Новости
«Адамзаттың тал бесігі табиғат»
- Подробности
- 13

2023 жылғы 14 желтоқсан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Жасыл әлем» клубының мүшелері мен кітапхана оқырмандары арасында ұйымдастырылған «Адамзаттың тал бесігі табиғат» тақырыбында эссе сайысын қорытындылады.
23.11-12.12.23 жыл аралығында өткен сайысқа Б.Момышұлы атындағы №62 ЖББОМ, М.Құрманғалиева атындағы № 32 ЖББОМ, І.Есенберлин атындағы №15ЖББОМ, Ж.Ташенов атындағы №68 ЖББОМ, Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің 5-сынып оқушылары қатысты.
Эссе сайысының жеңімпаздары:
І орын : Еркем Бекеева – Бауыржан Момышұлы атындағы №62 ЖББОМ Өркенқызы;
ІІ орын: Гүлдана Нысанбай – Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі;
ІІІ орын: Әділова Жұлдызай – Ж.Ташенов атындағы №68 ЖББОМ
Шара барысында балалар «Сен білесің бе?», «Сөздікпен жұмыс», «Сөзжұмбақ шешу» тапсырмаларын орындады.
«Жеріңді аяла, адамзат!» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
«Тарих. Тағылым. Тәуелсіздік»
- Подробности
- 18

2023 жылғы 12 желтоқсанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Тарих. Тағылым. Тәуелсіздік» патриоттық кеш ұйымдастырды.
Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресін құрметтеп, қастерлей білуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шарада тәуелсіздік жолының құндылығымен, қиын өткелдерден өткен еліміздің бүгінгі жетістіктері жөнінде терең түсінік берілді.
Шара қонақтары «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігі мүшесі Маржанай Смағұлқызы Қалжанова және Ақтөбе Облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкері Заманай Қайнарұлы елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтау үшін жасалып жатқан игі істер мен ел жетістіктері туралы әңгімелеп, оқырмандарды саналы да, салауатты қоғамда адалдықты ту еткен алғыр ойлы азамат болуға шақырды.
Кітапхананың белсенді оқырмандары «Көк байрақ мәңгі бақи желбіресін!» мерекелік сазды бағдарламасын ұсынды.
«Тарих. Тағылым. Тәуелсіздік»
- Подробности
- 15

«Таңбалы тарих-таңдаулы тұлға»
- Подробности
- 18

2023 жылғы 8 желтоқсан күні №13 орта мектебінде қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы, драматург, сыншы, аудармашы Тахауи Ахтановтың 100 жылдығына арналған «Таңбалы тарих-таңдаулы тұлға» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. Жазушының өмірі мен шығармашылығы арқылы жас ұрпақты білімге, ілімге, әдебиетке деген құштарлығын ояту мақсатында өткен шараға Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Шырағы сөнбеген қаламгер» атты кітап көрмесін ұсынып, библиограф Қуаныш Гүлдана библиографиялық шолу жасады. «Ақиқаттың алдаспаны» бағыты бойынша кітапхана қызметкерлері Қуаныш Гүлдана және Өтесова Гүлназ Ақтөбе қалалық «Әдістемелік кабинет» КММ директоры А.Сулейменованың Алғыс хатымен марапатталды.
«Адал өмір сүру ғана адамды бақытты етеді»
- Подробности
- 14

2023 жылғы 7 желтоқсан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «КітапҰstar» жобасы аясында жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған «Адал өмір сүру ғана адамды бақытты етеді» атты құқық қорғау инспекторымен кездесу өткізді.
Шарада жас ұрпақ халқын, Отанын сүйетін, нағыз толыққанды тұлғаға айналу үшін жастайынан ізгілік, мейірімділік, адамгершілік, адалдық сияқты құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеудің маңыздылығын айтылды.
Шара қонағы Ақтөбе қаласы ПБ Алматы ауданың 3 КПБ инспекторы полиция аға лейтенанты Ақбаян Абзалқызы Амин бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша дағдыларға тәбиелеу қажеттігін айтып, ақыл-кеңес берді.
«Біз сыбайлас жемқорлықсыз болашақ үшін»
- Подробности
- 15

2023 жылғы 6 желтоқсанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Біз сыбайлас жемқорлықсыз болашақ үшін» тақырыбында квиз өткізілді. Ойынға І.Есенберлин атындағы №15 мектептің 5 «а» класс оқкшылары қатысты.
Шараның негізгі мақсаты балаларға ойын арқылы қоғамдағы өзекті тақырып туралы ой салу. Шара барысында балаларға адалдық айнасы саналатын Шәкәрім өлеңдерін тілге тиек ете отырып, адалдық пен адамдық қасиеттерді қалыптастыру насихатталды.
Сыбайлас жемқорлық тақырыбында толық ақпарат беріле отырып, балалар «Quizzis» арнайы бағдарламасы арқылы қойылған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ «Benim» арнайы бағдарламасы арқылы «Ой жалғау» тақырыбымен әділдік, адалдық турасында мақал-мәтелдердің жалғасын табу тапсырмасы ұсынылды.
«Жемқорлық - індет, күресу – міндет» тақырыбында кітап көрмесіне билиографиялық шолу жасалды.