Арман.Жігер.Жетістік
2024 жылғы 16 мамыр күні «АРМАН. ЖІГЕР. ЖЕТІСТІК» жобасы аясында «Талантымен танылғандар» тақырыбында кездесу кешін өткізді.
- Details
- 15
Шараға Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының актрисасы, «Құрмет» орденінің иегері, Мәдениет саласының үздігі, театр анасы Шалқия Ауғанбайқызы Бақытжанова, «Алақай» қуыршақ театрының актері Әбжет Еламан Манарбекұлы және «Айсын» балалар радиожурналистика мектебінің оқушысы Еркеназ Асхатқызы Калиева қатысты.
Сұхбат барысында қонақтар өздерінің өнерге қалай келгендігін және сахна сыртындағы қызықтар туралы оқырмандармен бөлісе отырып, театр өнерінің қоғамдық-мәдени маңызын түсіндірді.
Мәдениеттің алғашқы мектебі – қуыршақ театрының актері Еламан Манарбекұлы кішкентай көрерменнің көз алдында әлемді сиқырға айналдырып жіберетін қуыр¬шақ жүргізу өнері¬нің қыр-сы¬¬рымен бөлісті.
Еркеназ Калиева балаларға арналған «Айсын» радиосының жұмысы, көркемсөз оқу өнерінде жеткен жетістіктері туралы баяндап, оқушыларды кітап оқуға шақырды.
Өнер саласына қызығушылық танытқан оқушылар өз көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алып, пікірлерімен бөлісті.
Оқырмандар назарына «Өнер ізгілікке үндейді» кітап көрмесі ұсынылды.
2024 жылғы 10 сәуір күні «АРМАН. ЖІГЕР. ЖЕТІСТІК» жобасы аясында «Қолөнер – сырлы өнер» атты қолөнершілермен сыр-сұхбат өткізілді.
- Details
- 19
Шара қонақтары №57 орта мектебінің еңбек және технология пәні мұғалімі Асанғали Базарғалиұлы Жанпейісов пен Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Сандыбай Санат Өтепбергенұлы адам өмірінде өзіне ыңғайлы, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, еліне, халқына пайдасы берекелі болатындығы туралы және адамдарға рухани ләззат әкелетін өнердің бұрынғы келбетін бүгінгі күнге табиғи етіп жаңартып, келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыруды, ұлттық өнер мұраларын сақтап, сұрыптап, ұлттық мәдениетімізді қолданбалы сәндік қолөнермен өркендетудің маңыздылығы туралы терең әңгіме қозғады.
Оқырмандарда өз ойларымен бөлісіп, адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алатынына көз жеткізді.
