Новости
«Жас ұрпақ мақтан тұтады»
- Подробности
- 17

2025 жылдың 19 ақпан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Ұзақбай Құлымбетов атындағы № 64 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушыларымен Кеңес Одағының Батыры Қожабай Жазықовтың туғанына 105 жыл толуына орай «Жас ұрпақ мақтан тұтады» атты тағзым сағатын өткізді.
Ұлы Жеңістің 80-жылдығы қарсаңында Кеңес Одағының батыры, Ақтөбелік жерлесіміз Қожабай Жазықовтың өшпес ерлігін жадымызда жаңғырту, оқырмандарымызды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, кітап оқуға баулу мақсатында өткізілген шарада оқырмандарға Қожабай Жазықовтың өмірбаяны мен Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі туралы толық ақпарат берілді.
Оқушылар «Батырлар елі» атты бейнебаян тамашалап, ерлік туралы мақал-мәтелдер құрастырып, сөзжұмбақ шешіп, «Нақты сұрақ, дәл жауап!» викторинасында майдангер-батыр Қожабай Жазықов туралы білімдерін көрсетті.
Оқырмандар назарына «Ел есінде ер болса, өлмес мәңгі ерлігі» кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалынды.
«Қазақтың қабырғалы қаламгері»
- Подробности
- 12

2025 жылғы 18 ақпан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы оқырмандар назарына қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы, әдебиеттанушы, драматург Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығына арналған «Қазақтың қабырғалы қаламгері» атты кітап көрмесі ұсынылды.
Көрмеге Тәкен Әлімқұловтың «Көкек айы», «Жемісті жолда», «Тұлпарлар тағдыры» атты кітаптары қойылып, туындыларындағы терең философиялық ойлары, адамгершілік құндылықтар мен ұлттық мәселелер жайлы толғаныстары және ұлттық болмыс пен ұлт тарихындағы өзекті тақырыптары насихатталды.
«Жыр сұңқары»
- Подробности
- 16

2025 жылғы 18 ақпан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы оқырмандар назарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының мәтіні авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері Жұмекен Нәжмеденовтың шығармалары бойынша «Жыр сұңқары» атты кітап көрмесін ұсынды. «Жұмекен-Құдірет», «Жұлдызды Жұмекен», «Жұмекеннің жүрегі» атты ақын туралы жазылған шығармалар және «Даңқ пен дақпырт», «Аспан шақырады», «Жаңғырық» атты жеке туындылары насихатталды.
«Оқы, Ақтөбелік өренім!» облыстық оқу марафоны
- Подробности
- 16

Дәстүрлі «Оқы, Ақтөбелік өренім!» облыстық оқу марафоны бастау алды. Биылғы оқу марафоны Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қуандық Шаңғытбаевтың 100 жылдығына арналып, жыл бойы жазушының әдеби мұрасы кеңінен насихатталады. М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің кітапханашысы Айнагүл Жақсылыққызы жазушының өмір жолына шолу жасады. Ережеге сәйкес оқу марафонын жазушының туған жері Әйтеке би ауданы қабылдап алды. Әйтеке би ауданды балалар кітапханасының оқырмандары Қуандық Шаңғытбаевтың өлеңдерің оқып, жазушының музейіне виртуалды таныстырылым жасады.
«Еңбек пенен сенімің, шығарады жарыққа»
- Подробности
- 9

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында 2025 жылғы 12 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялауына орай «Еңбек пенен сенімің, шығарады жарыққа» кітапханалық журфикс өткізілді.
Шараның мақсаты еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру, еңбек етуді жас баланың санасына сіңіру, жұмысшы кәсіптерін насихаттау, қызығушылықтарын арттыру, өнегелі қырларын үлгі ету.
Шара қонақтары Нұртазин Ерғали электр мастер, Мекенов Нұрлат машинист, Уразбаева Гүлнар гүл өсіруші, сонымен бірге ардагерлер ұстаз Нәзипа әжеміз өз тәжірибелерімен ой бөлісті.
Оқушыларымызға әр түрлі маман иелері мамандықтың жаманы жоқ, тек оны дұрыс таңдауда мұқиятылықты қажет ететіндігін түсіндірді.
Кітапхана директоры Кашкенова Эльмира келген қонақтарымызға алғысын білдірді.
«Мамандығым – мақтанышым» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
«Денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің рецепті»
- Подробности
- 15

2025 жылғы 10 ақпан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №11 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында "Позитив" салауатты өмір салты клубы «Денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің рецепті» атты денсаулық сағатын өткізді.
7 «Д» класс оқушыларынан құралған клуб мүшелері денсаулықты сақтау сырлары мен ұзақ өмір сүру рецепті туралы ақпарат алды. «Менің салауатты отбасым» атты бейнеролик тамашалап, көңілді жаттығулар жасады. «Денсаулықтың бес сыры» атты командалық сайыста бақ сынасып, «Өз ойыным» викторинасында білімдерін көрсетті.
Жас оқырмандардың назарына «Денсаулық құпиялары» атты кітап көрмесі ұсынылды.
