Новости
2022 жылғы 24 маусымда «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» спорт алаңы өтті
- Подробности
- 16

2022 жылғы 24 маусымда Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Балалар жылына арналған «KIDS BOOK FEST – 2022» Кітап фестивалі аясында Абай гүлзарында «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» спорт алаңын ұйымдастырды.
Адам өмірінде спорттың маңыздылығын жас ұрпаққа ұғындыру мақсатында өткізілген шарада «Спорт – салауатты өмір бастауы», «Бақытың да, байлығың да – ДЕНСАУЛЫҚ» кітап көрмелерінде денсаулық пен спорт туралы, қызықты деректер топтамасы ұсынылып, балаларды салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен дос болуға шақырды.
«Тэквондо» спорт түрінің қызыл-қара белбеу иегері Әлішер Бөлеков әрқашан өзіне сенімді, сабырлы, не нәрсе жасаса да, ойланып барып орындайтын адам болуы керек екендігін және жастарды жігерлі, қайратты болуға шақырды.
Алаңға жиналған балалар ұлттық «Бес асық», «Ханталапай» ойындарын ойнап, викториналық сұрақтарға жауап берді.
2022 жылғы 21 маусым күні кітапхана қызметкерлері №26 «Үміт» балабақшасына барды
- Подробности
- 20

2022 жылғы 21 маусым күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №26 «Үміт» балабақшасына жануарлар туралы ертегі бағдарламасымен барды. Балалар «Тапқыр қойлар» ертегісін тыңдап, ертегінің басты кейіпкерлері туралы сұрақтарға жауап берді. «Кейіпкерлермен сырласайық» ойынына қатысып, кітап көрмесінде ұсынылған ертегілермен, 3D панорамалы кітаптармен танысты.
2022 жылғы 21 маусымда "Тілашар"оқу орталығының оқушылары қонаққа келді
- Подробности
- 16

2022 жылғы 21 маусымда "Тілашар"оқу орталығының оқушылары бізге қонаққа келді. Кішкентай балалардың назарына біздің кітап қорынан панорамалық ертегілер ұсынылды. Балалар ғарыш, Жер планетасы, дүниежүзілік мұхит туралы қызықты энциклопедиялармен танысты. Біздің жаңа оқырмандар кітапханамен дос болуға уәде берді.
2022 жылғы 17 маусымда "KIDS BOOK FEST-2022" фестивалі аясында...
- Подробности
- 17

2022 жылғы 17 маусымда Абай гүлзарында "KIDS BOOK FEST-2022" фестивалі аясында және балалар жылын қолдау мақсатында біздің кітапхана Алдар Көсе туралы Қазақ ертегілері мен Льюис Кэроллдың «Алиса в стране чудес» ертегісі желісімен біздің қымбатты оқырмандарымызбен Kitapquest өткізді. Оқырмандар және қала тұрғындары үшін таңдалған тақырыптар бойынша екі инсталляция дайындалды. Ашық ауада балалар ойындарға белсенді қатысып, қазақ ертегілерінің кейіпкерлері туралы сұрақтарға жауап берді. Балалар соңғы рет қандай кітапты оқығанымен бөлісіп, тапсырмаларды шешіп, Алиса туралы кітап беттерінен сұрақтарға жауап іздеді.
2022 жылғы 17 маусымда «Ақтөбе... Ақ адырлы Абыз дала» атты кітап көрмесі өтті
- Подробности
- 23

2022 жылғы 17 маусымда Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Абай гүлзарында Ақтөбе облысының 90 жылдық мерекесіне орай «Ақтөбе... Ақ адырлы Абыз дала» атты кітап көрмесін ұсынды. Кітапхана қызметкерлері арайлы Ақтөбе қаласының кешегі тарихи болмысы мен бүгінгі ажары туралы баяндады.
Оқырмандар назарына өркенді өңіріміздің шежіресінен, облысымыздағы аудандар тарихынан сыр шертетін тарихи-танымдық, мәдени-әлеуметтік тұтас ақпарат беретін энциклопедиялар мен қатар жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары ұсынылды.
«Желкен» әдеби клубының мүшелері Ақтөбе қаласына арналған тебіреніске толы өлеңдер оқыды.
2022 жылдың 15 маусым күні «Батырлар жыры – балалар әлемінде» атты кітап көрме өтті
- Подробности
- 22

2022 жылдың 15 маусымы Абай гүлзарында біздің кітапхана «Батырлар жыры – балалар әлемінде» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
Еліміздің даңқын даралаған батыр бабаларымыздың есімін ұлықтау мақсатында көрмеге «Батырлар жыры» бес томдық кітабы және Қобыланды, Ер Тарғын, Қамбар батыр, Райымбек, Қанжығалы Бөгенбай, Керей мен Жәнібек, Есет Көкіұлы, Батыр Науан, ер Едіге сынды алаш ерлері туралы кітаптар қойылды. Сондай-ақ, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген «Бабалар сөзі» жүз томдық кітабының батырлар жыры топтастырылған 33- 36 томдары қала тұрғындарына ұсынылды.
Кішкентай оқырмандарымыз Нан батыр, Алпамыс батыр, Ер төстік және тағы да басқа батырлар туралы ертегілер мен «Еркетай», «Kazakh man» сынды комикс кітаптармен танысты.
