Новости
2022 жылғы 12 мамыр күні "Менің отбасым және мен оқыған кітап" оқырман отбасы бенефисі өтті
- Подробности
- 36

2022 жылғы 12 мамыр күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында Халықаралық Отбасы күніне арналған "Менің отбасым және мен оқыған кітап" оқырман отбасы бенефисі өтті.
Шараға "Шаңырақ" отбасылық оқу клубының мүшелері және №22 орта мектебінің 5 класс оқушылары мен тұрақты оқырманымыз Ізбагамбетовтер отбасы қатысты.
Сұхбат барысында отбасының тірегі Ізбагамбетов Оралбай немерелерінің кітапханаға жиі келетіндерін, кітаппен жақын дос бола білгендері жайлы әңгімеледі.
Отанасы Ізбагамбетова Айсұлу балалары мен немерелеріне дұрыс тәрбие берудің қаншалықты маңызды екендігі туралы ой бөлісті. Ал анасы Салтанат балаларының оқудағы жетістіктері туралы үлкен сүйіспеншілікпен және мақтанышпен айтып, мерекемен құттықтады. Балаларды кітап оқуға шақырды.
Шарада оқырмандар ой сергіту айдары бойынша «Кім тапқыр?» ойынында берілген сөздерден отбасы, кітап туралы мақал - мәтелдер мен нақыл сөздер құрастырды. «Талант студио» шығармашылық орталығының білім алушысы
Сисемби Аяжан «Ата-әже» әнін тарту етті. «Бақытты отбасы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
2022 жылғы 6 мамыр күні «Менің Отаным – тыныштықтың мекені» атты патриоттық акция өтті
- Подробности
- 23

2022 жылғы 6 мамыр күні Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы 312 атқыштар дивизиясы мен 101 атқыштар бригадасының құрметіне арналған «Зеңбірек» ескерткіш-белгісі алаңында Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесіне және Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылары күніне арналған «Менің Отаным – тыныштықтың мекені» атты патриоттық акция өткізді.
Шараға Ақтөбе облыстық Ауған соғысының ардагерлері, Ауған соғысы жауынгер интернационалистер қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Амангелді Бәйішұлы Жұмабеков, Жантөре Қантөреұлы Көптлеуов қатысып, өз өмірін халқымыздың қауіпсіздігі мен бейбіт астындағы өмірін қорғауға арнаған ардагерлеріміздің өнегелі өмірін үлгі етіп, оларды ерекше құрметтеуге және өз елінің адал перзенті деген атқа лайықты болуға шақырды.
№1 музыка мектебінің өнерпаздары, Мақсот Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының, Ғұбайдолла Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы, 11, 42, 45, 55, жоғарғы сынып оқушылары «Мәңгілік мақтан Қазағым – Елім»» әдеби-сазды бағдарламасын ұсынды.
Оқырмандар назарына «Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді», «Қазақстан Қарулы Күштері - азаттық сақшысы» кітап көрмелері ұсынылды.
2022 жылғы 5 мамыр күні «Батырдың ізін жалғар ұрпағы бар» атты тағзым сағаты өтті
- Подробности
- 17

2022 жылғы 5 мамыр күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі Совет Одағының батыры І.Үргенішбаевтің туғанына 110 жыл толуына арналған «Батырдың ізін жалғар ұрпағы бар» атты тағзым сағатын өткізді.
Шараның мақсаты: Қазақ халқының аты аңызға айналған батыры Ідіріс Үргенішбаевтың қаһармандық ерлігін, мұғалімдік бейнесін жан-жақты ашып көрсету, елін, жерін қорғай білуге, ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Шарада қаламын винтовка мен автоматқа ауыстырған кешегі ауыл мұғалімінің тар жол, тайғақ кешудегі ерлік істері жете таныстырылып, оқырмандарға батыр туралы естелік видеолар мен слайдтар көрсетілді.
«Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
2022 жылы 3 мамыр күні «Егемен ел қорғаны – Қарулы күштер» атты әскери-патриоттық сағат өтті
- Подробности
- 12

2022 жылы 3 мамыр күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне байланысты «Егемен ел қорғаны – Қарулы күштер» атты әскери-патриоттық сағат өткізілді.
Шараға Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 4 курс курсанттары және кадет үйірмесінің білім алушылары мен қатар № 52 негізгі мектеп оқушылары қатысты. 4 курс курсанты Өмірзақ Қанат оқушыларға саптық жаттығулар үйретіп, әскери курсанттардың бір күндік өмірімен таныстырды.
«Талант студио» шығармашылық мектебінің өнерпазы Сагиндыков Ислам мен Қаршыға Мадияр «Батырлар ұраны» атты ән орындады. «Ер – елінің айнасы» атты кітап көрмесімен танысты.
2022 жылғы 29 сәуір күні «Қазақстан – достық мекені» тарих сағаты өтті
- Подробности
- 17

2022 жылғы 29 сәуір күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектеппен бірлесе 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күнінің маңыздылығын көрсету, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, «достық», «өзара сыйластық» ұғымдарын ашу мақсатында «Қазақстан – достық мекені» тарих сағатын өткізді.
«Достықтын дархан ұясы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізіліп, «Атамекен» өлкетану-патриоттық клубының мүшелері жыр мен әннен шашу шашып, мерекелік көңіл-күй силады.
2022 жылғы 22 сәуірде «Төгіліп күй, жарқырап жыр, әуелеп ән…» әдеби-сазды алаңы өтті
- Подробности
- 23

2022 жылғы 22 сәуірде Халықаралық кітап күніне орай Ақтөбе облысы бойынша барлық кітапханаларда «Кітапхана Кештері» өтті.
«Кітапхана Кеші» Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының оқырмандары үшін «Төгіліп күй, жарқырап жыр, әуелеп ән…» әдеби-сазды алаңы және шытырман оқиғаларға толы «Book Treasure» (Кітап қазынасы) саяхат ұйымдастырылды.
Оқу мәдениетін арттыру, талантты оқырмандарға қолдау көрсету, жастар арасында кітап оқуды жандандыру, қоғам мен кітапхана байланысының жаңа формаларын қалыптастыру мақсатында өткізілген әдеби-сазды алаңында Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын, журналист Индира Мұратқызы Кереева, жас қаламгер Әлихан Жақсылық, көкіректеріне көрікті сөз ұялаған, поэзияны, көркем әдебиетті сүйетін оқырмандар, «Желкен» әдеби клубының мүшелері, Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы, М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары, А.Жұбанов атындағы музыка колледжінің 2-курс студенттері бас қосты.
Шараға қатысушылар белгілі ақындардың өлеңдерін оқып, өздерінің балауса туындыларын да ортаға салды. Өнерлі оқырмандарымыз домбырадан күй төгілтіп, ән салып, үлкен қызығушылықпен қатысып, рухани азық алып, баршаны кітап оқудан ләззат алуға, жан сарайын кеңейтуге шақырды.
Ал шытырман оқиғаларды сүйіп оқитын оқырмандар әдеби кейіпкерлер Питер Пен мен Кариб теңізінің әйгілі қарақшы капитаны Джекпен бірге «Book Treasure» Кітап қазынасын табу үшін түрлі кедергілерден өтеді. Балаларға басты талап қойылды – қатысушылар үшін «қарақшылар» дресс-коды.
Жас қарақшылар Джекпен бірге көне көпірден өтіп, қарақшылардың биін билеп, «қазына-кітабы» суретін салып, сүйікті кітаптары туралы ой бөлісіп, қарақшы Джектің жұмбақтарының да шешімін тапты.
Қызықты шараға қатысқан №11, 42 мектептерінің кішкентай қарақшылар тақырыптық фотоаймақта суретке түсіп, көңілді күймен тарады.
