2023 жылғы 30 наурыз күні ҚР-сы  Жазушылар және журналистер Одағының мүшесі, өнер зерттеушісі, білім және  мәдениет саласының ардагері,  ҚР Педагогикалық Ғылымдар Академиясының акедемигі Нұрлыбек Қалауовтың 70 жасқа толуына арналған  «Сөз – Құдірет, Жыр –

 

Шара қонақтары филология ғылымдарының докторы Жұбаназар Асанов пен ақынның досы. әнші, сырнайшы, ұлағатты ұстаз Мұқан Сатыбаев ақынның өзіндік дүниетанымы, даралығы туралы әңгімеледі.

 «Желкен» әдеби клубының мүшелері Н.Қалауовтың өлендерін  жатқа оқыды.

«Жүрегі шуақ, жаны жыр»  кітап көрмесіне    библиографиялық  шолу жүргізіліп, ақынның өмірі және  шығармашылығы терең таныстырылды.

Шараға №6, № 75 жалпы білім беретін мектептері, М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты, Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің оқушылары белсене қатысты.