Новости

Новости

Мемлекет басшысы  Қ.Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығы бойынша Наурыз мерекесінің мәртебесін биіктету мақсатында, он күн қатарынан тойланатын болды. Соның ішінде 15 наурыз – Қайырымдылық күні деп бекітілген. Осыған орай кітапхана ұжымы «Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені» оқушыларына арнайы барып, «Наурыз той-бұл нағыз той» атты ертеңгілік ұйымдастырды.

Шара барысында түрлі қызықты ойындар ойнатылып балаларға ерекше көңіл күй сыйлады. Ұлттық ойынымыздың бірі «Ақсандық пен көксандық» ойынын балалар ерекше қызығушылықпен ойнап, кім мықты, кім балуан екенін қызыға тамашалады. Балаларға кітапхана ұжымының атынан қазақтың ұлттық тағамдарынан жеті түрлі дәм тарту етілді.

5d54046e 1884 4686 b7ad 870790f3f4f6

2024 жылы 15 наурыз  күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Шаңырақ» отбасылық оқу клубының отырысы  «Отбасылық оқу – озық дәстүр» әдеп сағатын өткізді.

Отбасылық кітап оқу дәстүрін жандандыру, кітап оқу мәдениетін жетілдіру мақсатында  балаларға кеңінен ақпарат берілді. Ер балаларымыз  қазақтың үлттық ойыны «Ханталапай»  ойнап, қыздарымыз қоржында жасырынған ұлттық бұйымдарды   тапты.

Шара соңында  №73 М.Мақатаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары «Бүлдірген» .«Атам . әжем» әнінен  шашу шашты.

Майра әжеміз балаларымызға ақ батасын берді.

«Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» кітап көрмесіне шолу жасалды.

1c67545d 412a 483a a185 5679dbdb5894

2024 жылдың  14  наурыз  күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар  кітапханасы Наурыз мейрамына арналған «Наурыз – жаңарудың мерекесі»  әдеби қонақжай өткізді.

Наурыз мерекесі жөніндегі білген, түйгенін одан әрі толықтыра отырып, салт-дәстүрлерді дәріптеуге тәрбиелеу, ауыз әдебиетінің мұраларымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шарада мерекелік сазды бағдарлама ұсынылды. Ақ дастарқан басында ақжарқын көңілмен қауышқан кітапхана ардагері Раиса Төленқызы Қомпақова наурыз көжеден дәм татып, Наурыз мерекесінің, көрісу күнінің ерекшелігі  туралы тағылымды әңгімесін айтып, ақ батасын берді.

 «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» кітап көрмесі ұсынылды. 

00ffaca8 9331 4b19 ab8e 60282f52564d27281333 add6 4a7e 8e13 3006c47032ec

2024 жылдың  6 наурыз  күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар  кітапханасы  қазақ профессоры, педагог Құдайберген Жұбановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Ғалым. Қайраткер. Тұлға.» портрет кешін өткізді.

          Қазақ тіл білімінің дүниеге келуі мен оның қалыптасуына бар өмірін, күш-жігерін отандық ғылымға сарп еткен жандардың бірі  Құдайберген Жұбановтың еңбегін насихаттау мақсатында өткізілген шарада  кітапхана оқырмандары Құдайберген Жұбановтың немересі, филология ғылымының кандидаты, доцент Ардақ Есетқы Жұбанованың  атасы мен әкесінің қиын тағдыры және  олардың қазақ халқының ғылымы мен мәдениетіндегі ізі туралы әңгімесін тыңдап, сұхбаттасып, Жұбановтардың өнегелі өмір жолдарынан терең мағлұмат алды.

           «Желкен» әдеби клубының мүшелері «Тағлымға тағзым ұрпақтан!» әдеби монтаж ұсынып, тағылымы терең ғалымға тағзым етілді.   

          Оқырмандар назарына «Ғылым қанатындағы ғұмыр»  атты кітап көрмесі ұсынылды.

f99025f6 2333 4b2e b695 88ab7bc6e22dd8417982 7e04 43fd a37a c03c3e4c2357

2024 жылғы 5 наурыз  күні  Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы  №74 жалпы білім беретін орта мектептің мәжіліс залында Халықаралық әйелдер күніне арналған «Бәрі де, ана бір өзінен басталады» мерекелік кеш өткізді.

Шараның мақсаты: балаларды аналарын құрметтеуге, мейірімділікке тәрбиелеу, отбасылық оқу мәдениетін дамыту. Балалар «Ана – ақындар тілімен…» әдеби монтажда ақындар Әдібай Табылдының «Сегізінші  наурыз», «Жылылық пен ұлылық»,  Алмат Исәділдің «Анашым» өлеңдерін оқыды.   Өнерлі оқырмандар «Құттықтаймын мама!», «Мерекем» әнін тарту етті.

  «Әлемді тербеткен – Ана» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

07a394a3 335a 442f 8ee8 96a5d5706477

2024 жылғы 28 ақпан күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне 35 жыл толуына арналған «Ауғанстан: уақыт бізді таңдады» тарих сағатын өткізді.

Шара барысында ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының идеологиялық және имидждік жұмыс бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты Бекет Айсұлтан және Ф.Оңғарсынова атындағы № 41 орта мектебінің әскери және технологиялық дайындық пәнін ұйымдастырушы Асқар Қабдрахимұлы Шахшаев Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды отансүйгіштікке ұмтылдырып, Тәуелсіздігіміздің қадірін жете түсінуге, Отан алдында адал, білімді болуға шақырды.

Кітапхана оқырмандары «Қаруластар рухына»  атты әдеби монтаж ұсынып, шараны патриоттық әнмен аяқтады.

«Ауғаныстан: уақыт бізді таңдады» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

744ccbfe fe06 4ff0 b6a4 d882d95acf32