Оқы, ақтөбелік өренім!
2024 жылдың 12 ақпан күні «Оқы, Ақтөбелік, өренім!» облыстық оқу марафоныны бастау алды. Биылғы «Оқы, Ақтөбелік өренім!» облыстық оқу марафоны жазушы Тобық Жармағамбетовтің 90 жылдығына арналады.
- Details
- 64

Оқу марафонының ашылуы ZOOM платформасында балалар кітапханалары арасында өткізілді. Сонымен қатар, жазушының өмірі мен шығармашылығынан бейнешолу көрсетілді.
Оқу марафоны Байғанин ауданынан басталып, жыл бойы аудандық балалар кітапханаларда Тобық Жармағамбетов шығармашылығы кеңінен насихатталады.
Тобық Жармағамбетовтің шығармашылығына арналған «Биік тұғырдағы талант» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып талантты қалам иесі Тобық Жармағамбетовтің шынайы шыңдықпен нәрленген нәзік мұң, сәулелі романтикаға толы шығармалары насихатталды.
2023 жылғы 10 ақпанда «Оқы, Ақтөбелік өренім!»облыстық оқу марафонының ашылуы ZOOM платформасында балалар кітапханалары арасында өткізілді.
- Details
- 68

Биылғы «Оқы, Ақтөбелік өренім!» облыстық оқу марафоны жазушы, драматург Тахауи Ахтановтың 100 жылдығына арналады. Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университетінің тілдер кафедрасының оқытушысы Рита Рахманқызы Жұмағалиева Тахауи Ахтановтың тіршілік баяны бар ғұмыр жолын, еткен еңбегі мен жеткен биігі, шығармашылығы туралы баяндап берді. Жыл бойы аудандық кітапханаларда Тахауи Ахтанов шығармашылығы кеңінен насихатталады.Оқу марафонының қорытынды шарасы 2023 жылғы қазан айында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында ұйымдастырылады.
