Новости
«Балаларға балдай жыр »
- Подробности
- 27

Балалар кітабының апталығының екінші күні балалар ақыны Мүбәрак Жаманбалиновтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балаларға балдай жыр » тақырыбында өлеңдер шеруі өтті.
Шараның басты мақсаты жас ұрпақ тәрбиесі мен балалар әдебиетін ұштастыра қараған ұстаз ақынның өз оқырмандарын қуаныш пен шаттыққа бөлей беретін, күлдіріп, ойландыратын өлеңдерін, таңғажайып сырлы ертегілерін, жұмбақтары мен жаңылтпаштарын баланың есінде ұзақ сақтауға, ана тілі, Отан тақырыбында жазылған өлеңдері арқылы оқырмандарды ұлттық рухта тәрбиелеу.
Балалар ақын Мүбәрак Жаманбалиновтың шығармашылығы туралы толық ақпарат алып, ақынның «Алма ағашы», «Бес саусағым», «Менің әжем», «Құлыншақ» өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Бұл қандай құс?», «Бұл қандай әріптер?» , «Бұл қандай сандар?» жұмбақтарының жаубын тапты.
«Ақын жыры – бағдаршамы баланың» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
«Теріс ағым тайғақ жолға сүйрейді»
- Подробности
- 22

2024 жылдың 27 наурыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы терроризм мен экстремизмге қарсы күрес аясында «Теріс ағым тайғақ жолға сүйрейді» сұхбат алаңын өткізді.
Жасөспірімдерге терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептерімен зардаптарын ұғындыру мақсатында өткізілген шараға «Аңсар» ақпараттық талдау орталығыың теолог маманы Нұрлан Әділханұлы Асанов қатысып бейбітшілікті ту еткен дәстүрлі діни бағыттың құндылықтарын түсіндірді. Сондай-ақ сұқбат алаңында оқырмандардың сұрақтарына жауап бере отырып, қандай да бір сұрақ туындаған кезде мәліметті Қазақстанның ресми сайттарынан немесе мешіт имамдарынан алуға кеңес берді және ел тыныштығына қауіп төндірген экстремистік бағыттағы діни ағымдары өкілдерінің үгіттеуіне түсіп кетпеу жолдары қарастырылды.
«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын!»
- Подробности
- 21

27 наурыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында оқырмандар қатысуымен «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын!» атты ақпарат сағатын өткізді.
Жас ұрпаққа зорлық-зомбылық іс-әрекеттерінің себептері пайда болу жағдайлары мен бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін ұғындырып, әділдікке тәрбиелеу мақсатында өткізілген шарада үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын, әлемдегі барлық елдерді алаңдататын зорлық-зомбылық пен оған қарсы заңдар туралы кеңінен мәлімет берілді.
«Толағай ақын, толастамас жыр иесі»
- Подробности
- 27

Балалардың көктемгі демалыс күндерін тиімді әрі қызықты өткізу, кітап оқу мәдениетін арттыру мақсатында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы 2024 жылдың 26 науыр – 2 сәуір аралығында Балалар кітабының апталығын өткізеді. Апталық аясында оқырмандар түрлі форматта әдеби-танымдық шараларға қатысуға мүмкіндік алады.
Балалар кітабының апталығының алғашқы күні ақын, Қазақстанның халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толуына орай «Толағай ақын, толастамас жыр иесі» тақырыбында жыр-пати өтті.
Шараның басты мақсаты ақынның жерді құрметтеу, халқына, ана тіліне, Отанға деген сүйіспеншілік тақырыбында жазылған өлеңдері арқылы оқырмандарды ұлттық намыс, жігерлікке тәрбиелеу.
Балалар ақын Әбділда Тәжібаевтың шығармашылығы бойынша толық ақпарат алып, «Кім жылдам?», «Менің өлеңім» әдеби ойындарына қатысып, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқөыды. «Ақын жыры – бағдаршамы баланың» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
Шара соңында ақынның сөзіне жазылған «Сырдария», «Құлыншағым» әндері оқырмандармен бірге орындалды.
«Табиғат үнін тыңдайық»
- Подробности
- 24

26 наурыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Табиғат үнін тыңдайық» эко-әдеби тайм өткізілді.
Оқырмандар екі топқа бөлініп табиғат тақырыбында өлең оқып, жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдерді жарыса айтып өзара сайысқа түсіп, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін жеткізді. «Арал теңізі», Қазақстанның «Қызыл кітабы» туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
Оқырмандар назарына «Табиғат - байлығым» кітап көрмесі ұсынылды.
«Ұлттық киім – ұлт айнасы»
- Подробности
- 38

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ұлттық құндылықты насихаттау, салт-дәстүріндегі ұлттық өнегені балалардың бойына дарыту, елге, жерге, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін оятып, отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттық киімді кітап арқылы жас бүлдіршіндерге таныту мақсатында «Ұлттық киім – ұлт айнасы» дәстүр сағатын өткізді.
Шараға №15 «Жидек» балалар бақшасының бүлдіршіндері мен ата-аналары қатысты. Кішкентай оқырмандарға «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеде «Сен білесің бе?» сериясының «Наурыз», «Ұлттық киімдер», «Ұлттық өю-өрнектер», «Зергерлік бұйымдар» кітаптары, «Қазақ мектебі» ұлттық жобасы бойынша жарық көрген «Қазақтық ұлттық киімдері» суреттер топтамасы және тағы басқа ұлттық құндылығымызды танытатып кітаптар мен балаларға арналған журналдар таныстырылды.
