қызмет атқаратын рухы биік жастарымызды  тәрбиелеу болып табылады. Шара барысында оқушылар журналистика саласының қыры мен сырын, болашақта ұстаз болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керектігін ұғынып, заманауи сұранысқа ие мамандық түрлерімен танысты.

Оқырмандардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру мақсатында «Көші түзу кемел елдің жастары» атты кітап көрмесі мен ойындар ұйымдастырылды.   

277560d3 cbac 4a7c a277 4465b6f3426184f66c7f 8502 4ebb 9784 510e864e7d76

Халық ақыны, айтыскер, жырау Нұрпейіс Байғанин атындағы «БАЙҒАНИН ОҚУЛАРЫ» облыстық байқауы қорытындыланды.

Байқауға «Айсын» радиожурналистика мектебінің жетекшісі Айсын Байтақова, облыстық халық шығармашылығы орталығының мониторинг, талдау және әдістемелік бөлімінің әдіскері Диана Елубаева, А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің ән салу бөлімінің оқытушысы Нұрпейіс Әбілхасан қазылық етіп, жеңімпаздарды анықтады.

Кеңес қорытындысы бойынша 1 орынды – Жолжан Ахмет, 2-орынды Шариева Мейіргүл және Айтбай Еркеназ, 3- орынды Батуханқызы Наташа мен Әріп Инабат иеленді.

Сонымен қатар ынталандыру сыйлықтары табысталды.

07f21332 ec0e 444a aa30 71aa715ee822a746acaf 50cf 4d91 aebe 5f989ce0ed62

2023 жылғы 26 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы аудандық балалар кітапханалары қызметкерлерінің қатысуымен «Кітапхана – шығармашылық пен жаңашылдық  әлемі» тақырыбында облыстық  семинар ұйымдастырды. 

Шараның мақсаты – балалар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мен кітап оқуға қызығушылықты арттыруда озық тәжірибелермен бөлісу; ақпараттық  қызмет көрсетудің тиімді формаларын, әдістері мен технологияларын меңгеру. 

Семинарда «Кітап оқуды ілгерілетудегі кітапханалық жобалардың өзектілігі», «Әлеуметтік желі арқылы кітапхана жұмысын ілгерлету», «Мектеп кітапханасы жұмысындағы заманауи әдіс-тәсілдердің тиімділігі» тақырыптары бойынша сұрақтар талқыланып, кітапханашылар іс-тәжірибелермен алмасуға мүмкіндік алды.

Жазушы Тахауи Ахтановтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Оқы, ақтөбелік өренім!» облыстық оқу марафонының жұмысы қорытындыланды.

0be6c789 06ae 40bc bdce 999efabe50083aac445e 92c5 4ffd 837b 5b0fba6923ad