Новости

Новости

     2022 жылғы 30 наурыз күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасында балалар кітабы апталығының төртінші күні өзгеше өтті.

     ZOOM платформасы арқылы Ресей Федерациясы Орынбор облыстық полиэтникалық балалар кітапханасымен біріге жазушы К.И.Чуковскийдің 140 жылдық мерейтойына арналған «В гости дедушка Корней, приглашает всех детей…» библиоперфоманс ұйымдастырылды. Біздің оқырмандар Корней Чуковскийдің «У меня зазвонил телефон…» өлеңінен көрініс көрсетсе, орынборлық оқырмандар «Муха-Цокотуха» өлеңі бойынша әдеби лото ұсынды. Шара соңында балалар «Героический поступок» және «Лото по Чуковскому» сергіту ойындарына қатысты.

1

3

4

5

6

7

8

9

 

 

     Балалардың көктемді демалыс күндерін қызықты және пайдалы өткізуіне ықпал ету мақсатында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы 2022 жылдың 25 наурызы мен 2 сәуір аралығында Балалар жылы аясында Халықаралық балалар кітабы  күніне орай Балалар кітабының апталығын өткізеді.

     Апталық аясында жас оқырмандар үшін түрлі форматта кездесулер, мерекелер, кітап көрмелері ұйымдастырылады.

     Апталық ақын, балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Ескен Елубаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Балаларға базарлық» әдеби сағатымен ашылды.

     «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» кітап көрмесінде Ескен Елубаевтың еліміздің бүлдіршіндері мен жеткін­шек­тері елін сүйген ержүрек батыр, өнер­лі, тәрбиелі білімді болып өссін деп жазған не­бір ғажайып дүниелеріне библиографиялық шолу жүргізілді.

     «Zoom» платформасы арқылы жазушы, Қанат Қайым шараға қатысып, ақынның балалар әдебиетіндегі жарқын бейнесі туралы  айтып, естеліктерімен бөлісті.

     Кітапхананың белсенді оқырмандары №31, №45 мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін оқып, шығармашылығымен терең танысты.

1

3

4

5

6

7

8

9

10

11

     2022 жылғы 17  наурыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Наурыз мейрамында  «Аққу» қоғамдық бірлестігінің ең сүйкімді балаларын «Келді Наурыз-гүл-көктем» атты көңілді бағдарламасымен құттықтады. Балалар би билеп, жұмбақ шешіп, ойынға қатысты.

     «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» атты кітап көрмесі ұсынылып, қазақтың салт-дәстүріне, қазақтың ұлттық тағамдарына арналған кітаптарды оқыды. Мерекелік дастарханда балалар кітапханамыздың Наурыз көжесі мен бауырсақтарынан дәм татты. Кітапхана қызметкерлері балаларды құттықтап, тәтті сыйлықтар үлестірді.

1

2

3

4

5

6

7

9

10

11

     2022 жылғы 16 наурыз күні Н.Байғанин  атындағы облыстық  балалар кітапханасы жас өренді өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында «Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі» атты дөңгелек үстел өткізді.

     Оқырмандар «Дін қазіргі қоғамда қандай орын алады?», «Діннің адамның рухани өміріндегі орны» тақырыптары бойынша өздерінің пікірлерін ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы теолог маманы  Нұрлан Асанов  жастардың діни сауаттылығын ашатын мәселелерді көтеріп, оларды қазақ халқының мәдениеті мен озық салт-дәстүрін құрметтеуге, туралықтан таймауға шақырды.

     «Дін - тәрбиенің  рухани тірегі» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, Фараби, Баласағүни, Яссауи бабаларымыз салып, Абай, Шәкәрім және Мағжан, Жүсіпбек даналарымыздың шығармалары насихатталды.

1

2

3

5

     2022 жылғы 15 наурыз күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы № 62 Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде «Табиғат, сен – тіршілік, тұнып тұрған, Сен – күнсің, көтерілген күліп қырдан ...» эко-әдеби  керуенін өткізді

     Шарада халықтың көңіл-күйін, сүйініші мен күйінішін табиғаттың ішкі иірімдерін сіңіре отырып жазылған көркем шығармалар арқылы оқырмандарға  қоршаған орта туралы түсінік беріліп, табиғатты қорғап, аялай білуге шақырды.

     «Табиғатым- байлығым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу ұсынылды.

1

2

4

5

     2022 жылғы 14 наурыз күні Н.Байғанин  атындағы облыстық балалар кітапханасы «Наурыз — мәңгілік ел салтанаты»  атты мерекелік шара өткізді.

     Шараның құрметті қонақтары қазанғаптанушы, күйші, «Ерен еңбегі» үшін медалінің иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жайлау Асылханов, ҚР Мәдениет, өнер және ақпарат саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Ақтөбе филиалының төрайымы Назира Табылдинова, облыстық планетарий директоры Қорлан Бөлеков, Мәдениет саласының үздігі, «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері Алмагүл Сарыбай және  өлкетануға елеулі үлес қосып, ұлттық тәрбиені насихаттап жүрген №31орта мектебінің мұғалімі Орынгүл Идрисова қатысып, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың маңызы мен мәнін ашып, тарих қойнауында қалған ескірген дәстүрлер жайлы тағылымды әңгімелерін айтып, Амал күнімен құттықтап,  ақ баталарын беріп, өскелең ұрпақты халық өнегесін қадірлеп, сақтауға шақырды. Шарада көне дәстүрлеріміздің бірі, жастарға арналған  ақыл, өнеге, өсиет, тағылымды сөздерге толы – «Аушадияр»   дәстүрі жаңғырып, мерекелік сазды бағдарлама және «Әз Наурыз, елге нұр жауғыз» кітап көрмесі ұсынылды.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10