Новости

Новости

12 сәуір – Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні. Осы күнге орай Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №52 негізігі білім беретін мектептің 3-сынып оқушыларымен «Аспан әлеміне саяхат» тақырыбында  ғарыштық саяхат сағатын Ақтөбе облыстық планетарий  әлеміне саяхат жасады. Саяхатымыз адамзаттың ғарышты игеру тарихын жан-жақты та­ныта білуге арналған.

«Ғарыш – сиқырлы, сырлы әлем» атты кітап көрме-ақпарат ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне Т.Әубәкіровтың, Т.Мұсабаевтың, А.Айымбетовтың, Ю.Гагариннің өмірі, еңбек жолдары туралы, ғарыш техникасының дамуы т.б. кітапхана қорындағы ғарыш тақырыбындағы кітаптар және мерзімді басылымдар беттеріне шыққан мақалаларға шолу жасалды.

Оқырмандар, Ақтөбе облыстық планетарийінің қызметкерлері ұйымдастырған «Квиз» ойынына қатысып, жүлделі орындармен сыйлықтарға ие болды.

710c9f85 7ef4 4023 b254 1a8be82561c2ea26c3fd f458 4797 a93b d8e44e62b754

12 сәуір – адам баласының ғарышқа алғаш рет ұшқан  күніне орай Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы № 21 «Кәусарбұлақ» бөбекжай балабақшасы «Сұңқар»   даярлық тобындағы бүлдіршіндерге «Мен ғарышкер боламын!» тақырыбында ғарыш әлеміне саяхат жасады

«Ғарыш – сиқырлы, сырлы әлем» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне Т.Әубәкіровтың, Т.Мұсабаевтың, А.Айымбетовтың, Ю.Гагариннің өмірі, еңбек жолдары туралы, ғарыш техникасының дамуы т.б. кітапхана қорындағы ғарыш тақырыбындағы кітаптар және мерзімді басылымдар беттеріне шыққан мақалаларға шолу жасалды.

Балаларға, планета атаулары жасырылды, қызықты ойындар ойнатылды.

4b9f3218 b6d6 45bb 954b 7aec6b380c2810bb3edd e95e 4891 b285 177b5f64c287

8 сәуір  күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы І.Есенберлин атындағы №15 орта мектебінде  «Позитив» салауаттылық клубының кезекті отырысы: «Мы за здоровый образ жизни!» денсаулық сағатын өткізді.

Шарада клуб мүшелерін екі топқа бөліп, ойын-сұрақтар, тапсырмалар және дене жаттығулары  арқылы жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам екенін түсіндіре отырып, салауатты өмір салтына ынталандырылды.

Оқырмандар назарына «Здоровье - ключ к успеху» кітап көрмесі ұсынылды.

3b1377e8 3988 48bc 9ecb 2bdd014cecf84d51a381 0bc3 4839 93cc 5f5f02a6c1ca

        2024 жылғы 4 сәуір  күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Сағи Жиенбаевтың, Тобық Жармағамбетовтің туғандарына 90 жыл толуына орай   «Биік тұғырдағы талант»  атты  әдеби  жәрмеңке  өткізді.

Қазақ әдебиетінде жарқырап жанған қос таланттың  шығармаларын насихаттау мақсатында өткізілген шараға С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімі меңгерушісі Сұлтанбекова Лаура Ерікқызы, №31 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Орынай Бижанқызы Идрисова және №52 негізгі мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аққаным Әлиқызы Кенжешева қатысып қаламгерлердің өмір жолдары,  шығармашылықтары туралы терең сөз қозғады.

№31, №52 мектептің  жоғарғы класс оқушылары Т.Жармағамбетовтың  «Отамалы» шығармасынан  түйген өз ойлары  мен ондағы кейіпкерлердің іс әрекеттері жайында пікірлерін ортаға салса, «Желкен» әдеби клубының мүшелері С.Жиенбаевтың сырға толы жырларын жатқа оқыды.

Оқырмандар назарына «Биік тұғырдағы талант», «Қазақтың сыршыл ақыны» атты кітап көрмелері ұсынылды.

78e5e6ef d4e9 46cc a655 8674f65b12e8

1 сәуір – күлкі күні.

Бүгін кітапханада  белгілі сатирик  Оспанхан Әубәкіровтың   туғанына 90 жыл толуына орай «Көнермес күлкі сыйлаған » тақырыбында   күлкі сағаты  өтті.

Шараның қонағы – Темірбек Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының 2009 жылғы түлегі, Өнер жеке мектебінің ұстазы, «Рика» телеарнасының теле жүргізушісі, Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрының актрисасы Жанна Бақыт.

         №52 негізгі орта мектебінің оқушылары жазушы  О.Әубәкіровтің шығармашылығымен танысып,  Жанна Бақытпен сұхбат құрды.

«Ақын жыры – бағдаршамы баланың» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

e6192f57 1bd0 427a 9e3e f9a514cca78c

 

2024 жылғы 28 наурызда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы жазушы Виталий Бианки туғанына 130 жыл толуына орай №11 мектеп оқушылары арасында «Лесные полянки Виталия Бианки»  атты кітап көрмесі жасақталып, жазушының шығармалары бойынша викторина өткізілді. Балалар  жазушының ертегілері және әңгімелерімен танысты. 

7c9d0808 c95c 46d6 ac37 96e76d941712