Жаңалықтар

Жаңалықтар

   2023 жылғы 22 ақпан күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы кіші жүз ханы, қолбасшы Әбілқайыр ханның туғанына 330 жыл толуына орай «Текті елдің батыры» атты тарих сағатын өткізді.

       Шараға Ақтөбе облысындағы айтыс өнерінің дамуына үлкен үлес қосқан айтыскер ақын, Л.Н.Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университеті мәдениеттану ғылымының докторанты, «Мұра» ғылыми-зерттеу институтының директоры  Есентүгел Аманкелдіұлы Әзи және М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының тарих пәні мұғалімі Базаргүл Ғұбайдоллақызы Сейтенова қатысты. Базаргүл Ғұбайдоллақызы тарихи деректер арқылы Әбілқайырдың қазақ тарихындағы орны, бала Әбілқайырдан хан Әбілқайырға және қазіргі кездегі Әбілқайыр ханның зерттелуі туралы терең әңгіме қозғап, оқушыларға өз Отанының тарихына құрметпен қарау керектігін жеткізді. Есентүгел Аманкелдіұлы ғибратты ғұмыр кешкен бабамыздың қазақ жерінің бүтіндігін сақтауға, қазақ жерін анталаған жаулардан қорғаған саясаткерлігі туралы баяндады.

Оқырмандар назарына «Айбарлы хан- Әбілқайыр» атты кітап көрмесі жасақталып, тарихи туындылар, мерзімді басылым беттерінде жарияланған Әбілқайыр хан туралы деректер мен фото суреттер ұсынылып, рухына тағзым етілді.

12345678910

    2023 жылғы 10 ақпанда «Оқы, Ақтөбелік өренім!» облыстық оқу марафонының ашылуы ZOOM платформасында балалар кітапханалары арасында өткізілді.

Биылғы «Оқы, Ақтөбелік өренім!» облыстық оқу марафоны жазушы, драматург Тахауи Ахтановтың 100 жылдығына арналады. Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университетінің тілдер кафедрасының оқытушысы Рита Рахманқызы Жұмағалиева Тахауи Ахтановтың тіршілік баяны бар ғұмыр жолын, еткен еңбегі мен жеткен биігі, шығармашылығы туралы баяндап берді. Жыл бойы аудандық кітапханаларда Тахауи Ахтанов шығармашылығы кеңінен насихатталады.Оқу марафонының қорытынды шарасы 2023 жылғы қазан айында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында ұйымдастырылады.

1234

   2023 жылғы 7 ақпан күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы «Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында жазушы Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған «Ізгілік теңізінен інжу терген» әдеби кеш өткізді.

Шараға Қазақ-Орыс Халықаралық университеті, «Гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, магистр, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің докторанты Ермұқанова Индира Жақсылыққызы, М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шүгурова Күнсұлу Оңғалиқызы қатысып, қаламгердің шығармашылық келбеті, шығармашылығындағы ұлттық болмысы туралы айтты. Адамгершілікке, ізгілікке, мейірімге, еңбексүйгіштікке жетелейтін «Өліара» романы, «Әке», «Пара­сат майданы», «Оң қол», «Қонақтар»,  «Қайырсыз жұма» әңгіме­лерін талдап, рухымызды шыңдайтын қаламгердің кітаптарын оқуға шақырды.

13567

    2023 жылғы 3 ақпан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Позитив» салауаттылық клубының кезекті отырысын №22 орта мектебінде «Дұрыс тамақтану, тиімді әдет» денсаулық сағатымен өткізді. 

   Жас ұрпақтың  салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдетіп, адам денсаулығының қымбаттылығын ұғындыру мақсатында өткізілген шарада клуб жетекшісі оқырмандарға дұрыс тамақтану, тіс тазалығын сақтау, зиянды әдеттерден сақтану   мен спортты қатар үйлестіру  туралы кеңестер берді.

 «Позитив» салауаттылық клубының мүшелері дәрумендер туралы өлеңдер оқып, өз ойларымен бөлісті.

134562

  2023 жылғы 26 қаңтар  Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Ымырттағы кітапхана» аясында «Тапқыр достар» интелектуалды ойынын өткізді.

Отанымыздың тарихын, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында «Тапқыр болсаң тауып көр», «Ұтқыр болсаң ұғып көр», «Мықты болсаң шауып көр» сынды қызықты тапсырмалар арқылы оқырмандардың   танымдық қабілеттерін арттыруға бағытталған әдеби зияткерлік ойынына Б.Момышұлы атындағы №62 орта мектеп пен №31 орта мектептің 7 сынып оқушылары қатысып, өздерінің туған елдің үмітін ақтар патриот екендерін танытты.

 312456789

  2023 жылғы 20 қаңтар күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы Қазақстанның халық жазушысы, драматург, прозашы Тахауи Ахтановтың  туғанына 100 жыл толуына арналған «Тарлан талант тағылымы» атты әдеби кейс өткізді.

Шараға Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының «Әдебиет» бөлімінің меңгерушусі Алтынай Рахымқызы Рахымова мен М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күнсұлу Қуандыққызы Жаңабаева қатысып, қазақтың жауынгерлік рухын әлемге паш еткен, сол ерлікті   қарымды қаламының ұшымен ақ қағазға айғақтаған, әдебиетіміздің   тарихында айтарлықтай   із қалдырған Тахауи Ахтанов шығармалары ескірмей, бүгінгі өмірмен ұштасып, өзіндік үн қосып, егеменді ел үшін қызмет етуде екендігін жеткізді.

«Желкен» әдеби клубының мүшелері Т.Ахтановқа арналған өлеңдерді оқып, оқыған шығармаларының әсерімен бөлісті.

 12345678

  2023 жылғы 19 қаңтарда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Ымырттағы кітапхана» аясында «Біз күштіміз, ептіміз!» квиз ойыны өткізілді.

Кітапхана оқырмандарының білімін шыңдап, зияткерлік қабілетін дамыту мақсатында өткізілген әдеби зияткерлік ойынына №22 орта мектептің 3 сынып оқушылары қатысты.

Бес кезеңнен құрылған ойында балалар әдебиет, тарих пәндері бағытында сұрақтарға жауап беріп, логикалық ойлау қабілеттерін шыңдады.  

ымырттағы кітапхана1234567

 2023 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, мәдениеттанушы ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің 80 жылдық мерейтойына арналған "Өткірдің жүзі" атты салтанатты іс-шара өтті. Шараға кітапхана директоры Эльмира Сағындыққызы Кашкенова қатысты.

123

      2023 жылғы 11 қаңтар күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын насихаттау, адалдық пен парасаттылықты дәріптеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін түсіндіруге бағытталған «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі көркем әдебиетте» әдеби лото өткізілді. Шарада қатысушыларға «Еңбектің малы-тәтті»,«Еңбек түбі-зейнет» деген дана халқымыздың бай мұрасы туралы  түрлі сұрақтар лото сандарында жасырылып, «Поэзия-пауза», сөзжұмбақтар шешуге бағытталған «Афоризм-тайм» сынды айдарлар бойынша тапсырмалар берілді.

Белсенді оқырмандар Абдрахман Асылбектің «Ұр тоқпақ» кітабынан жемқорлық туралы көрініс көрсетіп, тақырып бойынша ой-пікірлерін ортаға салды.

Оқырмандар назарына «Адал еңбек еткенге, бақыт басын иеді» атты кітап көрмесі ұсынылып қазақ ертегілерінен бастап ұлы Абайдың, Шәкәрімнің, Ы.Алтынсаринның шығармаларымен қатар жергілікті қаламгерлеріміз Т.Жармағанбетовтің «Отамалы», «Бәйтеректің жастық шағы» шығармаларындағы қойшының адал еңбегі және Мұхтар Шахановтың «Отырар»,Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» шығармалары насихатталып, орта ғасырда құсбегілік өнері көшпенділер арасында тоқтаусыз дамығанын,  жаугершілік замандарда қыран құстармен дүйім жұртты асыраған құсбегілердің болғаны әңгімеленді.

 1234567

      2022 жылғы 20  сәуір  күні Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы жазушы, қоғам қайраткері М.Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына  арналған «Ұлт руханиятының қайраткері» портрет кешін өткізді.

      Шараға «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының директоры филилогогия ғылымының кандидаты Диар Асқарұлы, аға ғылыми қызметкер,  филилогогия ғылымының кандидаты Ермек Ханкей, бас қор сақтаушы, экскурсовод Салтанат Амантайқызы Мұқатаева қатысты.

     Оқырмандар назарына «Жарқын ғұмыр» кітап көрмесі ұсынылды.

     Шараға М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының, Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының, Б.Момышұлы атындағы №62 орта мектептің, №45 жалпы орта мектептің жоғарғы класс оқушылары қатысып, арнауларын оқыды.

1

2

3

4

5

6

7

8

9