2023 жылдың 3 наурызында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кңтапханасы № 42  орта мектебінде  «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Төлен Әбдіктің парасат әлемі» әдеби-кейс ұйымдастырды.

2023 жылдың 3 наурызында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кңтапханасы № 42  орта мектебінде  «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Төлен Әбдіктің парасат әлемі» әдеби-кейс ұйымдастырды. Жазушы  Төлен Әбдіктің өрнегі мол шығармаларын оқуға насихаттау, өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұту, балалардың кітап оқуға құлшынысын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шарада жазушының «Қонақтар» әңгімесі талқыланды.

Шығарма арқылы балалар ата-ананы сыйлау, құрметтеу, ана тілінде сөйлеу, туған жері үшін қызмет ету парыз екендігін ұқты. Одан бөлек жазушының «Оң қол», «Ақиқат», «Қайырсыз жұма» шығармалары таныстырылды. Шара соңында «Парасат майданының қаламгері» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.