2023 жылғы 20 қаңтар күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы Қазақстанның халық жазушысы, драматург, прозашы Тахауи Ахтановтың  туғанына 100 жыл толуына арналған «Тарлан талант тағылымы» атты әдеби кейс өткізді.

Шараға Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының «Әдебиет» бөлімінің меңгерушусі Алтынай Рахымқызы Рахымова мен М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күнсұлу Қуандыққызы Жаңабаева қатысып, қазақтың  жауынгерлік  рухын  әлемге  паш еткен, сол  ерлікті   қарымды  қаламының  ұшымен  ақ  қағазға айғақтаған,  әдебиетіміздің   тарихында айтарлықтай   із  қалдырған  Тахауи  Ахтанов  шығармалары  ескірмей,  бүгінгі  өмірмен ұштасып, өзіндік үн қосып,  егеменді  ел үшін қызмет етуде екендігін жеткізді.

«Желкен» әдеби клубының мүшелері Т.Ахтановқа арналған өлеңдерді оқып, оқыған шығармаларының әсерімен бөлісті.