Новости

Новости

     2022 жылғы 15 маусым күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасына «Magic Castle» балабақшасы қонаққа келді. Балаларға ертегілер, 3D панорамалық кітаптар, танымдық энциклопедиялар және дыбысты кітаптар таныстырылды. «Балдырған» журналындағы жұмбақтардың шешімін тауып, «Балбұлақ», «Айгөлек», «Балақан», мерзімді басылымдарға қызығушылықтарын танытты.

1

2

3

4

 

     2022 жылғы 13 маусымда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасына №67 орта мектебінің жазғы лагерінің оқушылары қонаққа келді. Балалар «Кел танысайық, бұл...» сериясымен шыққан «Өнертабыстар», «Жұлдыздар және ғаламшарлар», «Теңіз» энциклопедияларымен танысып, қоршаған ғажайып әлем туралы өз білімдерін толықтырды. Балаларға арналған «Айгөлек», «Балақан», «Балалар әлемі», «Балдырған» журналдарында берілген ертегі кейіпкерлерінің суреттін бояп, сканворд, жұмбақтар шешті.

1

2

3

4

5

6

7

8

     2022 жылғы 10 маусымда Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «KIDS BOOK FEST – 2022» фестивалі аясында Абай гүлзарында Ақтөбе облысының 90 жылдық мерекесіне орай «Менің құтты мекенім, сені мақтан етемін» атты өлкетану сағатын өткізді.

     Кітапхана қызметкерлері күн сайын өсіп өркендеп келе жатқан құтты мекен Ақтөбе облысының жылдар белесіндегі сан қырлы жетістіктерін, талай тарихи тұлғалар шыққан, бірлігі мен ынтымағы жарасқан Ақтөбе туралы ақпарат берді. «Желкен» әдеби клубының мүшелері «Ару қалам Ақтөбем» атты әдеби-монтаж ұсынды.

     Оқырмандар назарына балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында «Бірі жасын сөзімен, бірі жауһар жырымен» атты кітап көрмесі ұсынылып, жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары насихатталды.

1

2

3

4

5

6

7

     2022 жылғы 2 маусым күні   Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы 4 маусым – мемлекеттік рәміздер күніне арнап М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында «Киелі, қасиетті, құдіретті, қәдірле, Рәміздерді, жүрекпенен!» патриоттық сағат ұйымдастырды.

     Шарада Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі болған халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын жеткізетін құнды белгі - мемлекеттік рәміздеріміз туралы терең ақпарат берілді. Жас жеткіншектердің отансүйгіштік сезімін оятып, рәміздерді құрметтеуге үндейтін өлең-жырлар жатқа оқылып, мемлекеттік рәміздердің айбыны мен қадірі асқақтатылды.

     Оқырмандар назарына «Рәміздер – ұлттың киесі, рухтың тірегі» атты кітап көрмесі ұсынылды.

4

2

3

     2022 жылғы 19 мамыр күні Нұрпейіс Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы № 6 Ғұбайдолла Ақтаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде 7 класс оқушылары арасында ақын  Тұрмағамбет Ізтілеуұлының туғанына 140 жыл толуына арналған «Қайтсең де өз халқыңа қызмет қыл!» әдеби кешін өткізді.

     Оқушылар  Тұрмағамбет Ізтілеуұлының өмірі және рухани мұрасымен танысып,  ақынның рубаиларынан әдеби монтаж ұсынды. Белсенді оқырман Амандық Жансұлтан «Тәлім» термесін орындады. Ақынның шығармашылығы бойынша естелік бейне таспалар мен слайдтар көрсетілді.

     «Дария жырдың дүлдүлі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

1

2

3

4

5

     2022 жылғы 17 мамыр күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы № 62 Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде Қазақ опера және эстрада әншісі , Қазақстанның халық қаһарманы атағының иегері Роза Бағланованың туғанына 100 жыл  толуына арналған «Өнер. Өмір. Өнеге» өнер сағатын өткізді.

     Шара барысында әншінің өмірінен тың деректер, қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті мен кәсіби өнерінің өркендеуіне қосқан үлесі, сахна төріндегі жарқыраған жұлдызды сәттері жайында қызықты естеліктер айтылыпРоза Бағланова туралы «Ақмаңдайлымды шырқаған әнші»  бейне фильмі көрсетілді.

    Әншінің өмірі мен шығармашылығына арналған  «Ән-ғұмыр» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

1

2

3

4

5

6