Новости

Новости

2025 жылғы 4 наурыз күні Н.Бағанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ақын, журналист Есенбай Дүйсенбайұлының туғанына 85 жыл толуына орай «Ақынның өмір керуені және өлең өзені» атты  әдеби жәрмеңке өткізді.

          Шара қонағы Қазақстан Республикасының Жазушылар одағының мүшесі, ақын, өнер зерттеушісі, білім беру мәдениет саласының ардагері Қазақстан Республикасының Жазушылар одағының мүшесі Нұрлыбек Қалауов, қазақ поэзиясына өз өрнегін қосқан Есенбай Дүйсенбайұлының өлеңдері, шығармашылығы, еңбек жолы жайлы сөз қозғап, ақынның нақышты жырлардың иесі және   поэзиясы жүрек тебірентерлік күшке ие екенін әңгімелесе Айсын" радиожурналистика мектебінің жетекшісі, журналист Айсын Мүрсінқызы Байтакова ақынның журналистика саласындағы еңбегі туралы сөз қозғады.

         "Айсын" радиожурналистика мектебінің оқушылары мен «Желкен» әдеби клубының мүшелері ақынның елге, жерге деген жақындығы, перзенттік іңкәрлігі төгілген жырларын оқыды.

           Оқырмандар назарына «Сырлы сезім ақыны» атты кітап көрмесі ұсынылды.

 

 

2025 жылдың 27 ақпан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында  Алғыс  айту күніне арналған «Достық, бірлік, бейбіт күн» достық алаңын өткізді.

         Шара қонағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің жанындағы «Корей тілі орталығының» кеңесшісі Және Ақтау, Атырау қаласындағы корей тілі орталығы директоры Шимон Сон қазақ халқын ерекше құрметтейтінін айтып, қазақ халқына өз жылы лебізін жеткізсе, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің жанындағы «Корей тілі орталығының» директоры Цой Яна мен   «Шатлық» облыстық татар және башқұрт этномәдени орталығының өкілі Акчурина Нурия Асхатовна өздерінің қазақ жерінде татулықта, бірлікпен өмір сүріп жатқанын, қиын-қыстау кезінде бауырмалдық көрсеткен, жан жылуына бөлеген, бар көмегін аямаған Қазақ еліне мың алғысын айтты.

Достық алаңы Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының және 11 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының  өзге ұлт оқушылары  дайындаған «Біз достықты жырлаймыз!» атты  әдеби-сазды бағдарламасымен жалғасып, ұлттық ойындармен ұласып, береке бірлігі мен ынтымақтың жарасқанын көрсетті.

      «Қазақстан-татулық пен достықтың киелі бесігі» тақырыбында кітап көрмесіне  библиографиялық шолу жасалды.

 

ААлғыс 2Алғыс 5Алғыс 6

 

2024 жылы 26 ақпан  күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Шаңырақ» отбасылық оқу клубының отырысын №52 негізгі  мектебінде өткізді.

 «Отбасымен бірге оқимыз» жыр сағатына №52 негізгі мектептің клуб мүшелері мен ата-аналары бірге қатысты.

Шараның мақсаты отбасылық кітап оқу дәстүрін жандандыру, кітап оқу мәдениетін жетілдіру.

Шарада  клуб мүшелері «Жырдың атын тап» ойыны арқылы шатасқан әріптерден жырдың  атын тапса,суреттер арқылы мақал-мәтелдерді  шешті.

Ата-аналарымыз қойылған сұрақтарға жауап беріп, отбасымен бірге кітап оқуда өз ойларын ортаға салды.

 «Кітаппен бірге өсеміз» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді.

 

о 1о 2О 3О 5О 6О 7

2025 жылғы 25 ақпан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар  кітапханасы М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінде бала құқығының сақталуын және жақсаруын көздеп балаларды адамгершілікке, жауапкершілікке және жалпы құқықтық мәдениетке тәрбиелеу мақсатында  «Құқық әлемінде» атты құқық алаңы өтті. Оқырмандар құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары және жеке тұлға құқығы, Ата заң жайынды өз ойларын ортаға салды. Шара барысында ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын  таба білуге арналған ойындар ойнатылып, жеке құқық, бала құқығы туралы сауаттылықтарын арттырды.

            Оқырмандар назарына «Бала қаупсіздігі- ұлт қауіпсіздігі» атты кітап көрмесі ұсынылды.

 

құқық 3құқық 4құқық 5құқық 6құқық 7құқық 8құқық 9

 

2025 жылғы  19 ақпан күні Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы  «Атадан қалған ғибрат» жобасы аясында  №2 мектеп–гимназиясының 4 класс оқушыларының қатысуымен «Ұрпағым саған айтам» тәрбие сағаты өткізілді. Оқырмандарды ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ата-баба мұрасын қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында өткізілген шарада оқушылар «Сиқырлы қоржын», «Теңге ілу», «Арқан тартыс» ұлттық ойындарын ойнау арқылы  таным көкжиектерін кеңейтіп, викториналық сұрақтарға жауап берді.

 Халқымыздың салт-дәстүрін кейінгі ұрпаққа өнеге еткен Ділдә Матайқызы туралы ақпарат беріліп, «Ұрпағым, саған айтам...» кітабы насихатталды.Оқырмандарға «Кітаппен бірге өсеміз» атты кітап көрмесі ұсынылды.

 

Ұ 6Ұ. 2Ұ. 3Ұ. 4Ұ.1Ұрпақ

 

2025 жылғы  19 ақпан күні Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы  «Атадан қалған ғибрат» жобасы аясында  №2 мектеп–гимназиясының 4 класс оқушыларының қатысуымен «Ұрпағым саған айтам» тәрбие сағаты өткізілді. Оқырмандарды ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ата-баба мұрасын қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында өткізілген шарада оқушылар «Сиқырлы қоржын», «Теңге ілу», «Арқан тартыс» ұлттық ойындарын ойнау арқылы  таным көкжиектерін кеңейтіп, викториналық сұрақтарға жауап берді.

 Халқымыздың салт-дәстүрін кейінгі ұрпаққа өнеге еткен Ділдә Матайқызы туралы ақпарат беріліп, «Ұрпағым, саған айтам...» кітабы насихатталды.Оқырмандарға «Кітаппен бірге өсеміз» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Ұ.1Ұ. 3Ұ. 4

Ұ.5Ұ 6