Новости

Новости

          2025 жылғы 7 ақпан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар  кітапханасы оқырмандар назарына  қазақ ғылымы тарихындағы алғашқы кәсіби энциклопедист-ғалым, саяхатшы, ағартушы, шығыстанушы және қазақ тарихы этнографиясының фольклоры саласындағы зерттеулерінің қайнар көзі Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай   «Ғылым көгінің жұлдызы» атты кітап көрмесін ұсынды.

         Шоқан Уәлихановтың  ұлт үшін атқарған ғылыми ізденістері, оның  қазақ халқының тарихы мен мәдениетін әлемге таныту жолындағы қажырлы еңбегі жастарға үлгі етілді.  Кітап көрмесіне Шоқан Уәлихановтың қазақ және орыс тілінде жазылған еңбектері қойылып,  Сапарғали Бегалиннің «Шоқан асулары», «Бала Шоқан» атты шығармалары насихатталды.

Шоқан 3Шоқан3eb38b02 d8f0 48f7 a1dc 02276ba89617f2982e03 b1af 43c4 b424 849012fbfc2c

2025 жылдың 06 ақпанда  Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Жасыл әлем» экологиялық клубының кезекті отырысын  № 8 орта мектептің 4-сынып оқушыларының қатысуымен «Көрінбейтін ауа» тақырыбында тәжірбие  сағаты өтті.

Шарада жас табиғат жанашырларына  адам өміріндегі ең қажетті  «ауа»

тақырыбы бойынша қызықты ақпараттар берілді.

Оқушылар тәжірбие  сағатында «Ауаны ұстап алайық», «Ауаны сезейік», «Судың астындағы ауаны байқау»  тапсырмаларын орындады. Есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында «Жұбын тап»,  «Пирамида» құрастыру, «Жауын құрт»  ойындарын  ойнады.

Оқырмандар назарына « Жеріңді аяла, адамзат!» атты кітап көрмесі ұсынылды.

 

ауа 1ауа 3ауа 4ауа 5ауа 6ауа 8

 

2025 жылдың 5 ақпан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар  кітапханасы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған «Абайды сүю арқылы, Ұлтымды сүйем деп білемін!» атты әдеби-патриоттық кешін өткізді.

Шара қонағы абайтанушы, ұлағатты ұстаз Қуанышбай Пірмаханұлы адамзаттың рухани қазынасына айналған Абайдың мол әдеби мұрасы туралы терең сөз қозғап, Абайды тану қазақтың өзін-өзі тануы екенін атап өтті. Шараға ZOOM платформасы арқылы Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының насихат бөлімінің меңгерушісі Нұржан Ерланұлы Боранбаев қосылып,  асылдың көзі - ұлттық руханияттың темірқазығы атанған Абай Құнанбайұлының алақанының табы қалған  жәдігерлермен таныстырып,  ақынның өмір сүрген ортасы, шығармашылығы туралы тың пікірлерімен бөлісіп, сақталған дүниелердің құндылығын саралап өтті.

Оқырман назарына «Абай тағылымы-мәңгілік азық» атты кітап көрмесі мен Қазанғап атындағы өнер мектебінің оқушылары дайындаған «Адам болсын десеңіз, Абайды оқы!» әдеби монтаж  ұсынылды. Шараны №1 музыка мектебінің «Дәстүрлі ән» класының оқушысы Жолаушыбай Мақсат «Желсіз түнде жарық ай» әнімен тебіренте аяқтады.

А4А5А6А1

 

2025 жылдың 29  қаңтар күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар  кітапханасы  «Оқитын өлке-2025» акциясы аясында сатирик-жазушы Үмбетбай Уайдиннің туғанына 90 жыл толуына арналған «Сатира – өлмейтін  елдің өшпейтін күші» сатира алаңын өткізді.

Шара қонағы сатирик, актер, Қазақстанның Мәдениет қайраткері  және «Екі Езу» әзіл-сықақ театрының директоры, Жүсіпбек Аймауытов атындағы арнайы жүлдесінің және сатира жанры бойынша Үмбетбай Уайдин атындағы жүлде иегері Нұрлыбек Хайруллаұлы Жұбатқан жазушының тапқыр, ұтқыр астарлы  шығармашылығы туралы әңгіме қозғап,  сатира – адалдықтың, адамдықтың қаруы екендігін айтып, әзілдің астарын  түсіну, сынды дұрыс қабылдауға шақырды.

Оқырмандар назарына «Ойы мәнді, сөзі нәрлі» виртуалды кітап көрмесі және  М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі мен балалар  шығармашылық үйінің оқушылары Үмбетбай Уайдин мен Нұрлыбек Жұбатқанның шығармаларынан сахналық көрініс көрсетті.

У 2У 3У5У 6У 7

2025 жылғы 22 қаңтар күні  Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Оқитын дос іздеймін» жобасы аясында  №57 жалпы білім беретін орта мектебінде балалар жазушысы Сапарғали Бегалинның туғанына 130 жыл толуына  арналған   «Балалар әдебиетінің елшісі» атты портрет  кешін өткізді.

Кеш барысында жас оқырмандарды балалар әдебиетінің балғын әлеміне тереңінен бойлатып, жақсылыққа қайрай білген жалынды жазушы Сапарғали Бегалинның өмірі мен шығармаларына шолу жасалынды. Балалар жазушы туралы деректі бейнебаянды тамашалап, өз ойларын білдірді. «Ассоциация» ойыны, «Кітапханаға саяхат» викторинасы, «Дұрысын тап!» квиз тапсырмаларын орындау арқылы білімдерін жетілдірді.

         №57 орта мектептің 8 класс оқушылары жазушының «Қазақ бозбалалары», «Сүйем сені», «Жаз лебі» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Оқырмандар назарына  «Балалар әдебиетінің елшісі» атты кітап көрмесі ұсынылды.

С.Б. 2С.Б. 3с.б. 4С.Б. 5С.Б.1

М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінде жас ұрпақтың бойына адамгершілік, адалдық, әділдік қасиеттерін сіңіру, дүниетанымдарын кеңейтіп, өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу  мақсатында «Бұл- адалдық пен әділдік үшін күрес» атты пікірталас  өтті.

Оқырмандарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәні түсіндіріліп, адал әрі парасатты болуға шақырды.

          Сондай-ақ өзара пікірталасқа түсіп, «Әділдікке жету жолдары қандай?», «Жемқорлыққа қалай қарсы тұруға болады?», «Адалдықтың адами қарым-қатынастағы маңызы қандай?», «Өзіңе –өзің адал болу және  өзін-өзі алдау деген не?» сұрақтарына жауап тапты. Тақырыпқа сай интелектуалды ойындар ойнатылып  «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Жастардың дүниетанымдарын кеңейтетін дана Абайдың, Шәкәрімнің асыл ойлары мен өсиеттері, «Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен», - деп адалдыққа шақырған М.Әуезовтің кітаптарымен қатар, ҚР Заңдары, мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар ұсынылып, жемқорлыққа қарсы бейнебаяндар көрсетілді.

а 2а 4а 5а 6