Жаңалықтар

Жаңалықтар

     2022 жылғы  13 сәуір  күні   Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі кітапханасында қазақ классик жазушысы Сафуан Шаймерденовтың 100 жылдығына арналған «Қазақ прозасының қазығы» әдеби кешін өткізді.

    Шараның мақсаты: Сафуан Шаймерденовтың шығармашылығын насихаттап, оқырмандардың оқу мәдениетін қалыптастыру.

    Оқушыларға жазушының өмірі мен рухани мұрасы жайлы естелік-видеолар мен слайдтар көрсетілді.

    «Қазақ прозасының қазығы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

1

2

3

4

5

     2022 жылдың 12 сәуір күні №45 ЖББ орта мектебінде  "А.Байтұрсынұлының ұлттық білім жүйесі: білім берудің бүгіні мен болашағы" тақырыбындағы қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай  "Ұлы ойшылдың рухани әлемі" атты кітап көрмесін ұйымдастырып, библиографиялық шолу жүргізілді.

1

2

3

     2022  жылғы 12 сәуірде Н.Байғанин  атындағы облыстық балалар кітапханасы «Білім» орта мектеп-гимназиясының мәжіліс залында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының 5 жылдығына арналған «Рухани жаңғырудың бастауы  – әдебиет» тақырыбында әдеби керуен өткізді.

     Шараға  Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру бағдарламасын басқару орталығының маманы Данагүл Бегімқызы Нұрмухамедова                                   қатысты.

     Оқырмандарға Рухани жаңғыру шарапаты сәулесіндей болған жыршы Нұрпейіс Байғаниннің, оның ізін ерген Қуандық Шаңғытбаев пен Тахауи Ахтанов бастаған қадірлі қаламгерлердің, «Еңбек паспорты» атанған Шығанақ Берсиевтің,  Темірбек Жүргенов сынды қоғам қайраткерінің, ғылым мен білімді жетік меңгеріп,  рухани мәдениеттің  өркендеуіне сара жол салып, оны ұлықтата білген алаштың ардақты ұлдары – ағайынды Құдайберген, Ахмет Жұбановтардың рухымызды жүдетпеудің, жүрегіміздің жетімсіретпеудің қамын жегені өмір жолдары мен әдебиеттің - руханиятымыздың алтын сандығы, бітім-болмысымыздың ешуақытта ескірмейтін көркем көрінісі екені айтылып, өнеге етілді.

     Жоғарғы сынып оқушылары өлкеміздің атақты тұлғаларына арналған өлеңдер оқыды.

1

2

3

4

5

6

     2022  жылғы  8 сәуірде Н.Байғанин  атындағы облыстық балалар кітапханасының «Позитив» салауаттылық клубының кезекті отырысында 7 сәуір -дүниежүзілік денсаулық күніне арналған «Компьютердің пайдасы мен зияны» ақпараттық сағатын өткізді.

     Шараның мақсаты  - балаларға компьютердің пайдасы мен зиянын түсіндіре отырып, компьютердің адам өмірінде алатын орны туралы кең мағұлматтар беріп, оларды  ізденпаздыққа, ұйымшылдыққа үйрету.

     Шарада «Наш выбор здоровье и жизнь» кітап көрмесінде компьютерден қорғану ережелері және денсаулық туралы кітаптар ұсынылып, денені үнемі ширықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету жөнінде айтылып, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

     Шараға «Благодар» орта мектебінің 7 класс оқушылары қатысты.

1

2

3

4

5

6

     2022 жылғы 17 ақпанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Ұлы даланың ұлы қыздары» жобасы аясында  азаттық үшін күрескен батыр қыз Сапура Матенқызына арналған «Кіші жүздің Көктемірі» тарих сағатын өткізді.

     Ақтөбе өңірінің тарихында халықтың еркіндігі үшін аянбай күрескен, елін қорғаған ерлермен бірге батыр қыздарымыздың таңбасын да қалдырғанын көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға ақын, журналист, өнер зертеуші Нұрлыбек Амандәулетұлы Қалауов«Ақтөбе» газеттің бөлім басшысы, тарихшы, «Сапура Мәтенқызы» топ жетекшісі Исламғали Бітік, ҚР Мәдениет қайраткері, драматург Сая Қасымбек, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің Қобда сектор бөлімінің меңгерушісі Гүлбаршын Сағалиқызы Ерғалиева,  «Сапура Мәтенқызы" топ мүшелері қатысып, батыр қыздың бейнесін айшықтап, тарихтағы  тұтастас тұлға ретінде танытты.

     С.Мәтенқызының өмірін терең зерттеп жүрген қаламгерлер мен «Сапура Мәтенқызы » топ мүшелері ойларын ортаға салып, батыр қыздың бейнесін бүгінгі ұрпақ санасында қалыптастырудағы ұсыныс-пікірлерін және  жас ұрпаққа батырларымыздың ерлігін насихаттап, көрсете білсек, олар тәуелсіздіктің бағасы мен патриоттық деген қасиетті ұғымды бойларына сіңіріп өсетіндігін жеткізді.

     Сапура Мәтенқызының ерлігін, туған жеріне сүйіспеншілігі мен тәлім-тәрбиесін насихаттайтын ««Кіші жүздің Көктемірі» кітап көрмесі оқырмандар  назарына ұсынылды.

1

2

3

4

5

     2022  жылғы 16 ақпанда Н.Байғанин  атындағы облыстық балалар кітапханасы М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында  «Рухани жаңғыру – алаштың асыл мұраты: тіл, жазу, мәдениет»тақырыбында тарихи-танымдық сағат өткізді.

    Шараға  Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру бағдарламасын басқару орталығының маманы Данагүл Бегімқызы Нұрмухамедова қатысты.

    Шарада елімізде  үлкен рухани серпіліс туғызған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  бағдарламасында көрсетілген тағылымы мол тарихымыз бен төлтума мәдениетімізді, құндылықтарымызды зерделеп,  жаңа жағдайға қарай бейімделу уақыт талабы екені айтылып, тіл, жазу, мәдениет туралы кітаптар мен мерзімді басылымдар таныстырылды.

1

2

3

4

5

      2022 жылғы 10 ақпанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы қазақтың көрнекті сазгері  Ғазиза Жұбанованың туғанына 95 жыл толуына арналған «Жақсы әкенің қызы» атты өнер сағатын өткізді.

     Ғазиза Жұбанованың рухани мұрасын, өмір жолы мен шығармашылығын  насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарада Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Әлия Шалманова Ғ.Жұбанованың  қазақтың ән-күйлерін жетік меңгергенін, музыка саласын жаңа көркемдік  дәрежеге көтерген еңбегі және музейдегі экспонаттар туралы әңгімеледі.

     №1 музыка мектебінің скрипка класының оқушысы Сагалова Алина, оқытушысы Надель Елена Сергеевна және концертмейстер Қожанбаева Бибінұр Қайырғалиқызының сүйемелдеуімен Ғазиза Жұбанованың шығармасын  орындап, әуезді, ерекше үнмен тамсантты.

    «Желкен» әдеби клубының мүшесі М.Жұбанованың Ғазиза Жұбановаға арнаған арнау өлеңін оқыды.

     «Ұшқан ұядан ән-күй әлеміне» кітап көрмесі және «Қазақтың көрнекті сазгері» тақырыбында слайд  оқырмандар  назарына ұсынылды.

1

2

3

4

5

     2022 жылғы 9 ақпан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Ұзақбай Құлымбетов атындағы № 64 жалпы білім беретін мектебінде «Шаңырақ» отбасылық оқу клубының отырысы «Сыйласаң - сый көресің» тақырыбында әдеп сабағы өтті.

     Шара қонағы ардагер ұстаз, өлкетанушы, ақжаулықты әже, ардақты ана Сергалиева Райгүл Ақтөреқызы балаларға татулық, сыйластық, әдептілік туралы әңгімелеп, бабалардан қалған даналық сөздердің құдіретін бағалай білуге шақырды.

     Оқушылар Ертай Ашықбаевтың «Әдеппен сөйлеп әдеттен», Абдрахман Асылбектің «Әдепті бала» және т.б. өлеңдер оқыды.

     «Сыйластық – тәрбие бастауы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

1

2

3

4

5

     2022 жылғы 28 қаңтар күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында сатирик жазушы Төрежан Мәндібайдың 85 жасқа толу құрметіне арналған «Қаламы қанжар, уытты сөздің иесі» портрет кешін өткізді.

     Мақсаты: Төрежан Мәндібайдың шығармашылығын насихаттау, сатира өнерін дәріптеу, оқырманның оқу мәдениетін қалыптастыру.

     Шара қонағы сатирик, актер,ҚР Мәдениет қайраткері және "Екі Езу" әзіл-сықақ театрының директоры, Жүсіпбек Аймауытов атындағы арнайы жүлде иегері Нұрлыбек Хайруллаұлы Жұбатқан жазушының өмір жолдары, шығармашылығы және сатира жанрының қыр-сыры  туралы әңгімелеп берді.

1

2

3

4

5

     2022 жылғы 26 қаңтар күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған «Адам әркез адамдықты ту етсін.!» пікірталас ұйымдастырды.

     Шарада «Адалдық - адамдық белгісі» дегенді қалай түсінесіздер, адалдық қандай әрекеттен қандай жағдайда көрінеді және тағы да басқа сұрақтар бойынша оқырмандардың пікірлері тыңдалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - кез келген қоғам мен мемлекет үшін ерекше мәселе екендігін түсіндіріп, дүниетанымдарын кеңейтетін дана Абайдың, Шәкәрімнің, асыл ойлары мен өсиеттері , «Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен», - деп адалдыққа шақырған М.Әуезовтің кітаптарымен қатар, ҚР Заңдары, мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар ұсынылды.

1

2

3

4

 

6

7