Жаңалықтар

Жаңалықтар

     2023 жылғы 14 наурыз Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында Наурыз мейрамына арналған  «Құрмет пен ізет құшағында» атты әдеби-музыкалық кеші өткізілді. 

Шараның құрметті қонақтары Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе облыстық ұйымының басшысы Роман Рахиев, кітапхана ардагерлері және ұлағатты ұзтаздар Амал күнімен құттықтап, ақ баталарын беріп, өскелең ұрпақты халық өнегесін қадірлеп, сақтауға шақырды.

Шарада №6 «Орман ертегі» бөбекжай-балабақшасының бүлдіршіндері мен №1 музыка мектебінің «Домбыра-Дастан» тобының мерекелік сазды бағдарламасы және «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» кітап көрмесі ұсынылды.

1234567891011

   2023жылғы 9 наурыз күні көктемгі күн мен түннің теңелуі – Наурыз мейрамы қарсаңында кітапханамыз Ақтөбе облыстық есту және көру  қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының балаларын мерекемен құттықтады. Мерекелік бағдарламада  қазақтың «Бесікке салу» дәстүрі жасалып, дана Қарашаш әже балаларға ізгі тілектерін тілеп, батасын беріп,  көтеріңкі көңіл-күй тіледі, балалармен бірге қызықты ойындар ойнатылды. №1 музыка мектебінің шәкірті Берік Әліжанның орындауында «Анаға сағыныш» және «Оймауыт»  ән-шашуы тарту етілді. Кітап қорымен танысу мақсатында «Нұр Себелі Ұлыстың Ұлы күні» атты мерекелік кітап көрмесі ұсынылды. Шара соңында оқырмандарға қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм тарту етілді.

12345678

2023 жылғы 7 наурыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында Ж.Ташенов атындағы №68 ЖББОМ, М.Мақатаев атындағы №73 жалпы білім беретін орта мектептердің 2-класс оқушыларының қатысуымен Халықаралық әйелдер күніне арналған   «Анаға тағзым – ұлтқа құрмет» мерекелік кеш өтті.

Шараның мақсаты: балаларды аналарын құрметтеуге, аялауға, мейірімділікке тәрбиелеу, кітап оқу мәдениетін дамыту. Оқырмандар «Ана – ақындар тілімен…» әдеби монтажда ақындар Әдібай Табылдының «Сегізінші наурыз», «Жылылық пен ұлылық», Алмат Исәділдің «Анашым» өлеңдерін оқыды. №73 М.Мақатаев атындағы ЖББОМ-тің қыздар тобы «Құттықтаймын мама, туған күніңмен» әнін шырқады. №68 ЖББОМ 2-класының ұл балалары қырмызы қыздарымызды құттықтап, өздерінің сыйлықтарын табыстап, «Мен қазақтың ұлымын» әнін тарту етті. «Әлемді тербеткен – Ана» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

1234567

   2023 жылдың 3 наурызыңда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы № 42  орта мектебінде  «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Төлен Әбдіктің парасат әлемі» әдеби-кейс ұйымдастырды. Жазушы  Төлен Әбдіктің өрнегі мол шығармаларын оқуға насихаттау, өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұту, балалардың кітап оқуға құлшынысын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шарада жазушының «Қонақтар» әңгімесі талқыланды. Шығарма арқылы балалар ата-ананы сыйлау, құрметтеу, ана тілінде сөйлеу, туған жері үшін қызмет ету парыз екендігін ұқты. Одан бөлек жазушының «Оң қол», «Ақиқат», «Қайырсыз жұма» шығармалары таныстырылды. Шара соңында «Парасат майданының қаламгері» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

123

   2023 жылғы 2 наурыз күні «Ымырттағы кітапхана» жобасы өлкетану тақырыбына арналды. «Шежірелі мекен – Ақтөбе» танымдық сағатына Мұхтар Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің 4 «А» сынып оқушылары қатысты. Мақсаты – өлкетану әдебиетін насихаттай отырып,  Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Шара барысында оқырмандар Ақтөбе қаласының шығу тарихымен танысып, ақындар Серік Тұрғынбековтың «Аймағыңды араладым атпенен», Ертай Ашықбаевтың «Ақтөбеден сәлем!» өлеңдерін оқыды. «Сен білесің бе?», «Сұрақ – жауап» кезеңдеріне өлкетану саяхатын жасап, «Төрт құбылыс» ойынына қатысты. Өнерлі оқырман Нұрлан Айару Сайлаубек Еламановтың сөзіне жазылған     «Ақтөбем» әнін шырқады. «Ақтөбе...Ақ адырлы Абыз дала» кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды.

12345678

  2023 жылғы 2 наурызда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырған «Шәкәрім оқулары» республикалық Шәкәрім мұраларын жатқа айту байқауының облыстық кезеңін ұйымдастырылды. Байқауға 10-12 жас аралығындағы 8 бала қатысты.

Байқау жеңімпаздар: 1 орын – Рамазанова Арай Қуантайқызы - Байғанин ауданы, 2 орын – Байжұлдызов Шәкір Ералыұлы – Шалқар ауданы, 3 орын – Алтыбай Нұрсила Нұрбекқызы – Ақтөбе қаласы.

Бекітілген Ережеге сәйкес «Шәкәрім оқулары» байқауының іріктеу кезеңінен облыстан жүйрік шыққан Байғанин аудандық балалар кітапханасының оқырманы Арай Рамазанова 2023 жылғы 6 наурыз күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ZOOM платформасы арқылы ұйымдастыратын онлайн байқауына (жартылай финал) жолдама алды.

123456789

   2023 жылғы 1 наурызда  Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №2 мектеп-гимназиясында Алғыс күніне арналған «Бірлік.Достық.Береке» достық алаңы аясында «Рахмет саған, Отаным!» атты әдеби-зияткерлік ойынын өткізді.

Шарада оқырмандарға Алғыс айту күнінің мән-маңызын жете түсіндірілді. 9 класс оқушылары Отанды, жерді сүйіп, туған ел тарихын білуге, ұлтжандылығын арттыруға бағытталған әдеби зияткерлік ойынына белсене қатысып, әр түрлі қызықты тапсырмалар арқылы тарихтан тағылым алып, бабала­рымыздың биік рухына тағзым етті.

123456789

     Бүгін Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында  № 39  жалпы білім беретін мектептің 5 сынып оқушылары үшін пиар-экскурсия өтті. Балалар кітап әлеміне  саяхат жасап, «Табиғат», «Қазақстанның өсімдіктері», «Сен білесің бе?» танымдық энциклопедияларынан қызықты ақпараттар алды.

 1234

  2023 жылғы 23 ақпанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Ымырттағы кітапхана» аясында «Ұшқыр ой мен шешен тіл»  тақырыбында ой талқы өткізді.

     Шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттерінен құралған «Хикмет» оқырмандар клубының жастары мен М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 9 сынып оқушылары қатысты.

Оқырмандар «Кітап, ғаламтор және жастар» тақырыбында сөз қозғап, ой толғады.

     Жастарымыз кітап атты ұлылықпен сусындап өссін деген мақсаттағы басқосуда келген қонақтарымыз бен оқырмандарымыз ғаламтор сананы жаулағанымен кітаптың құндылығы еш төмендемейтінін тағы бір рет дәлелдеді.

41235678

   23 ақпан ҚР Білім беру ісінің үздігі, Қазақ ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр академиясының профессоры, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, балалар ақыны Жақсыгүл Шәріпханқызы Қалжанова арналған «Жырларымен жақсылыққа жетелеген ақын» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Шара барысында ақын кітаптары таныстырылып, бала тәрбиесінің құндылығы жайында сыр шертілді.

Кешке «Білім» мектеп-гимназиясының балалары «Ақын жыры – бағдаршамы баланың» атты әдеби-сазды бағдарламасын ұсынды. Кішкентай оқырмандар Жақсыгүл Шәріпханқызының «Тәрбиеші аю», «Көңілді қыс», «Сыпайылық – сұлулық», «Мұғалім мысық» сынды тақпақтарын оқыды. Одан бөлек, ақынның «Менің ойыншықтарым», «Құмырсқаның шеберханасы» және «Жеміс бағында» өлеңдерінен сахналық көрініс қойылды. Балалар шара соның Жақсыгүл Қалжанованың сөзіне жазылған «Наурыз тойы» әнімен шарықтата аяқтады.

12345678