Новости

Новости

     2022 жылғы 19 тамызда Абай гүлзарында «KIDS BOOK FEST – 2022» фестивалі аясында біздің кітапхана «Сен білесің бе?» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге кішкентай оқырмандардың білімге деген құштарлығын арттыру және табиғи құбылыстар мен әлемде болып жатқан жайттардың сырын түсінуге көмектесетін «Білімдар», «Сен білесің бе?», «Жалықтырмайтын астрономия» және тағы басқа энциклопедиялар ұсынылды. Туған жеріміздің халқын, тілі мен дәстүрін, әдебиеті мен мәдениетін тануға арналған қысқа әрі нұсқа жазылған «Сен білесің бе?» атты тарихи – этнографиялық  кітаптар топтамасы асыл мұраларымызды құрметтеуге баулиды.

1

2

3

4

     2022 жылғы 16 тамыз күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы «Жазғы библиоэстафета» жобасы аясында «Күн астындағы Күнікей қыз» ертегісімен «Амаль» балабақшасына барды. Мектеп жасына дейінгі балалар ертегі тыңдап, ертегі кейіпкерлерінің рөлін сомдауға тырысты. «Ертегілер әлемінде» кітап көрмесіне қойылған ертегі кітаптармен танысты.

1

2

3

4

5

6

7

 

     2022 жылғы 12 тамызда Абай гүлзарында «KIDS BOOK FESТ – 2022»  фестивалі аясында біздің кітапхана «Оқимыз. Ойлаймыз. Армандаймыз.» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Кішкентай оқырмандарымыздың назарына ғарыш әлемі мен қоршаған ортаны танып білуге, мемлекеттер мен әлемнің керемет жерлерін түсінуге көмектесетін энциклопедиялық жинақтар ұсынылды. Балалар 365 күнге арналған «Әдеп әлемінде» әдеп әліппесі, «Правда или нет?», «First words», «АВС» английский алфавит кітаптарымен танысып, әдеби ойындарға қатысты.

     2022 жылдың 12 тамызында кітапхана Жастар күніне орай Абай гүлзарында «Жас мұраты – білім, тәлім-талабы – өнер, оқу – жастықтың қару-жарағы» атты сұхбат-кешін өткізді. Еліміздің келешегі жастардың әлеуметтік келбеттерін бағдарлап, ой-пікірлерін  саралау мақсатында ұйымдастырылған шарада еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында екендігі айтылды.

     Қоғамның қозғаушы күші болып табылатын  жастар «Жетістікке жету жолында адам бойында қандай қасиет болу керек?», «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегенді қалай түсінесіз?, «Қоғамымызда белсенді жастар көп пе, әлде енжар жалқау жастар көп пе?», «Қоғам дамуы үшін қандай жат қасиеттен арылуымыз керек? деген сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтты.

1

2

3

4

5

6

7

8

     2022 жылғы 26 шілдеде кітапханамызда  «Тілашар» оқу орталығының оқушылары қонақта болды. 30 шілде – Халықаралық достар күніне орай  «Адал дос», «Достарды қалай таңдаймын?», «Кел, достасайық!», «Достық жоралғы» атты кітаптармен танысты. Балалар жұмбақтар шешіп, жаңылтпаштар оқыды.

1

2

3

4

5

6

 

     2022 жылғы 4 шілдеде Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Campit» жазғы балалар демалыс лагерінде ҚР елордасы күніне арналған «Астана аласармас – асқақ рух» атты патриоттық сағат өткізді. Балалар жаңа дәуірдің жасампаз  шаһары елордамыздың тарихы мен  өсіп-өркендеуі, заманына  сәулеті жарасқан сәнді ғимараттар мен көрікті жерлерімен танысты.  Ақындарымыздың елорданың әсем келбетіне арнап шығарған отты жырлары оқылды. Лагерьде демалушылар назарына «Ұлт мақтанышы» кітап көрмесі ұсынылды.

1

2

3

     2022 жылғы 1 шілдеде Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Абай гүлзарында Домбыра күніне арналған «Жүрек үнін естіген домбыра» тарих сағатын өткізді. Қазақтың ежелден келе жатқан, ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы домбыра туралы паш етіп,оны насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарада: киелі де қасиетті домбыраның құндылығы туралы, тарихымызды дәлелдейтін «Көк бөрі», «Ақсақ құлан», «Қорқыт» «Адай» т.б. күйлеріне арқау болған оқиғалардың бәрі де, біздің заманымызға осы құдіретті домбыра арқылы жетіп отырғаны айтылды. Тәттімбет, Құрманғазы, Дина, Жамбыл, Нұрпейіс, Нұрғисадай қара домбыраның ғұмырын жалғастырған ұлтымыздың біртуар тұлғалары жайында сыр шертілді.

     Оқырмандар назарына  «Қазақтың асыл қазынасы» кітап көрмесі ұсынылды.

1

2

3