Новости

Новости

     2022 жылғы 13 қыркүйекте Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ақын, жазушылар одағының  мүшесі Мұхтар Құрмалиннің туғанына  95 жыл толуына орай  «Өздеріңмен біргемін» ақпарат сағатын  № 42 жалпы білім беретін орта мектептің 7 класс оқушылары арасында  өткізді.

     Шара басында  балалық шағын соғыс жылдары тез есейткен, өзінен кейінгі талай жас буынның қанаттануына ықпал  еткен ақынның өнеге толы өмірінен сыр шертілді. Туған жерге деген перзенттік махаббатынан туған патриоттыққа толы өлеңдері мен балаларға арнап жазған сыршыл жүрекке жылы тиетін өлеңдері оқылып, таныстырылды.

     Оқырмандар назарына «Өлеңім өз жанымның парасаты» атты кітап көрмесі ұсынылды.

1

2

3

4

     2022 жылғы 8 қыркүйекте біздің кітапханаға «Зерде» жеке мектебінің оқушылары қонақта болып,  кітап әлеміне саяхат жасады. Жас оқырмандар танымдық балалар энциклопедияларына, 3D форматтағы кітаптарға қызығушылық танытты. Сонымен қатар «Айгөлек», «Балақан», «Балдырған», «Балалар әлемі», «Мөлдір бұлақ» журналдарымен танысты.

1

2

3

4

5

6

7

 

      2022 жылдың 26 тамызы күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Абай гүлзарында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған  «Ата заңым – елімнің рухы»   атты ақпарат сағатын өткізді.

      Өскелең ұрпақты құқықтық сауаттылыққа, Ата заңымызды құрметтеуге бағытталған шарада Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі  қолданысы жөнінде жөнінде кеңінен айтылды.

     «Алтын Заң аясында» кітап көрмесі» атты кітап көрмесі ұсынылды. Белсенді оқырмандарымыз Ақселеу Сейдімбек, Алмас Темірбай, Сәбит Баймолдиннің  тәртіп, заң туралы өлеңдерін жатқа оқып, викториналық сұрақтарға жауап берді.

1

2

3

 

     2022 жылдың 26 тамызда Абай гүлзарында «KIDS BOOK FEST-2022» фестивалі аясында біздің кітапхана «Біз күштіміз, ептіміз!» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге спорт туралы энциклопедиялар, қызықты кітаптар ұсынылды. Балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында спорттық ойындар ойнатылды. Дұрыс тамақтану мен күнделікті жаттығулардың пайдасы да кішкентай бүлдіршіндерге айтылды.

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

6

     2022 жылдың 26 тамызы күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы № 45 жалпы білім беретін орта мектебінде  ҚР Конституциясы күніне арналған «Ата заңым – елімнің рухы» атты ақпарат сағатын өткізді.

     Шарада біздің бүгініміздің негізі, болаша­ғамыздың бастауы - Ата Заңымызды құрметтеп, қорғау әрбір азаматтың міндеті мен парызы екендігі жете түсіндірілді.

     Оқырмандар назарына «Алтын Заң аясында» кітап көрмесі ұсынылып, адамгершілікті өз шығармаларының туы еткен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларымен терең таныстырылды.

     Конституция ұғымы, тарихы, тараулары, қабылдануы және  қазіргі  қолданысы жөнінде «Сен білесің бе?»  атты слайд  көрсетіліп, оқырмандар викториналық сұрақтарға жауап берді.

     2022 жылғы 19 тамызда Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Абай гүлзарында 19 тамыз - Дүниежүзілік фотосуреттер күніне орай «Сиқырлы фото әлемі» әдеби мозаика өткізді.

     Шарада көпшілік назарына «Фотообьективте өлкеміздің өткені мен бүгіні»  кітап көрмесі ұсынылып, өлке тарихына саяхат жасалды. Жылдар белесіндегі сан қырлы өзгерістер мен талай тарихи тұлғалар шыққан, бірлігі мен ынтымағы жарасқан Ақтөбе қаласы туралы сұрақтарға жауап беріліп, жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары насихатталды.

 1

2

3

4