2023 жылғы 10 ақпанда «Оқы, Ақтөбелік өренім!»облыстық оқу марафонының ашылуы ZOOM платформасында балалар кітапханалары арасында өткізілді.

Биылғы «Оқы, Ақтөбелік өренім!» облыстық оқу марафоны жазушы, драматург Тахауи Ахтановтың 100 жылдығына арналады. Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университетінің тілдер кафедрасының оқытушысы Рита Рахманқызы Жұмағалиева Тахауи Ахтановтың тіршілік баяны бар ғұмыр жолын, еткен еңбегі мен жеткен биігі, шығармашылығы туралы баяндап берді. Жыл бойы аудандық кітапханаларда Тахауи Ахтанов шығармашылығы кеңінен насихатталады.Оқу марафонының қорытынды шарасы 2023 жылғы қазан айында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында ұйымдастырылады.